Байқатпайтын және қорғанатын реңдер
Атабаева Гулхан Нуралықызы Бастауыш сынып мұғалімі
Т. Аубакиров жом
ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Байқатпайтын және қорғанатын реңдер
Сабақ мақсаты:
1. Ойын арқылы жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыру.
2. Сын тұрғысынан ойлауға, өздігінен жұмыс жасай алуға баулу.
3. Ұлттық рухы жоғары, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы, ана тілі+еңбек+дүниетану.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық,миды шынықтыру,сызба-кесте, слайдтар, сызбалар,өзіңді тексер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Психологиялық дайындық.
«Миды шынықтыру».
Әрқашан көтеріңкі көңіл күй болсын !
Музыка әуенімен анимациялық табиғат көрінісін тамашалау.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1)«Сылдырмақ ойыны» арқылы тексеру.
(Сұрақтарға жауап алу.Дұрыс жауап алғанда сылдырмақ сылдырлайды)
-Ал енді сендер үй тапсырмасын оқып келдіңдер,енді соны тексерейік.
-Жырқыштарға қандай жануарлар жататынын ата? (Ат,жолбарыс,жапалақ,бүркіт,қасқыр,қоян)
— Сүт қоректілерді ата?
(Аю,құрбақа,мысық,ит,торғай,сиыр)
Буындардан сөз құрау. (жауабы:Бунақденелілер)
— Дұрыс балалар, сабақта бунақденелілер жайында, яғни «Байқатпайтын және қорғанатын реңдер» бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы болады.
-Ал мақсатымыз не? Кім айтады?( оқушыларға сабақ мақсатын қойғызып, толықтыру)
ІV.Жаңа сабақ
Жұмбақтар шешкізу.
— Бүгінгі біздің жаңа сабағымызда осы жұмбақ жауаптарындағы бунақденелілер туралы білім аламыз.
Мағынаны тану.
А) Мәтін мазмұнымен таныстыру.
V Сергіту сәті:
(түрлі анимациялы қимылдағы жануарлар суреті)
Топтық жұмыс.
Ребус шешу
VІІ Қорыту жаттығулары:
Сәйкестендіру
Қосмекенділер сиыр
Бунақденелілер жылан
Жорғалаушылар ара
Сүтқоректілер бақа
«Шарлар» ойыны.
-Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата?
(торғай,көбелек,аю,шыбын,тиын,бұғы,құрбақа,мысық,тауық)
-Қызыл кітапқа енген жануарларды ата?
(Қарақұйрық,жылан,қасқыр,елік,сиыр,құлан,аю,сарышұнақ,дуадақ)
-Бұнақденелілерді атаңыз?
(Шымшық,ара,бұлбұл,құрбақа,құмырсқа,қоян,тиын,тасбақа,тоқылдақ)
VІІІ Үйге тапсырма:92-94 бет оқып, түсінік айту. Бунақденелілердің суретін салу.
ІХ Бағалау: