Есептер шығару
Атабаева Гүлхан Нұралықызы Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұгалімі
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың алған білімдерін және есептеу дағдыларын дамыту
2. Есепті дұрыс шығаруға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұжымда бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтүрі: ойын сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, топта. Көрнекілігі: оқулық, карточкалар. Сабақтыңбарысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық Қайырлы күн досым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәтіндей Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын. – Балалар , қазір бізде қандай сабақ болады? — Математика сабағының ұраны қандай еді? Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену. Сынып оқушыларын 3топқа бөлу. II. Үй тапсырмасын сұрау. «Бәйге» ойынын ойнату.
10 | 30 | 50 |
20 | 40 | 60 |
- Сол жақтағы 10 – 1 дм неше см бар? (10см)
- Ортадағы 30 – Қосудың компоненттерін ата (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
- Оң жақтағы 50-Азайтудың компоненттерін ата (азайғыш, азайтқыш, айырманыңмәні)
- Сол жақтағы 20-Санды өрнектер дегеніміз не?
- Ортадағы 40- Әріпті өрнек дегеніміз не?
- Оң жақтағы 60 –1сағатта неше минут бар? Сергіту сәті: (балақан) Бала, бала ,балақан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. III. Тақтамен жұмыс. «Кім шапшаң» ойыны. Теңдеулерді шеш. I топ II топ III топ 3 + а = 10 а — 3 = 7 10 — а = 3 Математикалық диктант алынады.2. «Балық аулау» ойыны. Балық аулау 79 бен 81- дің арасындағы сандарды өсу ретімен жазу. Оларды салыстыру. 3. Қалқанқұлақ мысалдар шығарды. Тексер. (3+2)+60=63 80-(30+40)=90(5+4)+30=35 70+(60-40)=90 60+(70-50)=70 90-(50+20)=20 4. Мәселе есептер шығару (оқулықпен жұмыс). I топ. Бір тобында 90 жылқы бар,ал екінші тобында одан 7 жылқы артық . Екінші тобында қанша жылқы бар? II топ. Екінші тобында 97 жылқы бар, ал бірінші тобында одан 7 жылқы кем. Бірінші тобында қанша жылқы бар? III топ. Біртобында 90жылқы бар, ал екінші тобында 97жылқы бар. Екінші тобында бірінщі тобынға қарағанда қанша жылқы артық? 5. Ұзындығы 13 см кесінді сыз. Енді осыдан 2см, 3см, 10 см қысқа кесінділер сыз. 6. Оқулықтағы № 6 есепті орындарында орындайды.
+ = 10 10- =
IV.Суретте бесбұрыш бар ма?
Кел, ойнайық! Сөзқұрастыр. 36-4 л 28-20п 34-4и 95-10а
18+1т 65+20а 61-40р
8 | 85 | 32 | 30 | 19 | 21 | 85 |
- Қортындылау.VI .Бағалау: жұлдызшаларды санай отырып ,әр топтың , әр оқушының білімдерін бағалау. VII. Үйге тапсырма: №7есеп