Тілашар
Тақырыбы: Тілашар
Мақсаты:
- Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.
- Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер
Сабақтың барысы:
Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!
Міне, бүгін сізер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1 сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырмыз. Ендіше, бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азматттарын ортаға шақырайық.
(Әжелер шашу шашады )
Шашу шашты әжелер
Сыңғырлаған теңгелер
Тойымыздың шашу ы
Сәт сәпарға тең келер
Мұхаммед
1.Құтты болсын қадамын
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл
Әсия
2.Алтыға толдым биыл мен
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам асыға.
Нұртас
3.Оқуды көп оқимыз
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып би билеп,
Өнерден де қалмаймыз.
Лаура
4.Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы боламыз
Қ Алтынбек
5.Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым…
Мен мектепке барамын.
Мұғалім: Балалар біздер мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане айтып жіберейік.
К. Айдана
6.Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Рамазан
- Мектеп, мектеп төңіректеп
Жүруші едім мен кеше
Сұраушы едім, жылаушы едім
Әпкем кітап бермесе.
Шынар
8.Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.
Мадияр
9.Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.
Ерасыл
10.Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебімен жеткенім.
Ән: «Қоңырау» (хор)
Нұрайда
- Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын сәнімін.
К Алтынбек
12.Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп
Білім нұрын шашады.
Айдана
13.Әліппені ұстап мен,
Мақтанбаймын мен текке.
Дайын дәптер қаламым,
Жақсы оқушы боламын
Еркебұлан
14.Асыл сөзін тілімнің
Бойға құйған әліппе
Нақ басуы білімнің
Қырық екі әріпте
Мұғалім: Біздің еліміз қалай аталады?
Оқушылар:Біздің ел- Қазақстан Республикасы
Мұғалім: Балалар, Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.
Ән: «Менің Отан» (хор)
Гаухар
15.Ән ұраным – жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі — бақи шырқалады
Республикам — Әнұраны.
Шайзадин
16.Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Арайлым
17.Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба
Өз тілінде кеткен сөйлеп атаңда.
Қадірлей біл, тілі менен дініңді
Саған берер менің осы батам да.
А Алтынбек
18.Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Көк аспанда – қызыл күн
Көк аспанда – жас қыран.
Ақбота
19.Ойы биік, арманы алыс
Жаны жомарт, ай қабағым.
Көкірегі толған намыс
Қазағымнан айналайын.
Көрініс:»Шалқан ертегісі»
Жансерік
- Ана тілің, арың бұл
Ұятың болып тұр бетке
Өзе тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Д.Ерасыл
21.Тілім менің
Тілім үшін мың өліп, тірілді елің.
Көрініс: «Әке, шеше және мен»
Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонсон анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс көрем» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласын ұрып жібереді, бала жылап кетеді.
(Ата-аналарға біз бұл көрінісарқылы ой тастағымыз келді. Балаға көңіл бөлулеріңізді сұрайды).
Мұғалім: Кенджекенова Айдананың орындауында. Абай Құнанбайевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін қабыл алыңыздар
Мұхаммед
Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
Би «Ұлдар биі»
Мұғалім :
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Болдыңдар енді оқушы.
Міне оның дәлелі.
Тағайын бүгін сендерге
Оқушы деген белгіні.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын қарағым,
Оқушы деген жаңа атың.
Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын.