Тарих тарланы – Манаш Қозыбаев. Шылау сөздерді қайталау

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Макишова Алмагүл Сарқытовна

Сабақтың тақырыбыТарих тарланы – Манаш Қозыбаев. Шылау сөздерді қайталау.
Сабақтың мақсатыҰлт тарихының сарқылмас қазынасы – М.Қ.Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы туралы  мағлұмат беру. Шылау сөздерді орынды қолдана білу мақсатында қайталату.
Міндеттері— Манаш Қозыбаев –  ғылымның бүгінгі және ертеңгі күнін ойлаған дара     тұлға екенін түсіндіру;      

— Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу  әрекеті дағдыларын шыңдау;

 -Дүниетанымдық көзқарастарын  дамыту;

 -Отанымыздың тарихын біліп, патриоттық сезімдерін күшейту.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерсұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, аудару, әңгімелеу, интерактивті әдіс.
Негізгі әдісІзденіс
Сабақтың көрнекілігі Кеспе, видео материал, мәтін, түрлі қызықты суреттер, ұлы тұлға фотосуреттері.
Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі мәдениет, тарих
Сабақтың түріЖаңа сабақ
Сабақтың барысы -ұйымдастыру кезең;-Өткен сабақты қайталау
І дидактикалық кезең «Қайталау – оқу анасы»  Міндеті: өткен тақырып бойынша  қайталау жұмысын жүргізу.

ü «Мен дарынды музыкант туралы не білемін?»

ü «Шылау сөздерді қаншалықты ұғындым?»

Атқарылатын жұмыс түрі: интерактивті тақтада жасырын тұрған сұрақтарды ашып, нақты жауап беру.

                      Қайталауға арналған сұрақтар:

1.Сөйлемді аяқтаңыз.

Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасын зерттеуші      …..

(көрнекті ғалым, әйгілі сазгер, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, өнер тану ғылымының докторы, профессор, академик)

2.Ахмет Жұбановтың туған жері –

(Ақтөбе облысының Темір ауданы)

3.Сазгердің шығармаларын білесіз бе?

(«Тәжік биі», «Қазақ билері», «Ария», «Құрманғазы»)

4.Ахмет Жұбановтың қандай марапаттары бар? (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді; Ленин орденімен марапатталды)

5.Шылаулар қандай сөздерге жатады? (көмекші сөздерге)

6 .Шылау сөздердің лексикалық мағынасы бар ма?

7.Шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алады ма?

8. Шылау сөздердің түрлері:

1 (Демеулік)

2 (Жалғаулық)

3 (Септеулік)

9.Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылау түрі? (жалғаулықты)

10. Берілген септеуліктер қай септіктерден кейін жазылады?

Үшін, арқылы, туралы, жайында, сияқты, тәрізді (о, об)     (А.с.)

Дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық (до, к)                  (Б.с.)

Кейін, басқа, соң, бері, гөрі (после, кроме)      (Ш.с.)  

Қатар, бірге, қабат (вместе, с)                      (К.с.)    

11.Жалғаулықты шылаулар неше түрге бөлінеді?  (6)

12.Жалғаулықты шылаулардың түрлерін ата.

13. Қарсылықты жалғаулықтарды ажырат:  мен,   және ма, ме, бірақ, және, алайда, дегенмен, әрі,  да, сонда да, әйтпесе, біресе, өйткені, әлде, егер.

14. Демеулік шылаулардың мағыналық түрлері қандай?

ІІ дидактикалық кезең«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»

 

«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын» Міндеті: Манаш Қозыбаевтің Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер екенін түсіндіру.

Атқарылатын жұмыс түрі: Манаш  Қозыбаев атындағы мұражайда түсірілген видео түсірілімді назарларына ұсыну. (Мұражай қызметкері Манаш Қозыбаев туралы ақпарат береді, еңбектерімен таныстырады.)

   Мұғалім сөзі:

—         оқушылар, сабақты бастамас бұрын назарларыңызға видеожазбаны ұсынамын. Мұқият тыңдаңыздар.

  Мұғалім сөзі: 

—         балалар, бұл видеожазбаны неліктен тамашаладық?      

  Оқушылардың мүмкіндік жауабы:  өйткені, сабақтың тақырыбы.

Мұғалім сөзі:   иә, өткен сабақта дарынды музыкант, сазгер  Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білдік. Сондай-ақ, бүгін де ұлы, дарынды тұлғалармен танысуды жалғастырамыз.  Сонымен, сабағымыздың тақырыбы: Тарих тарланы – Манаш  Қозыбаев.

Мұғалім сөзі:  енді, сіздер, видеожазбадан кейін Манаш Қозыбаев кім деген сұраққа жауап бере аласыздар деп ойлаймын.

(Манаш Қабашұлы Қозыбаев ? Класстер толтыру )

Мұғалім сөзі:   тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныс болыңыздар.

ü Слайд.  Жаңа сөздер:

Көшбасшы-  лидер

еңбегі сіңген – заслуженный

Бейбітшілік – мир

Ұжымдық- коллективный

рухани келісім – духовное согласия

соның ішінде – из них

көпшілік  – множество

мәңгілік — вечно

оқу құралдары – учебное пособие

ұлттық  —  национальное

татулық – содружество

нығайту – укреплять

бағытталған – направленно

қайраткер – деятель

ü Жаңа сөздерді оқып беру;

ü Жаңа сөздерді кезекпен қайталату;

ü Сөз тіркестерін құрату;

ü Бірнеше сөйлем құрату.

Манаш Қозыбаев

Манаш Қабашұлы Қозыбаев — тарих тарланы, үлкен бір ғылым саласының көшбасшысы, көсем сөздің шебері,  зор парасат иесі.

М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда дүниеге келген.

1947 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.

М.Қозыбаев – тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Президентінің «Бейбітшілік  және рухани келісім» сыйлығының лауреаты.

М.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми көпшілік еңбектерінің, соның ішінде 30 монографияның, 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Академик Манаш Қозыбаев 2002 жылы қайтыс болды. Ұлы ғалымның есімін мәңгілік сақтауға байланысты 2003 жылдың   30 мамырынан бастап ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

 

Мәтін бойынша жұмыс түрлері:

ü Мәтінді мәнерлеп оқып беру;

ü Мәтінді өздеріне оқыту;

ü Мәтін бойынша не түсінгендері туралы сұрау;

ü «Кім мықты?» ойынын жүргізу.  (Тақтаға екі оқушы шығып, жан-жақтан қойылып жатқан сұрақтарға тез жауап береді. )

ІІІ дидактикалық кезеңСабақты бекіту:  «Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»Міндеті: берілген тапсырмалары арқылы сабақ барысында жинақтаған білімдерін бірізділеу.

Атқарылатын жұмыс түрі :деңгейлік тапсырмаларды орындау.

А.1

·        Мәтінде кездесетін шылау сөздерді тауып, түрлерін анықтаңыз.

·        Сәйкестікті табыңыз. Дұрыс сөз тіркестерін құрастыру.

Ұлы                                      құралы

Дарынды                             еңбектері

Оқу                            тарихшы

Көпшілік                              ғалым

Көсем                                    қайраткер

рухани                                   сөз

Ғылыми                              келісім

Еңбегі сіңген                      жұмыс

 

А.2

·        Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыз.  Еңбегінің, академигі, ұжымдық, училищесін.

·        Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңыз.

1. М.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми  ……..  ғылыми көпшілік еңбектерінің, соның ішінде 30 монографияның,  50-ден  …….  ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

2. Ұлы ғалымның есімін мәңгілік сақтауға байланысты 30 мамыр 2003 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысы ……….. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

 

В.1

·        Ойды жалғастыр. Манаш Қозыбаев  — тарих тарланы, өйткені   .…………………..

Синтаксистік талдау жасау.

Манаш Қозыбаев ғылым саласының биік шыңына шықса да, ешқашан еңбек етуден жалықпаған.

1.Сөйлем айтылу мақсатына қарай: хабарлы сөйлем

2.Сөйлем құрылысына қарай: сабақтас құрмалас сөйлем, оның ішінде қарсылықты түрі

3. Сөйлем мүшелеріне талдау

4. Дара, күрделі мүшелерді табу:

а/ дара мүшелер: ешқашан, шықса да, жалықпаған

ә/ күрделі мүшелер: Манаш Қозыбаев, ғылым саласының,биік шыңына.

5. Сөз тіркестерін іріктеу: ғылым саласының, биік шыңына, ешқашан жалықпаған,  М.Қозыбаев жалықпаған,  еңбек етуден жалықпаған.

6. Сөз табы бойынша анықтау:

зат есім: Манаш Қозыбаев, ғылым саласы, шыңына

сын есім: биік

есімдік: ешқашан

етістік: шықса да, жалықпаған, еңбек ету

 

В.2

·        Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.

Мәтін сөйлемдеріДұрысБұрыс
12002 жылы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне академик Мана Қозыбаев есімі берілді.
2Манаш Қозыбаев ҚР Президентінің «Бейбітшілік және Рухани келісім» сыйлығының лауреаты емес.
3  1947 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.
4Манаш Қозыбаев 800-ге жуық ғылыми және ғылыми — көпшілік еңбектер жазды.
5М.Қозыбаев тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

 

·        Берілген шылауларды үш бағанға бөліп жазыңыз.  (флипчарт)

CептеуліктерЖалғаулықтарДемеуліктер
үшін, арқылы, ғана(қана), туралы, түгіл, тұрсын, және, дейін, шейін, ма, себебі, өйткені,ме, әрі, да, бірақ, ақ, -ау ақ, -ау әйтпесе, қатар, біресе.

 

С.1    Диалог құрастыру.«Ғалым болу — арманым»

С.2     Эссе жазу. «Ұлы тұлға өмірі мен шығармашылығынан алған әсерім »

 

ІV дидактикалық кезең«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»Міндеті:Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту

Атқарылатын жұмыс түрі:  үй тапсырмасын беру.

1.Жалпысыныптық жұмыс түрі: Манаш еңбектері туралы қосымша мәлімет жинау.

2.Топпен жұмыс: «Дарынды ғалым шығармашылығы» шағын сурет көрмесін жасау.

3.Жұппен жұмыс: «Академик  Манаш Қозыбаев туралы не білдің?» тақырыбы бойынша диалог құрастыру.

4. Жекелей жұмыс: Мәтін бойынша  5 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Жекелей: «Ғалым болу қиын ба?» тақырыбы бойынша монолог құрастыру.

V дидактикалық кезең«Бағалау – мақсатқа жету жолы»Міндеті: сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Атқарылатын жұмыс түрі: алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы

«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ

№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары:

«Тарих тарланы – Манаш Қозыбаев жалғаулықтарды қайталау.»

 

 

 

 

 

 

 

Мәкішова Алмагүл Сарқытқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл, 2012 ж