Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Меңдіғазиева Гүлмира Мақсұтқызы
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау.
Әр сабақты қызықты өткізу,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,зеректігін қалыптастыру әр мұғалімнің мақсаты.Оқушылардың ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту мақсатында «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тақырыбын қайталау сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты:
- Арифметикалық,геометриялық прогрессияның анықтамасын,n-ші мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп есептер шығаруда қолдана білу;
- Оқушылардың белсенділігін арттыру,жауапкершілікке,өз бетінше оқуға,ізденуге,еңбектенуге тәрбиелеу;
- Логикалық ойлау қабілетін,танымын пәнге қызығушылығын дамыту,есептеу дағдыларын жетілдіру белсенділіктерін арттыру.
Көрнекілік: Интерактивтік тақта,формулалар,тест,кеспелер.
Сабақтың түрі:Қорытындылау,қайталау сабағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындығын,қатысуын тексеру.
2.Оқушыларды екі топқа бөлу.
- Ой толғау (сұрақтарға жауап беру).
II.Кім жылдам? Есептер шығар.
- Хn=6n-2 тізбегінің бес мүшесін жаз.
- 7;11;15;…арифметикалық прогрессияның айырмасын тап.
- b4=16, b6=64 геометриялық прогрессияның еселігін тап.
- b1=1,q=3 геометриялық прогрессияның b6-неге тең.
- а1=3,d=10 арифметикалық прогрессияның а13-неге тең?
- a1=-33,d=2 арифметикалық прогрессияның s10-неге тең?
- bn=5*2n геометриялық прогрессияның s3 және q тап.
- 1,1/4,1/16,…; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын тап.
- b2=15, b3=75 болатын геометриялық прогрессияның b5-мүшесін тап.
- а1=30,a3=36,a5=42 болатын арифметикалық прогрессияның а7,а10 мүшесін тап.
III.Формуланы кім жылдам жазады?(екі топтан шығып жазады)
Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия
- аn=a1+d(n-1) bn=b1*qn-1
- an+1=an+d bn+1=bn*q
- d=an+1-an…. q=bn+1/bn……
IV.Біліміңді тексер(Кестені толтыру,екі топқа)
a1 | d | n | an | sn |
110 | -10 | 11 | ||
26 | ||||
3 | 12 | 12 | ||
2 | 15 | -10 |
b1 | q | n | bn | sn |
1 | 3 | 10 | ||
0.5 | 8 | 2 | ||
2 | 7 | 1458 | ||
0.5 | 1/128 | 127/128 |
V.Прогрессия тақырыбына сөзжұмбақ шешу.
- Сабақты қорытындылап,әр топтың нәтижесін шығарып,баға қою.
VII.Үйге тапсырма.№317,320