Тұрақты сөз тіркесі «Киіз үй »
Тақырып: Тұрақты сөз тіркесі «Киіз үй »
Мақсаты:
- Студенттердің лексика бөлімі бойынша білімдерін арттыра отырып,
тұрақты сөз тіркесі жайлы мағұлмат беру.
2.Студенттердің ауыз екі сөйлеуін және өз ойларын еркін ортаға сала білуін, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Қазақтың салт – дәстүрін насихаттай отырып, өз Отанын елін жерін сүюге, адамгершілікке бір –бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Проблемалық сабақ
Әдіс –тәсілі.
Көрнекілік: слайд, қима қағаз.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен амандасу, сабаққа қатысын тексеру,зейіндерін сабаққа бұру.
Топты ІІІ топқа бөлу.
ІІ.Өткенге шолу. Бейне сұрақ.
1)Қазақ тілінің негізгі үш саласын атаныз.
Жауап.
Фонетика, лексика, грамматика ( морфология, синтаксис).
2.Фонетика саласы нені зерттейді?
Жауап.
Тіл дыбыстарын зерттейді.
3.Лексика саласы нені зерттейді?
Жауап.
Сөз мағынасын зерттейді:
- Тура мағына
- Ауыспалы мағына
- Көп мағыналы
- Синоним
- Антоним
- Омоним
жалпы қолданыстағы сөздер;
- Кәсіби сөз
- Термин сөз
- Көнерген сөз
- Диолект сөз
- Тұрақты сөз тіркесі
- Табу сөз
- Кірме сөз
- Неологизм
- Нақыл сөз
- Мақал
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық.
Берілген тапсырманы орындай отырып, әр топ өз тобының атауын қояды.
І. топ
Көнек сөзі
ІІ топ.
Биыл Оңтүстікте бәдірен бітік шықты.
Сұрақ Белгілі бір аймақта ауызекі тілде ғана қолданылатын сөзді табыңыз. Ол қандай сөз.
ІІІ топ.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Осы сөйлемде қандай тіркесті кездесіп тұр. (Тұрақты тіркес)
Сөздік жұмыс инемен құдық қазғандай- қиын, ауыр
IV.Жаңа сабақ. Тұрақты сөз тіркесі «Киіз үй »
- Ендеше тұрақты сөз тіркесі дегеніміз- сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
- Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.
- Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Мысал: Айгүл түнімен ұйықтамай, таң алдында ғана көз шырынын алды.
V.Өзіндік жұмыс. ( топпен жұмыс )
І тапсырма.
Берілген тұрақты сөз тіркетің мағынасын ашып, сөйлем құраңыз.
І топ Кәсіби сөз тобы
Ажары кірді— көріктенді.
Ақ ауыз қылды- алдап кетті
Екі аяғын бір етікке тығу- қысымға алу
Еңбегін сауды — адал күн кешті
ІІ топ. Диалек сөз тобы.
Жағасын ұстау- таңдану
Жүзіктің көзінен өткендей— сұлу
Жібі түзу- дұрыс адам
Кежегесі кейін тарту- жалқаулану
ІІІ топ. «Тұрақты тіркес» топ
Қылышынан қан таму- қатыгез
Қытығына тию – ашулану
Көк өрім- бала кез
Шаң жуытпау – қорғаштау
ІІ тапсырма Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашыңдар
І топ. Кәсіби сөз тобы
Асанның ағасы мектеп бітірісімен ауылға жұмысқа орналасты.Көрші –көлемдер Асанның анасы Жамилаға:
- Құтты болсын, балаңның ат жалын тартып мінуге жеткені! Қуанышың ұзағынан болғай !- деп қуанысып жатты.
Сөздік жұмыс. Ат жалын тартып мінді- ер баланың кәмілетке толып, азамат болды, ер жетті дегенді білдіреді.
|
ІІ топ. Диалект сөз тобы.
Марат бүгін математикадан үйге берілген есепті шығара алмады.Ағасынан көмек сұрап еді, ол: «Ойлансаң қиын емес»,-деді.Ал Мараттың ойланып басын ауыртқысы келмеді.Қыңырлығы ұстап, қарындасының ойыншығын тартып алым, жылатып қойды. Анасына: «Велосипед қашан әпересің?»-деп қиқылық салды. Ақыры әкесі шыдамай, Маратқа:\
-Бүйректен сирақ шығармай отыр !-деп ұрысты.
Сөздік жұмыс. Бүйректен сирақ шығару –бұл сөз шатақ шығарғыш,жоқ жерден әркімге тису,елдің мазасын алып орынсыз сөйлеу. |
ІІІ топ.
Балалар мысықты таспен ұрып, қуалап жүрді. Біреуі мысықты ұстап алды.Екіншісіоның мойнына жіп байлап, сүйремекші болды.Бәрін көріп тұрған Әмина әже балаларға ұрсып, мысықты босаттырды. Сосын бәріне:
-Іштеріңде жібі түзубір бала болсашы!-деп кейіді.
Сөздік жұмыс. «Жібі түзу» деп дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады. |
IV тапсырма
Ертеден келе жатқан қазақ халқының қасиетті киелі, қыста жылы, жазда салқын көшіп қонуға ыңғайлы үйін атаңыз.
Жауап: «Киіз үй»
Инсерт стратегиясы
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
|
кереге
Киіз үйдің сүйектері |
уық шаңырақ
сықырлауық
туырылық
Киіз үйдің киіздері
|
түңілік үзік
VI.Сабақты бекіту:
Инсерт стратегиясы
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Тұрақты сөз тіркесін үйрендік. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болмайды. Тұрақты сөз тіркесі құрамындағы сөздер бір сұраққа жауап береді. Киіз үйдің құрамымен таныстық.
|
VII.Сабақты қорытындылау
VIIІ.Бағалау
Жетондарды санау арқылы топтарды бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма.
Әр студент 5 тұрақты сөз тіркесін жазу және мағынасын ашып келу.
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Комарова Айжан Комаркызы