Ұлы Жеңіске 70 жыл! ашық тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы. Мектептің атауы: Ақшұқыр мектеп-лицейі. Аты жөні: Шәмбіл Ақерке Саясиқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске 70 жыл!»
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Жеңіс мерекесіне арналып жазылған ерлік туралы нақыл сөздер, суреттер, шарлар, кітаптар, шығармалар, буклет, альбомдар.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсінеді. Ұлттық патриоттық сезімі қалыптасады.Ұлы Отан соғысында туған туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет алады. Елін, жерін, Отанын қорғауға оны сүюге тәрбиеленеді.
Жүрісі:
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
- Ерлікке тағзым
- Ер есімі – ел есінде
- Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды.
- Желбіре, Жеңіс жалауы!
ІІ.Негізгі бөлім
Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұлы Жеңіске 70жыл!» аталатын ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
- Ерлікке тағзым.
1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Осы соғысқа Қазақ жерінен 1 млн.70мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Ал көпшілігі хабарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ендеше сол соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан батырларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, отан үшін жанын қиған боздақтардың ерлігіне тағзым етейік. Оқушылар гүл шоқтарын қояды.
1минут үнсіздік.
- Ер есімі — ел есінде.
Оқушыларға интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар өздері тамашалай отырып, өз ойларын ортаға салады. Топтық тапсырмалар орындайды.
1-топ «Соғыс» Оқушылар «Соғыс» сөзді естігенде көз алдарыңызға не нәрселер келеді? Топтастыру жасаймыз. Постерге түсіреміз.
2-топ «Бейбітшілік» Оқушылар «Бейбітшілік» сөзді естігенде көз алдарыңызға не нәрселер келеді? Топтастыру жасаймыз. Постерге түсіреміз.
3-топ Кестені толтыр. Қағаз бетіне Бауыржан, мәншүк, Әлия, Рақымжан, Хиуаз т.б батыр ата-әжелеріміздің аттары жазылған. Солар туралы мәліметтерді оқушылар ортаға салады, талдайды.
4-топ Мақалды аяқта. Оқушыларға батырлы, ерлік туралы мақал-мәтелдердің басы берілген, аяғын оқушылар тауып жазады, мақалдардың мағынасын ашады.
- «Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды»
Оқушылар алдын-ала сынып болып облыстық мұражайға сапар шегіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан боздақтарға арналған «Мәңгілік алау» монументіне барып өз көздерімен көріп, сыныпқа келіп шығарма жазып, сурет салған болатын. Сол оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорытындылап жүлделер тағайындалды. Оқушылардың сәби жүрегінен жарып шыққан өлең жолдары, көркем сөздері марапатталады. Оқушыларды марапаттау.
- «Желбіре жеңіс жалауы»
Жыр шашу. Мерекеге арнап оқушылар өз өнерлерін көрсетеді. Ән айтады, би билейді, өлең оқиды.
Ән. «Ақ көгершін» Орындайтындар: Айтқұлқызы Балғын, Бақытжанқызы Шархат
Би. «Катюша» Орындайтындар: Қыздар тобы
Көркем сөз. «Мен бақытты ұланмын» Оқитын: Өтеген Рахим
Көркем сөз. «Менсоғысты жек көрем» Оқитын: Өтеш Ақсындар
Кері байланыс. Оқушылар өз тілектерін күн шұғыласына орналастырады.
Қорыту.
Хор. «Бейбіт күн тілегі»