А. Құнанбаевтың қара сөздері және философиялық түйіні
Сабақ жоспары :
Пәні: қазақ әдебиеті | Сыныбы: 9 « а» | Мерзімі: 13 ақпан |
Тақырыбы: А. Құнанбаевтың қара сөздері және философиялық түйіні. |
Мақсаты: | Ұлы ақынның философиялық ойларын,қара сөздерінің мағынасын түсіну.. |
Міндеттері. | Ақынның қара сөздерінің түйінін ашып көрсету, ұжымдаса жұмыс жасап бір-бірінің пікірін тыңдау,ұтымды ой айту |
Күтілетін нәтиже: | Ақынның шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орнының ерекшелігін көрсетеді, көркемдік әлемін таныту, шығармаларын талдап, көркемдік ерекшеліктерін танып оқиды, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін өз бойына үлгі етеді, өз ойын еркін жеткізеді.. |
Кезең | Уақыты | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс әрекеті | Бағалау | Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер |
Кіріспе
| 4 мин | Психалогия лық ахуалын қалыптастыру, топқа бөлу. Оқушылар өздерінің бойындағы қасиеттерін айтыры отырып,, топқа бөлу. | «Сатамын, сатып аламын» атты шеңбер ұйымдастырады. Әр оқушы өзінің жаман қасиеттерін айтып, келесі оқушының бойынан жақсы қасиетті алады. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1-топ Ақыл 2-топ Жүрек 3-топ Қайрат 4-топ Ғылым | Топ аттары жазылған парақшалар
| |
Ой шақыру | 3 мин | Абайдың қара сөздерінен мысал келтіре отырып, ақпараттар жинап, сабақтың тақырыбын ашамын. | Оқушылар интербелсен- тақтадағы сөздерге тіркес, сөйлем құрайды.Болжам айтады. | Формативті бағалау | Слайд |
Таныстырылым | 3 мин
| Қара сөздердің шығу тарихын түсіну. Суретпен жұмыс. Өздерінің өмірлерінен мысал келтіре отырып,Абайдың шығармасымен байланыстырады. |
Әр топ тақырыпқа байланысты өз болжамдарын айтады, дәлелдеме жасайды.
| Оқулық
| |
10
| Оқулықпен жұмыс.
Абайдың қара сөздерін топтарға бөліп беремін.
«Пікіріңді білдірсең» Оқушыларға өзіндік пікір қалыптастыру. | Топтағы оқушылар қара сөздердің мағынасын түсіндіріп айтады.
Абайдың сынға алған мақал-мәтелдеріне өз пікірлерін жазады.
| Формативті бағалау. | дәптер | |
10 мин | Постермен жұмыс Топтарға адам бейнесі салынған қағазға бірнеше қасиеттер жазылған парақшаларды жабыстырту.
| Топтар үлестіріп берілген адам бейнесіне адам бойындағы қасиеттердің қайсысы керек екенін өздері саралап қойып, дәлелдемелер жасайды. |
Формативті бағалау. (қошеметтеу) | Кеспе қағаздар,адам бейнесінде жасалған плакаттар, маркер
| |
Негізгі бөлім | 5 мин
| Абайдың қара сөздерінен үлгі ала отырып, өз ойларын, өз кеңестерін жазу . | Оқушылар өз ойларын дәптерге түсіреді | Формативті(марапаттау) бағалау | |
Қорытынды | 7 мин
| Өзіндік жұмыс. «Ойланайық, пікірлесейік» айдары бойынша сұрақтар қою.
«Ақылдының алты қалпағы» әдісі бойынша бүгінгі сабақты қорытындылау.
| Оқушылар сұрақтарға нақты жауап айтады.
Оқушылар қалпақтарды киіп, бүгінгі сабақта өздерінің алған білімдері бойынша қорытындылайды. | Формативті бағалау. (қошеметтеу) | Түрлі түсті қалпақтар |
3мин
| Бағалау. Өзін-өзі бағалату.
Үй тапсырмасын беру.
Кері байланыс орнату. | Оқушылар өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасын белгілеп алу. Стикерге өз әсерлерін, ойларын жазып жабыстыру.
| Барлық тапсырмаларды қорытындылап, бағалау | стикерлер |