Шыбын мен Көбелек
Ана тілі
С.Оспанов : Шыбын мен Көбелек Сұлухан Нұралықызы Атабаева Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп Игілік ауылы, Мақтарал ауданы, ОҚО.
4-сынып
Мақсаты:
а) білімділік мақсаты: мысал мазмұнын әңгімелеу, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету.Әңгімеге қортынды пікір айтуға және мінездеме беребілуге баулу.
ә) дамытушылық мақсаты: шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой өрісін дамыту, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
б) тәрбиелік мақсат: мысал мазмұнын таныстыра отрып, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жалқаулықтан аулақболуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру әнгімелеу көрнекілік
Сабақтың корнекілігі: тірек сызбалар, суреттер ,сөзжұмбақ
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Дөңгеленіп түрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Киіз ұйді құрамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Бәйге» ойынын ойнату.
10 | 30 | 50 |
20 | 40 | 60 |
- 10 ұпайға— Парта Сапарға неге ренжіді?
- 20 ұпайға-Сапар өз кінәсін мойындады ма?
- 30 ұпайға— Мысал қандай қасиеттерді бейнелейді?
- 40 ұпайға-И.А.Крыловтың мысалдарын ата?
5.50 ұпайға-Диалог дегеніміз не?
6.60 ұпайға— Монолог дегеніміз не?
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
- Сергіту сәті.
- Жаңа сабақ: «Шыбын мен Көбелек»
Шар | ыдыс | барыс | ыдыс | нан
|
кірпі | өрмекші | балық | етік | лақ | екі | кітап | |||
Сейітқұл Оспанов 1955 жылы 30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Ол «Бәйге», «Ащы қауын, тұщы қауын» «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтарының авторы. Ол 2003 жылы дүние салған.
Мысал туралы түсініктер беру.
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды.Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады
.Мысалды ауызша баяндау. Мәтін бойынша сахналық көрініс көрсету. Көріністі 2-3 рет қайталау. Мысалды сынып бойынша іштен оқу.
Дәптермен жұмыс.Күні, тақырыпты жазғызу.
Сөздікті жазу
Көз шырымын алу-ұйықтау
Жұқсыз— сүйкімсіз, жек көрінішті.
Сұғанақ— ұры.
Сапалақ— шыбын қорығыш құрал.
Шылғи өтірік— мүлде өтірік.
Венн диаграммасы
Қандай?
Қандай?
Топ жетекшілеріне оқыту. Мысалдың мазмұнын сұрау.
Қорытынды: Сұрақ-жауап
1.Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды?
2.Шыбын не деп мақтанды?
3.Көбелек оған не деді?
4.Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.Бұл жерде әр оқушы сыни ойлап, өз ойларын ортаға салады.
Мақал-мәтелдер
1.Еңбек-бәрін де жеңбек.
2.Бірлік болмай, тірлік болмас.
3.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Мысалды оқу. Шыбын мен Көбелектің суретін салу.