Cызықтық перспектива. Сызықтық перспектива ережелері
Алматы облысы.Алакөл ауданы.Үшарал қаласы «Талапкер орта мектебі МДШО бар » коммуналдық мекемесі.Бастауыш сынып мұғалімі Жапабаева Рахат Толеубековна Бейнелеу өнері Сызықтық перспектива. Сызықтық перспектива ережелері.
Күні: 24. 10.15.
Пәні: бейнелеу өнері
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы | Cызықтық перспектива.Сызықтық перспектива ережелері. |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып сурет салуға баулу. |
Сілтеме | 3 сынып бейнелеу өнері «Атамұра» |
Негізгі идеялар | Өз бетінше ойлау ,есте сақтау,оқу,сөйлеу қабілеттерін дамыта алады.Өз ойын жинақтап,қағаз бетіне бейнелеуді үйренеді.Тақырып бойынша білімдерін жетілдіре алады. |
Қолданылатын құралдар | Оқулық, ақ парақ,суреттер,қаранаштар,маркерлер. |
Оқыту әдісі | Топтық және жұптық жұмыс,диалогтік оқыту,СТО |
Дерек көзі | Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар |
Кезең | Сабақ бөлімдерінің мақсаты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||
Білу | Бастапқы рефлексиялық кезең
Үй тапсырмасын сұрау | Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу топқа бөлу. Түрткі сұрақтар қою. —Перспектива дегеніміз не? | Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы қарым қатынасқа түседі.
Түсінгендерін айтады. | ||||||
Түсіну | Жаңа сабақты тереңірек түсіндіру
Оқулықпен жұмыс | Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім. Перспектива латынның «perspicere» — «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Сызықтық перспективаның ережелері: 1. Көлемі бірдей заттар әр түрлі қашықтықта орналасса, онда алыста орналасқан затқа қарағанда жақындағы зат үлкен болып көрінеді. Демек жақындағы затты үлкендеу етіп бейнелеу керек.
| Оқу. Түсіну.
Ережелерді Оқиды. Алманың суретін қарап, екі алма бірдей ме?- соны салыстырып, ережені талдайды.
К. Зеленцовтың картинасын қарау. Ойларын дәлелдеу. | ||||||
Қолдану | Сурет дәптермен жұмыс
| Машықтық жұмыс. (практикалық бөлім) — ендеше бүгінгі салатын суретіміз бөлменің іші болмақ, -бөлменің ішінің салыну кезеңдерін көрсету. | Оқушылар бір-біріне көмек көрсету, Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып, сурет салуға машықтанады. | ||||||
Сергіту сәті | «Гуми,гуми » биі | Биден үзінділер қайталайды. | |||||||
Талдау | Суретпен жұмыс,талдау жасау. | Топтарға өз жұмыстарын талдау.
| Әр топ берілген тапсырма аясында өз жұмыстарын қорғайды,талқылайды, әңгімелеседі,диалогтік сөйлеуді қолданады. | ||||||
Жинақтау | Алған білімдерін жинақтау | «Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға перспективалық бейнелеу талап етіледі. | Бейнелеп, ойын толықтырып, бекітеді. | ||||||
Бағалау | Сабақ барысында оқушы пікірін ескеру | Формативтік бағалауды сабақ бойы жүргіземін. Жиынтық баға шығару. | Топтар бір-бірін бағалау.Үш рет шапалақтау. | ||||||
Үйге тапсырма | 1.Оқулықтан 44-49 бет түсініп оқу. 2. перспектива ережесі бойынша өрнектер салып бояп әшекейлеп келу | ||||||||
Рефлексия | Оқушылар бүгінгі сабақтан не алғандарына кесте бойынша қорытынды жасайды. Оқушылар жауап жазып,өз пікірлерін білдіреді.
|