Мен қандай баламын?
Алматы облысы. Алакөл ауданы Үшарал қаласы. «Талапкер орта мектебі МДШО бар» коммуналдық мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі. Ата — анамен оқушыларға арналған тренинг сабақ » мен қандай баламын! ……»
Тренинг- сабақ тақырыбы: Мен қандай баламын?………… .
Мақсаты: 1) Оқушыларға өздерінің қандай бала екенін және аналарын сендерді қаншалықты білетініңді таразыға тартып,ортаға салып оны анықтауына көмек беру.
Міндеттері:
1) Оқушы өзін-өзі тануға ұмтылады.
2) Өзіне-өзі есеп беріп,өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуге талпынады.
Қолданылатын стратегиялар: ой қозғау, тренинг топтамасы.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Тәрбие сағаттың түрі: тренинг — сабақ
Өтілетін барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
І: 2. Қызығушылықты ояту : Психалогиялық ахуал
ІІ..2 Ой қозғау (Оқушыларға )
1.Тренинг
а) –Балалар «Мен қандаймын»?
не « Мен қандай баламын» сұрағы төңірегінде не айтуға болады?
Менің жақсы қасиеттерім:
Менің кемшіліктерім:
«Бейджик»(Ата-аналарға)
Мақсаты: Ата-аналарды бір- бірімен таныстыру .
Алдарындағы парақтарға өздерінің қалауы бойынша маркерлармен «бейджик» бейнелеу. (уақыты 5-7 мин). Бейджик арқылы өзі туралы , баласының атын, бүгінгі сабақтан не күтетінін айтып өту.
ІІІ. 2. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.салыстыру
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың аты — жөні…
2. Балаңыздың ең жақын досы…
3. Сүйікті пәні…
4. Сүйіп тыңдайтын әні…
5. Сүйікті тағамы…
6. Жақсы көретін түсі…
7. Жақсы көретін телебағдарламасы………
- Аяқ киімінің өлшемі…
9. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
10. Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай?
ІҮ. Енді ата-аналар сіздерге мынандай жағдаяттар беремін
Жағдаяттар беру.
1 — жағдаят: Баланың бастан кешкен сезімі
Сіздің іс-әрекетіңіз?
Бір нәрсеге ашулы 10 жасар ұлыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп!» деп күйіп піседі. Бармаймын мектепке.
2 Жағдаят
Анашым , менің бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген өлеңді –жаттаған жоқпын , текке 2-лік алып қалармын.Апайға телефон соғып «Ауырып жатыр »деп айта салыңызшы..
Ү: Сергіту сәті:
ҮІ…«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы аналары баласын тауып алуы керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
ҮІІ: Мен қандаймын?
Шарты: берілген фигуралар арқылы өзін-өзі анықтау. Фигуралар ішінен — тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, шеңбер, ирек сызықтардың ұнайтын біреуін таңдап алу керек. Таңдаған фигураға сәйкес өз бойыңыздағы қасиеттерді анықтауға болады.
ҮІІ….Кімнің қандай екендігін тап.
ҮІІІ. Балалар бүгінгі сабағымызды мына сөздермен аяқтағым келеді.
Өзіңді- өзің таны да,
Тағы да ойлан, тағы да.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? –деп ойла
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын?-деп ойла
ІХ. Мен Қазақстанның болашағымын
Қазақстан менің Отаным Мен осы елдің болашағымын
(Ой толғау, Жаңалықтар айтқызу)
Мен бақыттымын.
Ән айту.