Балалардың өмір сүруіне лайықты әлем құрудағы әлеуметтік орта ықпалы (тренинг)

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

 

Балалардың өмір сүруіне лайықты әлем құрудағы әлеуметтік орта ықпалы

(тренинг)

Өткізген: әлеуметтік педагог

М.А.Мукишева

 

Жезқазған қаласы

Балалардың өмір сүруіне лайықты әлем құрудағы әлеуметтік орта ықпалы

семинар-тренинг

 

Тренингтің негізгі міндеттері:

  • Адамдардың бір-біріне қандай қажет екендіктерін, адамдар жеке өзі өмір сүре алмайтындықтарын, өз құқықтарын пайдалана отырып, өмірге деген ұмтылыстарын анықтайтын заңдық түсініктермен танысу;
  • Топтағы жұмыс ұшін қолайлы жағдай жасау, жұмыстың негізгі қағидаларымен танысу.

 

Мақсаты:

  1. «Адам құқығы» деген не екенін түсіну.
  2. Адам құқығын құрайтын элементтерді игеру.
  3. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттерін шектеу.

 

Жоспары:

  1. Топты біріктіру және белсенділігін арттыру (дайындық жаттығулары)
  2. Ақпараттық бөлім. («Адам құқығы»)
  3. Ситуациялық жағдайлар
  4. Рефлексия

 

Нақыл сөздер:

Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады.

А.Байтұрсынұлы

Құқықтық тәрбие – адамгершілігі мол адамды тәрбиелеудің басты бағыттарының бірі.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.

А.Линкольн

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

 

І. Негізгі бөлім

а) Дайындық жаттығулары

ә) Кіріспе ақпарат (15 минут)

б) Сұрақтар әлемі (15 минут)

в) Топты біріктіру белсенділігін арттыру

 

ІІ. Қамқоршыларды марапаттау

ІІІ. Рефлексия

 

Ұйымдастыру кезеңі.

 

Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі, тұңғыш рет республика бойынша «Қамқоршылар күні» белгіленіп, «Балаға жүрек жылуы» атты акция аталып отыр. Осы күнге орай ұйымдастырылып отырған «Балалардың өмір сүруіне лайықты әлем құрудағы әлеуметтік орта ықпалы» семинар-тренингке хош келдіңіздер!

Семинар-тренингке «Жезқазған қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» қамқоршы және қорғаншы секторының меңгерушісі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция капитаны Гульнара Шарипқызы Жалмурзинова және инспектор, аға лейтенанты Шолпан Ұмтылқызы Тлеубергенова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Қомарқызы және белсенді қамқоршылар, қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысып отыр.

 

Жүргізуші тренингке қатысушыларды алдағы жұмыспен таныстырады.

І. Негізгі бөлім

Дайындық жаттығуы

«Менің атым» танысу жаттығуы (жіп будағы пайдаланылады). Бұл жаттығу бір-бірімен танысуға, үйренісуге, жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

Жаттығудың сипаттамасы: қатысушылар өз аттарын айтады, есімдерінің бірінші әрпі қалай ассоциацияланатынын (мысалы, Қанат-қайырымды, Ерлан-ержүрек, Асқар-ақылды, Майра-мейірімді, т.б.) көрсетеді. Сөйтеді де, жіп будағын тарқата отырып, оны бір-біріне лақтырады. Осылайша жіп будағы өрмекшінің торына айналады.

Жаттығудың қорытындысы шығарылады.

 

Ақпараттық бөлім

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте – балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі.

Республикадағы балалардың жағдайын жақсарту мәселелерін тиімді шешу үшін, Комитет 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірледі және ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы №1245 қаулысымен бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламада балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы үлгісіне жақындатылған жағдайлармен қамтамасыз ету көзделген.

Құқықтық тәрбие – адамды тәрбиелеудің басты бағыттарының бірі. Құқықтық тәрбиенің мақсаты – құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Құқықтық білім отбасында басталады. Отбасында жүйелі болмаса да ата-аналарының арасындағы әңгімеден жас жеткіншектер мемлекеттік құүқықтық құбылыстардың әр қырын сөз ететін қызықты мағлұматтарды бойына сіңіріп отырады. Әрине, отбасындағы тәрбие адамгершілік – этикалық қағидаларға қатысты болмаса, құқықтық тәрбие кең көлемде берілмейді. Арнайы құқықтық тәрбиенің басталар жері – мектеп қабырғасы.

Бала құқығы жөнінде тағы да бір жайтты айтпай кетуге болмас, бәріміз білеміз және білуге тиіспіз. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден жауап алу психологтың, әлеуметтік педагогтың қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.

18 жасқа толмаған балалар кәмелет жасына толмағандар деп есептеледі. Отбасылық заңнамада қарастырылған олардың құқықтық қабілеттілігі туған сәттен бастап туындайды.

Қабілеттілікке келсек, ол ҚР Азаматтық Кодексінің 17, 22, 23-баптарында және ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының тиісті баптарында анықталады.

   Отбасындағы баланың құқығы.

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, әлем мемлекеттері «бала жеке тұлға ретінде толық та үйлесімді дамуы үшін бақыт, махаббат және түсіністік жағдайында отбасында өсуі тиіс» екендігін мойындайды.

Бала үшін биологиялық ата-аналарының қамқорлығы аса қажет. «Неке және отбасы туралы» заңның 3 тармағы 52-бабында қарастырылған отбасындағы өмір және тәрбиелену құқығы, бәрінен бұрын баланың өз ата-анасымен бірге өмір сүруі мүмкін екендігін білдіреді.

Бар мүмкіндігінше әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы. БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Халықаралық Конвенциясы баланың өз ата-аналарынан ажырап қалмауын міндеттейді. Ал, егер ажырап қалса, ата-аналарының біреуімен немесе екеуімен де қарым-қатынас жасап отыруға мүмкіндік береді.

Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешу кезінде өз пікірін еркін білдіруге құқылы. Мысалы, бала өзі қалаған үйірмелерді және спорт секцияларын жеке өзі анықтай алады. Бірақ барлық мәселелерді өзі шешуге болмайтын кездеріде болады.

 

Қорғалу құқығы.

Құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абыройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан (ұрып-соғудан, қаңғыбастыққа бейімділіктен және т.б.) қорғайды.

Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата-аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады.

Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.

Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарихи және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи айлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.

 

«Сұрақтар әлемі»  сұрақ қойылады.

 

Бала құқығы туралы заң жөнінен қойылатын сұрақтар

  1. Бала дегеніміз – … жасқа толмағандар.             (кәмелеттік)
  2. Баланың заңды өкілдері – …                           (ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы)
  3. Бала – жетім болып табылады, егер …          (ата-анасының екеуі де қайтыс болса)
  4. 14 жасқа толмағандардың құқығы мен қызығушылығын қорғаудың заңды құқықтық түрі?                                                («Асырау» болып табылады)
  5. Қанша жасынан бастап бала өз атын, әкесінің атын, тегін иеленуге құқығы бар? (туғаннан бастап)
  6. Бала құқығы туралы заң азаматтығы жоқ және шетелдік азаматтарға жарияланбайтыны рас па? (жоқ, барлығына жарияланады, 2 бап)
  7. Бала құқықтарын шектеуге бола ма?             (болмайды, 5-бап)
  8. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар ма?          (бар, 10-бап)
  9. 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығы мен қызығушылығын қорғаудың заңды құқықтық түрі?     («Қамқорлық» болып табылады)
  10. Асқар мен Мадинаның ата-анасы ажырасты, сот үкімі бойынша балалар анасымен қалды. Ал, Асқар әкесімен қалғысы келді. Бала құқығы ескерілді ме ? (10-жастан кейін бала өзі таңдау құқығы бар. Егер бала 10 жасқа толмаған болса, онда бала сот үкімі бойынша анасымен қалады, бірақ әкесімен жиі көрісіп тұруға құқылы. 10 жасқа толған соң, баланың таңдау құқығы ескеріледі.
  11. Баланы дінге күштеп кіргізуге бола ма ? Ата-анасына ше ? жоқ, болмайды. Бала саналы адам ретінде қалаған дінге немесе діни сектаға кіргізуге құқығы жоқ. (7 бөлім, 35-бап)

 

Қылмыстық Кодекс жөнінен қойылатын сұрақтар

  1. Адам қылмыстық жауапкершілікке 12 жасынан бастап тартылатыны рас па?

(жоқ, 16 жасынан бастап, 15 бап)

  1. Қылмыс жасалған уақытта жасы 14-ке келген болса, адамдарды қорқытып айып алған ісі (вымогательство) үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ала ма?

(иә, 181 бап)

  1. Кәмелетке толмағандарға айыппұл салынады ма?

(иә, егер жауапкер өздігінше жұмыс істейтін болса, 79 бап)

 

 

 

Әкімшілік Кодекс жөнінен қойылатын сұрақтар

1 . Әкімшілік заңды бұзған кезде жасы 16-ға келген, бірақ 18-ге толмаған тұлғалар кәмелетке толмаған болып санала ма ?     (иә, 72 бап)

  1. Кәмелетке толмағандарға әкімшілік қамаудан, арест, басқа барлық әкімшілік айыптың түрі салынатыны рас па? (иә, 73 бап)
  2. Тәрбие арқылы әсер ету үшін Заңды түсіндіру, талқылау шаралары қолданыла ма?

(иә, 76 бап)

 

Ситуациялық жағдайлар

  1. Мектепте сырт киімін тексеру бойынша рейд жүргізілуде. Киімі сәйкес келмеген балаларды үйлеріне қайта киініп келуге жіберіп, кешкі сағат 18-де ата-аналарын сұхбатқа шақыратындығы туралы айтты. Сонымен қатар оқушы талаптарға сай киінбесе сабаққа жіберілмейді деген ескерту болды.
  2. Сыныпқа келіп, балаларға биылғы жылы технология сабағының орнына мына тізімдегі сабақтардың біреуін таңдауға болады деп хабарлама айтты. Бір күннен кейін сынып жетекшісі мектеп директорының бұйрығымен таныстыруға келеді, бірақта бұйрықта балалардың көбісінің таңдауы ескерілмеген.
  3. 14 жасар Ербол үйінде жалғыз. Қоңырау соғылды. Есік ашса, Ерболдың Қайрат атты досы екен. Екеуі есік алдында сөйлесіп тұрғанда ерлі-зайыпты кісілер Ерболдан телефон бар болса, біреуге қоңырау шалу керектігін айтты. Ербол ерлі-зайыпты кісілерді телефон тұрған бөлмеге қарай апарды. Сол кезде шақырылмаған қонақтардың біреуі баланы ұрып жіберіп, көзін, аузын байлап тастады да, екіншісі шкафтарды қопарып, бағалы бұйымдар мен компьютерді, т.б. алып есікке қарай ұмтылды. Есік алдында тұрған, қолында жетектеген иті бар Қайратқа соғылды. Ербол итке қылмыскерді ұстау жөнінде бұйрық берді. Қылмыскер ұсталды.

 

«Ұйымшыл паровоз» — лабиринт жаттығуы. Бір оқушының көзі байланады. Бірнеше орындық ретсіз қойылады. Оқушы арасынан өтуі керек. Екінші қайта өткізу керек, бірақ жанындағы оқушылардың көмегімен ретсіз орналасқан орындықтардың арасынан өтеді.

 

ІІ. Қамқоршыларды марапаттау. «Сәтбаев қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» қамқоршы және қорғаншы секторының меңгерушісі Ғ.О.Сейтмағанбетова

 

ІІІ. Рефлексия  

Бір парақ қағазды алып, қолмен адам бейнесі шығатындай етіп қиямыз. Басына – аты-жөніңіз, қолына – не білгіңіз келеді, денесіне – тілек жазыңыз