Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу
«Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы
Сабақтың мақсаты:
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары, қызметі туралы білім беру
Міндеттері:
- ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
- есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
- пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
- өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
- өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.
Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: тірек-конспект, интерактивті тақта, ООМ, түрлі-түсті бор
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы | Технологиялық картаның жұмыс тәртібі | Түсініктеме | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 кезең. Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылардың зейінін жинақтау:
| ООМ
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 кезең. Стандарттық және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру
1 ші бағалау
| Мәтінмен және тірек сөздермен жұмысОқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады: 1. Ми 8.Ми қарыншалары 2.1300-1400 гр 9. 12 жұп жүйке 3. Ақ зат 10.Сопақша ми 4. Артқы ми 11. Сұр зат 5.Ядро 12.Ортаңғы ми 6 .Ми бағанасы 13.Ми көпірі 7. Есту аймағы 14. Гипофиз Енді тақтадағы сөздерді оқушылар есте сақтайды. Уақыт біткен соң сөздер жабылып, балалар есте қалғандарын дәптерге жазады. Сөздер ашылып, ұмытып кеткендерін толықтырады. | Мәтінді оқу жылдамдығы:1 бетке 3 мин. ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «-» таңбамен белгіленеді. Тірек сөздерді дәптерге жазуға 14 сөзге 1 минут уақыт беріледі. ООМ- да оқушылардың неше сөз жазғандығы тексеріліп, түрлі-түсті бормен сөз саны жазылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 кезең. Ойлауды ұйымдастыру 2 ші бағалау
4 кезең Білімді өз бетінше қолдану
3 ші бағалау
| Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталып, тақтаға жазылады.
Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. Қиылыс сұрақтар 1.Мидың ақ заты қайда орналасқан ? Мидың ішкі жағында 2.Мидың орташа салмағы қанша гр? 1300-1400 гр 3.Көру аймағы қайда орналасқан ? Шүйде бөлігінде 4. Ми қыртысында қанша нейрон бар ? 14 млрд 5.Ми сыңарларының ішінде не бар ?Ми сұйықтығы 6.Ақ зат неден түзіледі ? Жүйке талшығынан 7.Сезу қимыл аймағы мидың қай бөлігінде орналасқан ?Шүйде бөлігінде 8.Ой еңбегін не басқарады ? Ми қыртысындағы жасушалар 9.Гипофиздың екінші атауы ? Ми қосалқысы 10 . Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер? Түшкіру,жұту, жүрек-қантамырлар жұмысын реттеу 11.Денеге суық, ыстықпен әсер еткен кездегі ағзаның жауап қайтара алуы мидың қай бөлігімен байланысты ? Мидың барлық бөлімдерімен 12.Ми сыңарларының беті қандай болады ? Жүлгелі, қатпарлы 13.Оқушылардың негізгі ой еңбегі Оқу 14.Ой еңбегімен шаршамау үшін не істеу керек ? Таза ауада серуендеп,түрлі жаттығулар жасау 15.Аралық мида қанша ми қарыншалары бар ? Бір ми қарыншасы 16.Самай бөлігінде орналасқан қай аймақ ? Есту аймағы 17. Ми көпірінің атқаратын қызметі ? Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұрады 18.Үлкен ми сыңарлары қандай қызмет атқарады ? Қатпарлы ми қыртысының көлемін ұлғайтады 19.Мидың ақ заты қайда орналасқан ? Ми сыңарларының ішкі жағында орналасқан 20.Ми қыртысының қалыңдығы қанша ? 2-3 мм 21.Ми қыртысында қандай жасушалар бар ? Қозғалтқыш,сезгіш 22.Алдыңғы мидың екінші атауы Соңғы ми 23.Мидан тарайтын жүйкелер саны қанша ? 12 жұп 24.Мишықтан басқа ми бөлімдері нені құрайды ? | Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5 балдық шкаламен түрлі- түсті бормен баға қойылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 кезеңБағалау және өзін-өзі бақылау
4 ші бағалау | Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді. | 5+30Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін 30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады. Осы тақырып бойынша І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады, ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6 кезеңТүзету және рефлексия
5 ші бағалау | Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру. Жіберілген қателерді талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ жазу. | Жіберілген қателерді талдау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 кезеңҚорытындылау | Тез және сапалы жұмыс жасаған, толық жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау. Барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. | Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8 кезеңҮй тапсырмасы | Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі. |
Биология пәнінің мұғалімі Мұқышева Майра Абдрахманқызы