Алтындап, күмістеп тігу өнері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы
Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі :Джанбаева Маржан Нұрымқызы
Ашық сабақтың тақырыбы: | Алтындап, күмістеп тігу өнері. | ||
Сілтеме: | Технология кітабы, пайдалы кеңес журналдары | ||
Жалпы мақсаты: | Қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру. Оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.
| ||
Оқу нәтижелері: | А) Кестенің тарихын біліп, түсінеді, зерттейді. Б) Кестенің түрлерімен танысады, айырмашылығын анықтайды, үйренеді. | ||
Түйінді идеялар: | Сыни тұрғыдан ойланып,бақылайды. | ||
Модульдер және әдіс –тәсілдер: | АКТ,СТО, Оқыту үшін бағалау,Оқуды бағалау. | ||
Ресурстар: | Мата, ине жіп, кесте суреттері. | ||
Сабақтың жүрісі: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушылардың іс-әрекеті: | Қамтылатын модульдермен әдістер, және бағалаудың түрлері: |
Ұйымдастыру: | Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырады. | Конфетпен топқа бөлінеді | Конфетпен топқа бөліну |
Білу,түсіну | Техника қауіпсіздік ережесі туралы не білесіңдер? Ал олай болса мына кестенің суреттеріне көңіл бөлейікші, қандай кестелермен таныссыңдар? | Оқушылар өз ойын ашық жеткізеді. Шым кесте, Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. | Ой -толғау |
Қолдану | Жұмыстың орындалу реті : 1. Матаны кергішке керу | Оқушылар матаны кергішке керіп, өрнек салып,сызық бойымен кестені тігіп үйренеді, әр түрлі жіптермен үйлестіріп,кестелейді. | АКТ |
Талдау | 1.Кестенің неше түрін білесіңдер? 2.Тұтас кестелейтін кестені қандай кесте деп атаймыз? 3.Ең бағалысы болып есептелетін кестені білесіңдерме? | Екі топ сұраққа жауап беру арқылы қоржынды толтырады. | Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, |
Сергіту сәті: | Караоке қазақ әндері | Сөзіне қосылып ән айтады. | АКТ |
Жинақтау: | Кестенің түрлерін атап , қандай тігістер қалай орындалады? Борт журналын толтыру. | Кестенің түрлерін атап , қандай тігістер қалай орындалатыны туралы Борт журналға толтырады. | Борт журнал ойыны |
Бағалау: | Шығармашылық жұмыс – бір эскизді алып,соны қандай кестемен тігуге болады,анықтау? | Топтағы оқушылар өз ойларынан шыққан суреттеріне кестенің тігу бағытының қалай орналасу керектігін анықтап,бір-бірінің жұмысына баға береді. | Оқуды бағалау |
Бағалау: | Қоржындағы толтырылған жауаптар арқылы,және өзін-өзі бағалау | Оқушылар өзін-өзі бағалап,оқуды бағалап, критерийлер толтырады. | Смайликтер,критерийлер |
Қорытынды, үйге тапсырма беру | Кестелеу, кестені одан әрі жалғастырып, кестелеу. | Күнделіктеріне түртіп қояды. | |
Рефлексия | «Екі жұлдыз, бір тілек » Бір-біріне жақсы тілектер білдіру. | Бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. |