Бала Абай

Тақырыбы: Бала Абай

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтың балалық шағынан

мағлұмат бере отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

Шығармашылық қиялын,  ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл

байлығын дамыту.

Әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абайдың суреті,тірек-сызбалар, суреттер, слайттар, тапсырмалар.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту, ой шақыру, топтастыру

                                         Сабақтың барысы:

I.Психологиялық дайындық.

Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Ғафу Қайырбековтың « Алғашқы қоңырау» өлеңін жатқа айтады.

  • Өлең кім жайлы?
  • Ыбырай Алтынсарин кім?

« Топтастыру» стратегиясы арқылы мына сұрақтарға жауап береді.

 

III.Үй тапсырмасын қорыту.

-Иә, Ыбырай Алтынсарин- қазақ даласының жарық жұлдызы. Сол жарық жұлдыздан тараған мыңдаған сәулелердің бірі – біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та білім саласына көп көңіл бөліп, жас ұрпақтың терең білім алуы үшін жаңадан мектептер салғызып, әр қаладан зияткерлік мектепттер ашты

IV.Жаңа сабаққа өту кезеңі.

— Сол сияқты артына өшпес мұра қалдырған қазақтың ұлы ойшылдары:

 

 

 

 

-Бүгін біз ұлы ақын Абай Құнанбаевтың балалық шағымен танысамыз.

  1. V. Жаңа сабақ

Мына ребусты шеш:

 

-Абай кім?

-Абай аталарың туралы не білесіңдер мына « Пікірлер ағашына» жазайық.

 

-Абай аталарың туралы роман жазған жазушы кім?

 

 

«Бала Абай» әңгімесін түсіндіріп беру.

Мәтінді оқушылар тізбектей отырып оқиды.Сұрақтарға жауап береді.

VI.Білімдерін бекіту.

Суретпен жұмыс

-Абайдың әжесінің аты:

-Абайдың шешесінің аты:

Сергіту сәті.

Керегені құрамыз,

Уықтарды құрамыз.

Шаңырақты көтеріп,

Дөңгеленіп тұрамыз.

Киіз үйді құрамыз,

Біз осында тұрамыз.

Бала Абай

. «Топтастыру»стратегиясы.

 

Әжесінің еркесі                                                                               Көп ойнамайды

 

Алғыр, зерек                                                                                  Әңгімені ұнатады

-Міне, жастайынан әжесінің, анасының тәрбиесін көрген, ертегі, әңгіме тыңдағанды ұнататын, алғыр, зерек Абай өскенде кім болды?

Абай

 

 

Ұлы ақын                                                                       ойшыл

 

Кемеңгер                                                                       данышпан

 

Топпен жұмыс.

  • топ: Абайдың әжесі мен анасына мінездеме бер.
  • топ: Абай өлеңдерінен үзінді оқып бер.
  • топ: Абайдың қара сөздерін айт.

VII.Сабақты қорыту.

Тест тапсырмалары:

1.Қазақтың ұлы ақыны кім?

а)Ыбырай               ә)Абай                    б)Шоқан

  1. «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды?

а) М.Әуезов           ә) Ш.Мұртаза         б)Ж.Жабаев

3.Абайдың әжесінің аты кім?

а) Ұлжан                 ә) Зере                      б) Тоғжан

  1. «Орын таппай баптанба» деген өлең жолдары қай өлеңне алынған?

а) « Күз»              ә) «Ғылым таппай мақтанба»      б) «Желсіз түнде жарық ай»

5.Абайдың туған жерін белгіле.

а)Алматы           ә)Қарағанды                    б)Семей

 

VIII.Үйге тапсырма. «Бала Абайды» оқу, әңгімелеу, эссе жазу.