Бала Абай. М.Әуезов.

Бала Абай. М.Әуезов.

/Ана тілі 2-сынып/

 

Оралбекова Ардақ Турсынқызы

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

 

Тақырыбы:

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру.

Дамытушылық: Тілін , сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, ассоциация, түсіндіру,  әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту

ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІV. Мақсат қою кезеңі:  Бала Абай.

  1. Жаңа сабақ.

а) Ребусты шешу. «Абай».

ә) Абай ата туралы білетіндерін «Пікірлер ағашына» жазу.

б) Абай ата туралы роман жазған жазушы кім?

М.Әуезов туралы түсіндіру.                       жазушы

 

 

Семей облысында туған.                                    «Абай жолы» романын жазған.

 

 

Ғалым                                        академик

профессор

в) Абай атамыз жайлы түсіндіру.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. «Қара сөздері» — тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

г)  «Бала Абай»  оқып, түсіндіру.

д) Мәтінді іштей оқыту, тізбектей оқыту.

е) Дәптермен жұмыс.

Абайдың әжесінің аты…

Абайдың шешесінің аты…

ж) Суретпен жұмыс.

-Суретте кімдер бейнеленген? Олар отырған үйді сипаттап айтып беріңдер.

VІІ. Түсінгендерін тексеру:

  • Абайдың әжесі, шешесі кім?
  • Қонақтар кімдер?
  • Олар нені жырлады?
  • Бала Абай нені жақсы көреді екен?

VІІ. Бекіту:

Бүгін не білдік? Абай ата туралы білгендеріне сүйеніп «Пікірлер ағашын» толықтыру.

Абай туралы қосымша деректер.

Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

VІІІ. Қорытынды:

  1. Үйге тапсырма: М.Әуезовтың «Бала Абай» шығармасын оқу, мазмұндау.
  2. Бағалау.