Әдебиеттік оқу. 2 – сынып. «Ұзынсары» Қ. Жұмаділов

Қ. Жұмаділов    «Ұзынсары» 

Кабдулхахова Бибігүл  Ерсайынқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Абай  атындағы  жалпы орта  мектебі

Сабақ тақырыбы:Әдебиеттік оқу.   2 – сынып.    «Ұзынсары»    Қ. Жұмаділов
Жалпы мақсат:Мәтін   мазмұнын меңгерту, «Ұзынсары» сөзінің мағынасын ашу.
 Нәтижесі:1.Мәтін  мазмұнын  толық  түсінеді.

2.»Ұзынсары» сөзінің мағынасын ашады, не екенін түсінеді.

3.Ұзынсарының  өмірдегі маңыздылығын  ұғынады.

 

Сабақта қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

 

Power Point презентациялар ,слайд,  сызба, бейнекөріністер, смайликтер, бәйшешек,жауқазын, қызғалдақ суреттері, маркерлер, стикерлер.
Сілтеме:Әдебиеттік оқу. 2 сынып. Атамұра  2013 жыл.

 

 

Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Білу.

Психологиялық дайындық

 

 

 

«Ортадағы   қаламсап» әдісі.

1.«Еркіннің еңбегі» әңгімесінің  мазмұнын   сұрау.

2. Еңбек  тақырыбын   абайланысты  мақал-мәтелдер  сұрау.

 

 

 

Тыныштық  сәті.

 

 

«Миға   шабуыл»

1.Бейнекөріністен  не  көрдіңдер?

2.Көктемгі табиғатта   қандай   өзгерістер болып жатыр?

3.Көктемде  гүлдейтін  қандай    гүлдерді    білесіңдер?

 

Топқа   бөлу.

 

 

Неге  бүгінгі сабақта көктем мезгіліне байланысты бейнекөрініс  көріп, көктем келісімен гүлдейтін  гүлдердің  атауымен  топқа бөлініп жатқанын оқушылардан    сұрайды.

Қ. Жұмаділов   өмірі, шығармашылығымен  таныстыру.

Армысың, жарқыраған күн!

Армысың   Жер-Ана!

Армысың  көгілдір аспан,

Армысыңдар   достарым!

 

Оқушылар  «Еркіннің  еңбегі» әңгімесінің мазмұнын «Ортадағы қаламсап»  әдісі бойынша айтып  шығады.

Еңбек  тақырыбында мақал-мәтелдер  айтады.

Оқушылар көктемгі табиғаттағы өзгерістер жайында бейнекөрініс көреді.

Бейнекөріністен көрген әсерлерін ортаға  салады.

Дүниетану пәнімен байланыс  болады.

 

 

 

Көктемде  гүлдейтін «Жауқазын», «Бәйшешек», «Қызғалдақ»  гүлдерінің атына сай   мозайкалық   әдіспен 3 топ болып   топтасады.

Оқушылар көктем мезгілі келгенін, енді оқулықтағы  көктем  жайында жазылған шығармалармен танысатынын  айтады.

Автор  жайында мағлұмат алады.

Жаңа сабақ.

Түсіну.

1.Сұрақ- жауап:

«Ұзынсары»  сөзінестігендеріңбар ма?

«Ұзынсары» дегендекөзалдыңа  не  елестейді?

2. Оқулықпенжұмыс

3. Мәтінбойыншажұмыс

«Ой   қозғау»

1. Мәтін не туралы ?

2.Ұзынсарыны бала қалай   елестетті?

3. Ол   ұзынсарыны    неге   асыға    күтті?

4.Сарыбай  шал келгенде апасы  неге шұжықты аспады?

5. Мәтінде сендер бұрын естімеген қандай сөздер  кездесті?

«Мағынаны   таны»

Тошала – қыста   ет      сақтайтын    жеке    үй.

Атағаш – ат байлау үшін  орнатылған    түбірік.

 

Бейнекөрініс     тамашалау.

«Таңшолпан»    бағдарламасы    «Ұзынсары» жайында  айтылған   қызықты    оқиға.

 

Оқушылар өз пікірлерін айтады.

Мәтінді өз бетімен  оқып жалпылама танысады.

 

 

Оқығанының  негізінде сұрақтарға жауап  береді.

 

 

Мәтінде  кездескен    тошала, атағаш    сөздерін   атайды.

 

Жаңа сөздердің мағынасымен  танысады.

 

Оқушылар  «ұзынсары»  жайында   білімдерін  толықтырады.

Сергіту сәті«Қаражорға»  биін  билеу
Қолдану

 

«Күн   шұғыласы»  ойыны

 

Ұзынсары  деп неге                          Жанды  ма,  

                                                             жансыз  ба?

аталған?

 

 
Қашан   келеді?         

                                                      Сұрағы   қандай?

 

Топпен    жұмыстанады.

Күннің   әр   шұғыласына  сұрақтарға   жауап   жазады. Жұмыстарын    қорғайды.

ТалдауОй   қорыту.  Жеке жұмыс. Тауып   оқу.

— Мәтіннен баланың тошала үйге кіріп шұжыққа қызыға қараған   жерін  суреттейтін  жолдарды тауып оқы

— Баланың  қуанған    кезін    бейнелейтін   жерді тауып, дауыс   ырғағына    келтіріп   оқы.

— Баланың   апасынан  «Ұзынсарының»  не екенін білген    жерін    тауып  оқы.

 

Жеке  жұмыстанады,  ізденеді.

Тауып  оқиды, дауыс  ырғағын келтіріп   оқиды.

 

Жинақтау

Бағалау

 РАФТ   әдісі

Мен – … Көктем ……. келемін. Мен ………..  көрсетемін. Мен  ….  сақтап  қояды. Жұрт  мені …….. деп  ойлайды.

Мен ……  күнімін. Сондықтан  ……………..атайды.

Жыл  сайын    ……..  күтіңдер.

Оқушы   «ұзынсары»  рөліне еніп  сөйлейді.

Байланыстырып, көркем сөйлеуге  дағдыланады. Қиялы дамиды. Ой  өрісі   кеңейеді.

 

Кері   байланысСабақтың өтуін бағалайды.
 Үйге тапсырмаҰзынсары  мәтінінің   мазмұны. Ұлттық тағам  түрлерін біліп келу.Мәтінді  түсініп оқиды, ұлттық тағам түрлерін біліп келеді.