«Ардагер ұстаздар – асыл жандар»

Қарттар күні мен ұстаздар күні мерекесіне арналған концерттік бағдарлама.

 

Тақырыбы: «Ардагер ұстаздар – асыл жандар».

 

Бүлдіршіндердің «Гүл ұсыну» биімен ашылады.

 

І жүрг: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Көпті көрген  әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

 

ІІ жүрг: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

 

І жүрг: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

 

ІІ жүрг: Махабаты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: балаларды сағынып,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

 

І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ардагерлер, ұстаздар, ата – аналар және барша ұжымдастар!

 

ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

 

ІІ жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады

 

Мерекелік құттықтау сөз __________________________________ беріледі:

 

І жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?» Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерлерімізге, ардагерлерімізге, біздің бүгінгі қонақтарымызға бас иеміз.

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Бақшаға арнап өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –

Өзіңізге арналған мерекелік ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.

(Видеоролик Ұстаз туралы)

Ән: «Ұстазым менің, ұстазым»

 

Балалардың тақпағы

 

Ән: «Ару ана». Домбырада  Ермашева Алтынай

 

Білім саласында қызмет жасайтын жандар кім болуды армандайды?

Бұл жандар әртіс, жазушы, режиссер, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр тәрбиешінің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 25 бүлдіршіні бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр тәрбиеші өз маманының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Балабақшаішілік ертеңгіліктер мен көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

 

Олай осындай бірер әзілден кейін ойын ойнап жіберсек: «Бас қатырғыш»

  1. Домбырада – жетеу

Сырнайда – алтау

Қобызда – бесеу. Бұл не? (әріп)

  1. Бұл санда қанша әріп бар болса сонша сан бар. (100 — жүз)
  2. Жел соққанда тау ық бола ма?
  3. Теңізде қандай тас болмайды?(құрғақ)
  4. Ертіс – тің ортасында не бар? (т әрпі)
  5. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. (Тұз)

Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ардагерлер  өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Көрініс: «Ардагерлер бақшада» (Ардагер апайлардың балабақшадағы өмірлерінен пародия)

 

І жүрг: Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-

Ортаға балабақшамыздың биші бүлдіршіндерімізді шақырамыз. «Рон Н рол» биі.

 

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ән: «Мерекем» Өмірбекова Анар

 

Терме:  Арнау Сәрсенбаева Жаухар

 

Хор: «Перзент парызы»

 

Видеоролик

 

Арнау ән: «Ардагер Ұстаз» («Ән салшы, Роза» әнінің музыкасына жазылған ән)

 

Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

 

Ардагерлерден бата тілек

Аяқтау.