Өрнекті ықшамдау
Шынарбек Камерияұлы
ШҚО Көкпекті ауданы
«Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» КММ
математика пәні мұғалімі
САБАҚ: Өрнекті ықшамдау. | МЕКТЕП: «Үлкенбөкен мектеп балабақша» кешені КММ | ||||
Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | ||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Оқушылар әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя біледі және өрнектің мәнін табады | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Өрнекті ықшамдап мәнін табуды меңгереді, | ||||
Оқушылардың басым бөлігі: Ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік заңдылықтарын пайдалана алады | |||||
Кейбір оқушылар: | Ілгергі топ: Санды және әріпті өрнектерді шешуде тиімді тәсілдерді өздігінен таңдай алады | ||||
Қатардағы топ: Санды және әріпті өрнектерді шешудегі қалыптасқан алгоритмді меңгереді | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді ажырата алады | ||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: өрнек, коэффициент, ықшамдау, бірігу, өрнектің мәні | |||||
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: | |||||
Талқылауға арналған тақырыптар: · Заңдылықтарды қолданудың тиімділігі қандай? · Сіз таңдаған тәсілдің неліктен тиімді екенін айта аласыз ба? · Есеп құрылымына сәйкес зерттеу талдау жасаудың тиімділігі бар ма? | |||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: · Ұқсас қосылғыштарды іріктеу, өрнектің мәнін табу · Әріпті өрнектің жазылу ережесін сақтау | |||||
Алдыңғы оқу | «Өрнекті ықшамдау» және «Санды және әріпті өрнек» тақырыптарына салыстыра қарастыру, ерекшелігін анықтау | ||||
Сабақтағы көрнекілік материалдар | Сабаққа қатысты сызбалар, тірек схемалары, дидактикалық ойындар: «Баспалдақ», «Күн». | ||||
Ж о с п а р | |||||
Сабақтың кезеңдері | Оқыту мазмұны, іс-әрекеттер | Оқытудың әдіс тәсілдері | |||
Ұйымдастыру бөлімі | Тақырыпқа сай шағын мәтінді тарату | Топқа бөлу | |||
Өткен сабаққа қайталау, үй жұмысына талдау жасау | Парақшада тапсырмаларды орындау: · 7 және х сандарының айырмасымен қосындыларының көбейтіндісі · Мұндағы х-тің мәні 3 ке тең · 9 санымен а және 5 сандарының айырмаларының көбейтіндісі · Мұндағы а-ның мәні 7 ге тең · 3х, 2х, 5х және х сандарының қосындысы · Мұндағы х-тің мәні 10 ға тең · 12+(12-5)= қандай өрнек? · Мәні неге тең? | Математикалық диктант, пікір алмасу, бағалау | |||
Жаңа материалды меңгеру | · Қосылғыштардың орындары алмастырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Бұл ауыстырымдық қасиет деп аталады. Жалпы түрі кез келген c және d сандары үшін c+d=d+c. Мысалы, 83+15=98 және 15+83=98, яғни 83+15=15+83=98 · Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Өрнектегі көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді: (a • b) • c =( a•c) •b · Қосындыны санға көбейту үшін, сол санға әрбір қосылғышты жеке-жеке көбейтіп, одан шыққан көбейтінділерді қосуға болады. (a + b) • c = ac + bc · Айырманы санға көбейту үшін, сол санға азайғышты да, азайтқышты да көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екінші көбейтінділерді азайтуға болады. (a – b) • c = ac – bc
| Топта талдау, пікір алмасу, айтып беру | |||
Жаңа материалды бекіту |
22с • 6d, мұндағы c =5, d =12
17• (6y – 4x + 7z) 5. Тиімді тәсілмен есептеңдер: 626 16 + 243 • 19 + 374 • 16 +257 • 19 6. Өрнектің мәнін табыңдар: (x + 4y) + (5y + 6z) + (8x + 3z), мұндағы x + y + z =14 | Есептің орындалу тәсілдерін талдайды: Не? Неге? Неліктен? | |||
Үй тапсырмсы…… .. …..
| |||||
Рефлексия….. …….. | |||||
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру;
- Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.
- Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады.
- Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
- Әріпті өрнектегі әріптің орнына алынатын сан сол әріптің мәндері деп аталады.
- Санды өрнектер мен әріпті өрнектер — математикалық өрнектер.
- Коэффициент әріп көбейткіштің алдына жазылады.
- Коэффициент пен әріп көбейткіштің арасына көбейту таңбасы қойылмайды.
- Егер коэффициент 1-ге тең бола, ол жазылмайды.
- Әріпті өрнектердегі әріп көбейткіштердің арасына және жақша алдына көбейту таңбасы қойылмайды.