МҰҒАЛІМ – ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ТҰЛҒА
Серикова Карлыга Ергешовна
ОҚО, Сайрам ауданы,Ақбай ауылы,
№28 Ақбай жалпы орта мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және
директордың ғылыми-әдістемелік
жөніндегі орынбасары
МҰҒАЛІМ – ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ТҰЛҒА
Бүгінгі таңда экологиялық білім беру білім жүйелері дамуының өзекті мәселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы→ балабақша → мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
“Экология” ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель қолданды. Бұлұғым гректің “ойкос”( үй немесе тұрғын үй / жилище/ ) және “логос” ( ой / мысль / ),яғни , “Тұрғын үйді ойлау” деген ұғымнан пайда болса керек. Қазіргі кезде “экология ” ұғымына анықтамада :
Экология- организмдердің бір- бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім.
Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен ара-қатынасының зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады.
Экология саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді.
Экологиялық санаға экологиялық білім жатады : фактілер, деректер, жануарлар, әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым-қатынасының қорытындысы мен талдауы.
Адамның экологиялық санасына тағыда оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандар мен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы мен әрекеті жатады. Сондықтан да, экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
ҚР Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап,қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. 15.07.1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейілігі,үздіксіз болуы қарастырылған. Бұл ережелер ҚР-ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жодауында «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын»- делінген.
Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты — қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті — адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің әрбір кластар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мәлім. Ал қазіргі уақытта яғни бүгінгі таңда нақты және маңызды бөлек пән ретінде немесе пән аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті және керек.
Экологиялық тәрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Эколгиялық тәрбиенің мақсаты оқушылыр бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік, қарам-қатынасын жан-жақты қалыптастырып дамыту.
Экологиялық тәрбие мен білім беру- табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру.
Біріншіден, адамның , қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми дүниесін қалыптастыру.
Екіншіден , жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу.
Үшіншіден , экологиялық іс-әрекетте білі мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторларды қарастыру.
Мектепте экология пәнін оқыту – экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге , қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді.Нәтижесінде олар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар бар екенін түсініп,адамның табиғаттыорынды пайдалану мәселесімен біртіндеп танысады.
Оқушылардың эколгогиялық санасын тәрбиелеуде гуманитарлық және эстетикалық цикілдегі пәндердің де маңызы ерекше.
Тарих, қоғам тану, мемелекет және құқықтық негіздері пәндерін оқу барысында табиғатқа рақымсыз қарым-қатынас жасауға болмайтындығын,ол үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттейтін заң актілері жайында білім алады.
Эстетикалық пәндер негізінде: әдебиет, көркем өнер, музыка сабақтары табиғаттың эстетикалық мәнін, оның өзінетән қайталанбас сұлулығын, адамға және жалпы қоғамға маңыздылығын ашып көрсетеді. Өнер табиғатты жандандырады, адамның сүйіспеншілігін оятады және оның бөлінбес бөлшегі екендігін ұғынуға мүмкіндік береді.
Негізінен бірыңғай экологиялық білім беру, принципін жасау қажет.
Яғни, экологиялық білім беру бағдарламасын неден бастап және қалай жүзеге асыруға болады?
Оқушыларды негізінен өзінің айналасында неболып жатыр, міне осыны түсінуге баулау керек.
Экологиялық міндеттерді анықтап,оларды шешу жолдарын белгілеуге, қоршаған ортаның жағдайын айқын парасаттылықпен және сын көзбен бағалай білуге үйрету.
Жоғары сынып оқушыларын өзінің тұрғылықты мекені, қала мен ауылдың экологиялық жағдайын түсіне білуге үйрету.
Оқушылар мен бірлесе өзінің тұрғылықты мекенінде экологиялық жағдайы нашар немесе апат аймақтарды қорғауға алу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуде мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелейтін мектептен тыс жұмыстардың мақсаттарына қарай төмендегідей етіп топтауға болады.
Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары:
– табиғатқа бақылау жүргізу;
– табиғат көріністеріне суреттер салу;
– табиғат сырын түсіндіруге байланысты әртүрлі баяндамалар, рефераттар жазу,
альбомдар шығару.
Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары:
– табиғат аясында істелінетін іс-тәжірибелік, сарамандық жұмыстар;
– әртүрлі бағыттағы серуендер, жорыққа шығу.
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары:
–табиғат қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар;
– табиғат зерттеушілерімен, ғалымдармен кездесу;
–табиғат қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру.
Қоғамдық пайдалы еңбек:
– жасыл жасақшылар тобын құру;
– табиғат қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік, айлықтар өткізу.
Оқушылардың экологиялық білімдерін тексеру:
– экологиялық олимпиадалар, байқаулар ұйымдастыру;
– табиғат қорғауды жақсарту мақсатында тесеру жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар:
– табиғат қорғау күнін (5 маусым) атап өту;
– Наурыз мерекесі, т.б;
Оқушылардың өлкетану жұмыстары:
– этнографиялық-экологиялық мұражай ашу;
– мектепте «Табиғат мүйісі» табиғат бұрышын ашу;
– ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу.
Мектепте жоғарыда көрсетілгендей мектептен тыс жұмыстарды өткізгенде оқушылардың ата-анасын қамтыған абзал.
Мектепте пән мұғалімдері пәнді жүргізу барысында өз мамандығына қоса экология мәселесін алдыңғы орынға қойса, оқушылардың табиғатты қорғау мәдениеті қалыптасып, көзқарасы дұрыс жолға түсер еді.
Осы айтылғандарды негіздей отырып, экологиялық мәдениетті ұстаздың қандай болуын жобалап көрейік:
Экологиялық мәдениетті ұстаз
|
Экологиялық білім беруде үздіксіз жетілдіруші |
Экологиялық білім мен тәрбие беру міндетім деп санаушы |
«Адам-қоғам-табиғат» жүйелерінің байланысын ұғындырушы |
Білім саласындағы жетістіктерді ұтымды пайдаланушы |
Табиғатты қорғауда жеке тұлғаның ролін ұғындырушы |
Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.
Табиғатты қорғауда бүкіл дүние жүзілік бірлестікті күшейту, халықаралық ынтымақтастықтың негізінде экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын жасау және іске асару қажет болады. Табиғатымыз қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм беру керек екендігі анық.
Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтуы тиіс. Нәтижесінде, табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап ететіндігі және жоспарланған жұмыстарды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал ететіндігі айқын.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. «2030 стратегиясы» бағдарламасы. 2008 жыл, ақпан.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы.Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 2014. 17
қаңтар.
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы.Ізденіс. -Алматы, 2007. -№ 4(2). -225-229б.
Сабденалиева Г.М. «Экология тәрбие берудің педагогикалық шарттары» Алматы. 2001 ж.
Экологиялық тәрбие жұмысының сипаты.Білім Образование.-2001. -№2. -31-33 б.