Әлемнің жеті кереметі. Үстеуден өткенді қайталау

Атырау облысы
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бисенгалиева Сауле Сарсенғалиқызы
Сабақ тақырыбы: Әлемнің жеті кереметіне  саяхат

 

Қазақ тілі

 

 Сабақ

 

Сабақтың тақырыбыӘлемнің жеті кереметі. Үстеуден өткенді қайталау
СілтемеОқулық   Қазақ тілі.    Гүлбану Қосымова,    Жанат Даулетбекова    Алматы «Атамұра»,   2013 жыл; Мұғалімге арналған нұсқаулық  (II)
Жалпы мақсаттароқушылардың  үстеу бойынша алған білімдерін тиянақтау, практикамен ұштастыру, нақтылау;
Міндеттері— оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып үстеулердің түрлеріне тоқталу.
— үстеулерді бір-бірінен  ажырата  білу.
— топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесіӨткен тақырыппен байланыстырады;

-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады;

-Ақпараттарды қабылдайды,  талқылайды, сабақта қолдана алады;

Қолдынылған әдістері мен тәсілдеріоқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан оқыту,  оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,АКТ-ны қолдану, талантты және дарынды оқушыларды оқыту, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу, оқытудағы көшбасшылық және басқару.
            Деңгейі          Мұғалім іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекеті
      Мотивациялық  кезең

          5 мин

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу.

Түгелдеу.

Қайырлы күн тілеу.4 топқа бөлу.

Кері байланыс орнату мақсатында өткен сабақта жазған рефлексияны оқып,  сабақтың мақсатын айқындау.

Психологиялық ахуал қалыптасады. Топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту

-Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз «круиз сабақ» деп аталады. Круиз ағылшын тілінен аударғанда «теңіз саяхаттары» деп аталады. Ендеше біз бүгінгі сабақта Жерорта теңізіне саяхат жасай отырып, әлемнің 7 кереметімен танысамыз және үстеуден өткен тақырыптарымызды практикада қолдана алуға машықтанамыз.

-Картадан Жерорта теңізін көрсету.

Картадан Жерорта теңізін көрсетеді
 

    операциялық    кезең

20 мин

1-бекет: 1-оқушы Қайырлы күн құрметті саяхатшылар! Мысыр еліне қош келдіңдер.Әлемнің 1кереметі- Мысыр пирамидалары.. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Тыңдағандарыңызға рахмет сәт сапар тілеймін.Пирамидалар бекетінде:

Постер қорғау

1-топ: Үстеудің құрамына қарай бөлінуі;

2-топ: Үстеудің тұлғасына қарай бөлінуі;

3-топ: Үстеудің мағынасына қарай бөлінуі;

2-бекет: 2-оқушы  Қош келдіңіздер! Әлемнің 2-кереметі- Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы   алып құрылыс. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор 2-нің бұйрығымен әйелі Семирамидаға арнап салдырған. Тарихи деректерге қарағанда, Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы  үстіне қалың құнарлы топырақ төгіліп  бетіне Вавилонияның  түрлі жеміс ағаштары  отырғызылды, таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Тыңдағандарыңызға рахмет!І топ қазақ тіліндегі үстеулерді орыс тіліндегі үстеулермен салыстыр

ІІ топ қазақ тіліндегі үстеулерді ағылшын тіліндегі үстеулермен салыстыр

ІІІ топ қазақ тіліндегі үстеулерді неміс тіліндегі үстеулермен салыстыр

Операциялық     кезең 3-оқушы  Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қаласында салынған.  Гректерше Зевстің қызы Артемида аңшылық құдайы ретінде танылған. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды.  Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра біздің заманымыздан бұрын  450 жылы  аяқтады.Сапарларыңыз сәтті болсын.“Артемида ғибадатханасы” бекетінің тапсырмалары: мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасайды.Топта отырғандар семантикалық карта толтырады.
4-оқушы  Қош келдіңіздер Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр орналастырған.Сергіту сәті: «Жұбыңды тап» ойыны.

Жаңадан топ құрады.

5-оқушы  Сәлеметсіздер ме? Галикарнастағы Мавзолей әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Ол б.э.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы мемлекеттің басты тұлғасы — патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған.  Өзінің керемет сәулеттілігі үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде  адамдар тамашалайтын орындардың бірі болған. Кейін Галикарнас аты кейін Бодрумға өзгертілген. Тыңдағандарыңызға рахмет.Аргументті эссе

Көп нүктенің орнына тиісті аргументті қойып, жұптасып орында!

Рефлексиялық кезең  10 мин6-оқушы  Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. биіктігі 35 метр.  Мүсін 56 жыл «өмір сүрген»1-топ: Ашық тест 2-топ: Интервью тест

3-топ: сәйкестендіру тест

 

7-оқушы  Қош келдіңіздер.Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігінде болған. Биіктігі 120 м шамасында. Александрия шамшырағының  міндеті — теңізшілерге жол көрсету болған, оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған.“Әлемнің сегізінші кереметін елімнен көрсем деймін…”

3 мин эссе

Үйге тапсырма

2 мин

213-жаттығу.  Жуан-жіңішке сұрақтар топтамасын құру
Бағалау

3мин

Табыс критериалары арқылы  бағалау

-1-6 тапсырмаларға жауабы – 10 ұпай

-белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-10

-топ мүшесіне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауы-10

Баллды бағаға ауыстыру:

«5» – 70-80

«4» – 50-60

«3» – 30-40

«2» – 0-20

Оқу

Шы

ның

Аты-жөні

1-тап сырма

постер

2-тап сырма

Ізденіс жұмысы

3-тап сырма

Талдау

4-тап сырма

Жұппен жұмыс

5-тап сырма

тест

6-

тап сырма

эссе

бағасы
Рефлексия

3 мин