Жаным сені сүйемін
Жаным сені сүйемін
Менің күлкім сен үшін мағыналы
Мен қуансам қабағың жазылады.
Мен сен үшін жаралған тірі жанмын
Сенсіз дүние мен үшін тарылады.
Көз жасымды көрмесең қуанасың,
Сан жыртылған жүректі құрағансың.
Қабырғаңнан пендемін жаратылған,
Сені меннен ешкім де сұрамасын.
Сенсіз күнім батпайды сенесің бе?
Қуантады сөзің де, елесің де.
Саған лайық болуға күресемін
Сен мен үшін жаныңды бересің де.
Саған сеніп жүрегім тыныштанды
Қалайын махаббатың болып мәңгі.
Жүрегіммен сенемін сезіміңе
Күдіктің ауылы да алыстады.