«Дос іздеу»

 

Психологиялық сабақ

Тақырыбы: «Дос іздеу»

Мақсаты: Қатысып  отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: қағаз қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл-күйлерін сұрау

Барысы:

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

  • бір-бірін тындау
  • уақыт үнемдеу
  • белсенділік таныту
  • достық қарым-қатынас
  • жағымды эмоция тудыру

Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Психолог:

Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты  сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз.  Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?

ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

Ашық айтқанда, маған әлі қиын…

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат…

Ашық айтқанда, маған ұнамайды…

Ашық айтқанда, мен қуанамын…

Психолог:

Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды  ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

Психолог:

Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып  алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

ІV. Талдау.— өз ойын ашық  айту оңай ма? — Өзің туралы жазу оңай ма?

V.Үй тапсырмасы. Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу ұсынылады.

 

Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек йтып сабақты аяқтаймыз.

 Kimbat Ermekkyzi