Мұңаймашы жаным
Мұңаймашы жаным
Жаным неге жабырқаулы қарадың,
Ренжітті қай көкжалы даланың.
Мен сені білемін ғой бес саусақтай
Өзгелер білмей қалай тағады мін.
Мұңаймашы бәрі алдамшы дүниенің,
Білесің бар әрқашан сүйенерің.
Көре алмай саған қастық ойлағандар
Күйеді көр отына дүниенің.
Мұңайған жүрек қуанар,
Жылы сөзбен жаның да жұбанар.
Қосағың қамыңды ойласа
Кім сенің алдыңда бөгет боп тұра алар.
Жүзіңнен күлкі көрсем қуанамын,
Алладан амандығың сұрағаным.
Сеземін көңіліңе ауыр менің
Кей кезде еркелікпен жылағаным.
Сен барда мен үшін тым өмір мәнді,
Мұңайудан тұрмайды өмір мәңгі.
Мөлдіреген жанарыма бір қара қане
Жұбатайын мейіріммен ауырған жанды.
Жұбатайын көңіліңді еркелігіммен.
Аялашы сен де мені ерке көңілмен.
Өмірдің қиындығы ұмыт болады
Әр күнді бірге өткізсек еркелеуменен.