Етістік
Гүлдана Қажыкенова
«Етістік»
Сыныбы:2 «б»
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.
Дамытушылығы: сөзік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,топтық жұмыс, жаттығулар орындау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.шаттық шеңберіне тұру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. – Балалар үй тапсырмасына қандай дайындықпен келгендеріңді білейік. Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, алма талдағы алмаларды жинайық.
1. Сөз таптарына нелер жатады? (Зат есім, Етістік, сын есім, сан есім)
2. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер кім? не?)
3. Зат есімнің неше түрі бар? (Жекеше кім? не? Және көпше түрі кімдер? нелер?)
4. Жалқы есім дегеніміз не? (жалқы есім адам, жер –су, қала, үй жануарларының аттарын айтады. Жалқы есімдегі сөздердің барлығы бас әріппен жазылады.)
5. Жалпы есім дегеніміз не? (жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз)
Үйге қандай жаттығу берілген еді?
353-жаттығу. «Менің оқу құралдарым» тақырыбына әңгіме құрап келу.
/4-5 оқушыға оқыту/
— Жарайсындар балалар үй жұмысына өте жақсы дайындықпен келіпсіңдер.
Сергіту сәті. Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз.
Жаңа сабақ бастаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушы:
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар:
— Қазір жылдың қыс мезгілі.
Оқытушы:
— Дұрыс! Ал енді тақтаға қараңдаршы мына сөздердің қыс мезгілімен байланысы бар ма? (қар, аяз, боран).
Оқушылар: Иә, бар.
Оқытушы:
— Олай болса, осы сөздерді қатыстырып, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы.
Оқушылар:
— Қыста қар жауады. Аяз болады. Боран соғады.
Оқытушы:
— Жақсы балалар! Қар, аяз, боран сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен? (оқушылардың жауаптары)
— Ал өздеріңіз айтқан сөйлемдердегі жауады, болады, соғады сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
(оқушылардың жауаптары)
— Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздермен танысқан болатынбыз.
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз Етістік. Заттардың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді Етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады. Ал Етістік деген сөзді алғаш қазақ тіліне енгізген – Ахмет Байтұрсынов атамыз «тіл құралы» деген кітабында көрсеткен.
Оқулықпен жұмыс.
— Ал балалар етістік әлеміне саяхатқа шығайық. Бірінші аялдамамыз «Ғажайып суреттер» аялдамасы. Суреттегі балаларға ат қойып не істеп жатқандарын қысқаша айтып өтейік. /1 слайд/
— Жарайсындар балалар келесі аялдамамыз « Жаттығулар әлемі» /2 слайд/
355 – жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Аю) не істейді?
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.(Күн)
Дәптермен жұмыс.
356– жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Тоғайда түрлі аңдар болады. Терең шатқалға қояндар жасырынады.
Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді. /10/
357-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды. Жауды. Тасыды. Жүзді.
Сергіту сәті.
358- жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
Көгершін, (не?) жасыл, (қандай?) жинады (не істеді?) айтты (не істеді?) асыл, (қандай?) сөйлесті ( не істеді?) байлады ( не істеді?)./5/
— Жарайсындар балалар сендер әр аялдамадан қиналмай өтіп жатырсыңдар. Ал енді «Мәтінмен жұмыс» аялдамасынада жеттік.
Тиін
Тиін күзде қыста жейтін азығын жинайды. Саңырауқұлақтарды ағаш бұтағына іліп кептіреді. Ал жаңғақ пен шыршаның бүрін топыраққа көміп жасырып қояды. Тиін азық қорын мол дайындайды. Қыста бәрін жеп тауыспайды. Желінбей қалған жаңғақ пен бүрден көктемде жас өскіндер өсіп шығады. Кейін олар шыршаға, жаңғақ ағаштарына айналады.
Мәтіндегі сөздерді топқа бөл.
Зат есім Етістік
Тиін, Жинайды, кептіреді
— Балалар соңғы аялдамамыз «Білім керек бәріне». Қазақта мақал бар ғой «Білім инемен құдық қазғандай» «Білімдінің көзі жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп қазақ бекер айтпаған. Білім бізге оңайлықпен келмейді екен ол үшін көптеген тер төгіп, жаттығулар орындап, сөйлемдер құрап еңбек ету керек екенбіз. Барлық нәрсе білім арқылы келеді. Математика сабағында біз есп шығаруды үйренеміз, ал ана тілінде өлең , ертегі ақын жазушылармен танысады екенбіз, ал қазақ тілінде ережелер жаттап, көркем жазып, жаттығулар орындаймыз. Осының барлығы білім арқылы келеді. Ал сендер өздерің білім жайлы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
«Кім көп біледі?» ойынын ойнау.
Ойынның шарты: іс-қимылды білдіретін сөздерді айту.
Деңгейлік тапсырма:
1-деңгей. Өлеңнен етістікті тауып астын сызу.
Ағам жылқы бағады,
Атам пішен шабады.
Жеңгем сиыр сауады,
Әжем киіз қағады.
2-деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып жаз.
Апам ауылдан ….
Жаңбыр сіркіреп …
Біз саябаққа …
3-деңгей. Берілген тірек сөздерден мәтін құрап жазу.
Жасалады, ағаштан, сандық, сырты, оның, әшекейленеді, ішіне, киімдерді, сақтай.
IV.Бекіту: тест тапсырма.
- Кім? Сұрағына жауап болатын сөз қайсы?
а/ айна ә/ гүл б/ сәби
- Не? Сұрағына жауап болатын сөз қайсы?
а/ суретші ә/ ұшқыш б/ кітап
- Заттың атын білдіретін сөзді тап.
а/ сүңгу ә/ көйлек б/ қызыл
- Не істеді? Сұрағына қай сөз тиісті?
а/ бұршақ ә/ әңгіме б/ реттеді
- Жалқы есімді тап
а/ қалам ә/ Серік б/ қоян
- Етістіктің сұрақтарын тап.
а/ Кім? Не? Кімдер? Нелер?
ә/ Не істеді? Не қылды? Қайтті?
б/ Қандай? Қай?
V.Қорытынды:
Сөз табы
Қайтті? Етістік іс-әрекет, қимыл
Не істеді? Не қылды?
- Үй тапсырмасы.359 – жаттығу үйге «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құра.
VII. Бағалау.