Диаграммаларды құру

 

№13 жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Боранова Ақкүміс Масабайқызының информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Сынып8 «в»   сынып  (2-тізбектелген сабақ)
Өтілетін орныМультимедиа кабинеті
Өтілетін мерзімі16 cәуір 3 – сабақ     сағ. 10.30 — 11.15
Сабақтың тақырыбыДиаграммаларды құру
МақсатыExcel бағдарламасының негізгі графикалық мүмкіндіктерімен танысып, берілген мәлімет бойынша диаграмма құру туралы білімінің кеңеюі.
Жұмыс нәтижесіExcel бағдарламасында диаграмма типін ажыратып, оны бағдарламада орналастыра біледі.

Диаграмма шеберінің жұмысын және қызметін түсінеді.

Берілген ақпаратты көрнекілік үшін диаграмма арқылы көрсетеді, көркемдей алады.

СілтемеН.Т.Ермеков, Н.Ф.Стифутина.

Информатика. 8 сынып. Алматы «Мектеп» 2004 ж.

Интернет материалдары

Әдіс тәсілдерСыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Оқуды және оқыту үшін бағалау;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

АКТ-ны қолдану;

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

РесурстарПостер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа  материалдар, компьютер, интерактивті тақта, проектор, желім, қайшы
Сабақтың өтілетін уақыты45 минут

 

Сабақ жоспары1.      Ұйымдастыру:  топқа бөлу, мақсат қою

2.      Сабақ барысы:  Блум таксономиясы бойынша

3.      Рефлексия

4.      Үйге тапсырма

Үйге тапсырмаДиаграммаларды құру

1)Тақырыпты оқу

2) Банк қызметкерінің рөлін және мектеп бухгалтерінің рөлін сомдау

 

 

 

Ойлауды Блум

бойынша жіктеу

МақсатТапсырма түрі.

Түрткілер.

НәтижеБағалау
критерийлердескрипторҰпайЖиынтық баға
БілуСыныпта жайлы атмосфераны қалыптастыру

 

Әр ел бойынша амандасу.

 

 

Әр елдің амандасу салтын жасайды

Оқушыларды топқа бөлуМозаика әдісі арқылы топқа бөлінеді.

 

 

Гистограмма

График  Дөңгелек

Өткен тақырып бойынша білімді еске түсіруӨрмекші торы«Өрмекші торы»арқылы оқушылар бірі-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақ  қояды, білімін еске түсіреді.Білімін анықтау

 

Сұраққа толық жауап берді3
Жауап беру кезінде қателесті2
Сұраққа жауап бере алмады.1
БағалауЖарайсың! Тамаша!
ТүсінуДиаграмма туралы түсіндіру және  оны сипаттау.Күту алма ағашы

 

Қос жазба күнделігі

1 топ – Гистограмма құру, көркемдеу әдістері

2 топ – Графиктік диаграмма құру, көркемдеу әдістері

3 топ – Дөңгелек диаграмма құру, көркемдеу әдістері

Диаграмма туралы түсінеді және сипаттайды.Тақырыптың басты идеясын табуТапсырманы толық орындады, ізденді3
Ауызша идея қосты, қателіктері болды2
Тапсырманы орындауда қиналды1
Өзін-өзі бағалауБас бармақпен бағалау
ҚолдануТапсырма орындау барысында жаңа мәліметті қолдануДеңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

Кестедегі мәтіндерді қазақшаға аударып, пайыздарына сәйкес гистограмма диаграммасын салып, сәйкес түстерге бояу

 

2-деңгей

№13 мектептің жылдар бойынша озат оқушылар саны

 

3-деңгей

Сыныптағы оқу үлгіріміне дөңгелек диаграмма құрыңдар.

Тапсырма орындау барысында жаңа мәліметті қолдана алады.

 

Тәжірибе жасау дағдысын дамытуТәжірибені жоғары деңгейде жасады10
Орташа деңгейде жасады5
Тәжірибе жасауда қиналды.2
Сергіту«Көңілді күн» әніне билейді
ТалдауТақырып бойынша алған білімдерін зерделеу.Диаграмма түрлерін топтастыру

 

 

Сұрақтарға жауап беру кезінде алған білімін зерделейді.Топтастыру арқылы ара-қатынасын белгілеуДиаграммаларды дұрыс топтастырып, толық мәлімет берді3
Сызба құрастыруда топпен жұмыс жасады2
Ауызша ой қосты1
БағалауСтикер арқылы бағалау
ЖинақтауБілімді тиянақтау, өз болжамын ұсынуКөршінің сұрағына жауапБілімдерін тиянақтап, өз болжамдарын, ойларын ұсынады.Білімді жинақтайдыТолық сұрақ құрастырды, толық жауап берді3
Сөйлемдері толық құрылмаған2
Сөйлем құрастыруда кедергілер туды.1
БағалауОйды жинақтауға дағдыландыруТест

 

Блоб ағашы

 

 

Ойлана отырып, шешім қабылдауға дағдыланады.Ойлау дағдысын кеңейтуБарлық сұрақ дұрыс5
Қателері бар4
Тестілеуде шатасқан3
РефлексияБес саусақ  әдісі

 

Сабақ бойынша кері байланыс жасау

 

 

Әр елдің амандасу салты арқылы бір- бірімен амандасу.

Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.

Қазақтар -қол алысады

Италияндықтар —   құшақтасады

Бразилиялықтар — бір бірінің  иығын қағады

Зимбабалықтар –арқасымен   амандасады

Македониялықтар –   шынтақпен

Никарагулықтар —  иықпен  амандасады

Австралиялықтар — шапалақ ұрып серкіреді

Француздар- бір бірінің маңдайынан сүйіп амандасады.

Үнді халқы- қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етеді.

Жапондықтар- бастарын иіп амандасады.

Кения- билей бастайды.

Американдықтар- қол алысады.

Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей. Сыныптағы оқу үлгіріміне дөңгелек диаграмма құрыңдар. Диагарамманы безендіріңдер.

Оқу озаты4
Оқу екпіндісі15
Орташа7

 

2-деңгей.

Мирон НЖББ мектебінің жылдардағы оқушылар саны

Жылдар 200820092010
7-сыныпта1098
8-сыныпта5109
9-сыныпта6510
Барлық оқушы саны:
  1. Берілгендерді енгізу, редакциялау.
  2. «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз.
  3. 7-сыныптың, 8-сыныптың, 9-сыныптың жылдар бойғы оқушы санын өзіңіздің қалауыңыз бойынша диаграммаға салыңыз

 

«Ағылшынға қалаймыз?».

3-деңгей. Мына кестедегі мәтіндерді қазақшаға аударып, пайыздарына сәйкес гистограмма диаграммасын салып, сәйкес түстерге бояу керек.

Түстердің қолданылуының пайыздары

blue37%
red20%
green12%
yellow10%
white3%
brown2%
orange1%
black25%

 

 

  1. Тест сұрақтары
    1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
    А) Іске қосу — программалар – MS Office – MS Office Microsoft Excel
    Б) Іске қосу — программалар – стандартты — Microsoft Excel
    В) Іске қосу — құжаттар — Microsoft Excel
  2. Диаграмма қою тәсілі:
    А) Файл – диаграмма   Б) Вставка – диаграмма       В) Формат – диаграмма
  3. Ұяшықтың дұрыс жазылған атын көрсет:
    А) А6, Ң12 Б) Д12 В) Ә15
  4. Ұяшық дегеніміз не?
    А) Бағанның жалпы атауы

Б) Жолдың жалпы атауы
В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.

  1. Диаграмма деген не?
    А) Мәтіндерді еңгізу үшін;
    Б) Мәліметтерді талдау мен салыстыруда көрнекі графиктік түрде бейнелеу;
    В) Эксперимент жүргізу үшін
  2. Диаграмма түрлерін көрсет?
    А) гистограмма, форматтық, графиктік, төртбұрышты

Б) гистограмма, конустық, графиктік, дөңгелек

В) дөңгелек, конустық, пирамидалық, төртбұрышты

  1. Бағана мен жолдар қалай белгіленеді?
    А) A, B, C, D, E, F, т. б. және 1, 2, 3, 4, 5, 6 т. б.

Б) А, И, С, М және 1, 2, 3, 4, 5, 6
В) A6, D12, F15, Q4 және 1, 2, 3, 4, 5, 6

  1. Дөңгелек диаграмма не үшін қолданылады?
    А) Бірнеше шамаларды салыстыру үшін
    Б) Бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін

В) Бірнеше шамаларды бір нүктеде ауысқандығын бақылауға

  1. Гистограмма не үшін қолданылады?
    А) Бірнеше шамаларды салыстыру үшін
    Б) Бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін

В) Бірнеше шамаларды бір нүктеде ауысқандығын бақылауға

  1. Графиктік диаграмма не үшін қолданылады?
    А) Бірнеше шамаларды салыстыру үшін
    Б) Бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін

В) Бірнеше шамаларды бір нүктеде ауысқандығын бақылауға