8 наурыз мерекесіне арналған «Көктем аруы» атты сценарий

Ақмола облысы, Степногорск қаласы. №2 «Балдырған» балабақшасы

Музыка жетекшісі Жумабекова Майра Еслямовна

Еңбек өтілі: 16 ж

Біліктілік санаты 2

8 наурыз- Аналар күніне арналған ертеңгілік.

«Көктем аруы!»

/даярлық тобы/

 

Мiндеттері:

  • Әндегі анаға деген махаббатты сезе білу, ұғына білу және жеткізе білу.
  • Ана қамқорлығын, ана махаббатын музыка тілінде баулу
  • Бір-бірін құттықтап қуанышты мерекелік көңіл күйде болуға талпындыру.

 

 

Пайданаланылатын құралдар:

Балалардың өз қолынан жасалған сыйлықтар

Сиқырлы гүл

Құймақ эстафетасына арналған заттар: ойыншық  2 газплита, 2 таба, 2 кішкентай тарелке,1 үлкен тарелке, картоннан жасалған   6 құймақтар.

Әшекелеуге арналған заттар: моншақтар, білезіктер, орамал, шляпалар, көзілдірік.

қайшы әр-түсті қағаздар, қарындаш желім және картоннан жасалған әдемі себет.

 

Кейіпкерлер: Карлсон. Жалмауыз кемпр.

 

Барысы: Көңілді музыкамен залға ұлдар залға кіреді Жүргізүшінің жанында колоннамен тұрады.

 

Жүргізуші; Сәлеметсіңдер ме құрметті аналар, қонақтар!Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға 8 наурыз аналар  мерекесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелеріңіз  құтты болсын! Бүгінгі мереке, ерекше өйткені «Көктем аруы» атты сайыс ретінде өткізілетін болады! Сонымен ортаға біздің сұлу қыздарымызды ортаға шақырайық!

 

Қыздарды таныстырып айтады .Залда қыздарды ұлдар қарсалып, қолдарынан ұстап жарты шеңберге тұрады

 

Жүргізуші; Аналардың құрметіне балалар тақпақтар мен ән айтып береді!

 

Тақпақтар:

Ильяс:

Анамның мерекесі       /А.асылбеков/     

Айналайын   ана, мерекеңмен!

Сыйлайыншы  саған,

Дала гүлін мен!

Мерекелі  күнің, қандай тамаша!

Кеудеңгегі  гүлің, қалды  жараса!

 

Мансұр:                            Ана   /Ғ.Орманов/

Мәпелейсің  мені, анам.

Қолындағы  құсындай.

Құлпырап  өсіп  дем аламын,

Құшағында  қысылмай.

Үмітіндей  көзіме,

Көп  қарайсың  үңіліп

Еркелеген  сөзімде

Ертеңіңіз  тұр  күліп                                                                                                                                       Сен  жалықпай  жетектеп

Мен жаттыға  жетермін

Айтқаныңды  екі  етпей,

Ақ  сүтіңді  өтермін.

 

Арсен:

Құттықтаймын, анашым   /Н.Айтов/

Құшағына кіргенде

Жылынамын  бір  демде

Не жетеді  көзіңе

Мейірімді  күннен  де.                                                                                                                                     Үн  қатасың  бал  тілмен,

Еркелеймін  әркүн  мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші  наурызбан!

 

 

Ән «Анашым»

 

Балалар орындықтарына отырады

 

Жүргізүші: Сонымен бәрі дайын! Ал қазір сіздерге әділ қазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіз! Әділ қазылар ретінде ата-аналар қатысады                                                                         Бірінші сайысты бастайық! «Таныстыру» визитка. Қарсы алыңдар ортаға (5-6) сұлу қыздарды шақыраыйық!

 

1«Таныстыру» визиткаҚыздар өздерін таныстырады.

 

1)  Уа  халайық

Мында  назар салайық

Ана  жолын жалғаған

 

Ел дәстүрін  қолдаған

Қорқытбекова Саидамын

Келіп тұрмын  алдарыңызға!

 

2)  Армысыздар  апа аналарым

Мен  Балдырған  баламын

Көркем  гимнастикасымен айналысамын

Шырқап әнде саламын

Жасым менің  жетіге   келген

Әбіл  тегі  Арайлым  мен  боламын

 

3)   Әдема  деп  босқа  мені  айтпаған

Өнерлі де,  шеберлі  де  мен  болам

Келді  міне Ануардың  қызы  да

Сейфуллина  деген  жөніммен

Алдарында  тұрмын   мен!

 

4)  Мен,  мен  едім, мен едім

      Жамиля  деген қыз  едім

     Жанбай  деген  тегім  бар

Қарауыл  деген  руым  бар

Сынасуға   қыздарының   бірі де                        

Өнерлі де , биші  де

Мен, мен едім, мен едім

Бұл сайыста  өзімді

Көрсетуге  келген  едім!

 

5)   Балабақша Балдырғанның  есігін

Ашқан  былтыр, мен Медина, есімім

Әкем  Жанат, анам менің Әсия

Әлдиіммен тербететін  бесігін

Торғын атты әжем бар, ол аз десең

Кейде үндемес, кей  кезде  сөзге   шешен

Анам жақтан Айсұлу, Балғабай бар

Жүрсінші, олар – дағы  аман — есен

Атамның  жоғы әжеме қатты   батар

Бақыттырақ  болар  ма  ед, жүрсе қатар

Жалғыз  өмір сүргісі келмеген  соң

Менің күні  батып,  таңы атар

 

Жүргізүші: Құрметті аналар сіздердің құрметіңізге вокал тбының орындауында «Анашыма» деген ән қабыл алыңыз!

 

«Анашыма» әні вокал тобы орындайды.

 

Жүргізүші: Ортаға тағы да сымбатты қыздарымызды шақырғым келеді! (5-6)қыз

Қыздар өздерін таныстырады.

1  Мен   Искакова Дилярамын

Мен 6 жастамын

Мен  би билегенді,

Сурет салғанды ұнатамын

Мен өз отбасымды  өте жақсы көремін!

 

2  Балдырғанның  төрінде

Ботақан тобының  өрінде

Мен  боламын   тең  басқан

Дос  құшағын кең  ашқан

Өнеріммен  келдім мен

Арулардың   бірі  мен

Даман Аружан боламын!

3 Жұлдыз  болып  жанамын

Қарлығаш  боп  ұшамын              

Жасмин  гүлдей  құлпырап           

Таныстырам өзімді

Мен Кусаинова                            

Дамелі Даниярқызы

 

4 Мен қазақтың  қызымын

     Малика  деген есімім

Инаятова деген  тегіммен

Қайсын  күйші, кім биші,

Қайсын  әнші,  кім  жыршы,

Қайсын  зерек, кім жылдам,

Сайысайық  көрейік

Талаптанып  тартысып!

 

5Сегізінші  Наурыз

Аналардың  мейрамы

Көктен нұрды  жауғыз

Армандардай ойдағы

Таныстырған өз тобын

Мен Малика өнерпаз

«Балапан» өнер  басшысын

Болайық  біз  жеңілпаз

 

6  Бас иемін  ата —  баба тұрғынына

Бас иемін  жалпы қазақ  ұлтына

Әкем Мейрамбек, Аружан менің  есімім,

Келіп тұрмын  сәлем  беріп жұртына

Орта  жүзден  тараған найман едім

Алдыма адал мақсат қойған едім

Степногорск  ұланымын ұлағатты

Өніп өскен  ортам бар жұрағатты

Тәуекел  деп  алдына  келіп  тұрмын

Иіліп   сәлемімді  беріп  тұрмын

Сайыста өнерімді  бағалаған  жұрт

Әділ баға береді  деп,  сеніп  тұрмын

Қыздар орындарына барып отырады

Музыкамен залға Карлсон келеді

 

Карлсон: Сәлеметсіңдер ме ардақты аналар, асыл әжелер, сымбатты қыздар! Кележатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізүші: Сәлеметсіңбе қымбатты Карлсон! Мерекеге келгеніне рахмет! Сен білесіңбе бүгін бізде « Көктем аруы» атты сайысын болып жатыр!

Карлсон: Қалай тамаша! Менде қыздарды келесі сайысқа шақырғым келеді! Бірақ бұл сайста аналардың көмегі керек!

2« «Көктем гүлдері»  сайысы!

Екі командаға бөлінеді. Стол үстінде қайшы әр-түстіқағаздар,, қарындаш клей және картон. Музыка әуенімен салфеткалардан гүлдерді қыйып картонға клеймен                                  

 

 

жапсыру.   Қыздар анлармен бірге жасайды. Сонында ең әдемі «көктем гүлдері» тандап алынады.Бұл сайысқа 2қыз,2ананы қатыстыруға болады.

Жүргізүші: Ал қыздарымыз себеттерге гүлдерді толтырғанша, біздің ұлдар өз тақпақтарын айтып береді

Ильяс   пен  Ералы  тақпақ ана туралы

                 Анашым       /Оңғарсынова/

Еркелесем күлімдейтің

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иәскеп менің

Құлыным, күнім! Дейтін

Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де

Батырлардың батылданам

Жамандықтан сақтандырып

Жаксы ісімді мақтан қылып

Отыратын анашымды

Жүрсе деймін шеттандырып

 

                        Ана          /Сарыбаев/

Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Ылғи менің қасымда

Мен анамды сыйлаймын

 

Карлсон: Өте тамаша «Көктем гүлдері»! маған қатты ұнады.Балар мерекені көңілді бимен жалғастырайық! Кәне «Аналарға арнаймын» атты би билейік!

 

«Аналарға арнаймыз биі»

 

 Жүргізуші: Карлсон , балалар аналармен қызықты ойын ойнағысы келеді!

Карлсон: Қандай ойын?

Жүргізуші: « Анаңды тауып ал» деген ойын!

« Ананды тауып ал»  ойын                                                                                                                                                       Балалар кішкентай шеңбер құрып тұрады, аналар сыртқы шеңбер құрып тұрады.
1 бөлмде балалар билейді аналар шапалақтайды. Музыка тоқтайды жүргізүші айтады: «көзінді жұмып, аналардан тығылайық», балалар отырады көздерін жұмады.
2 бөлімде. Аналар қол ұстасып шеңбер бойымен жүреді,
3бөлімде. Аналар тоқтайды, жүргізуші айтады: «Ана
ңды тауып ал, құшақта». Балалар көздерін ашып, аналарын тауып алады.   

        

Карлсон: Балалар сендер білесіңдер ме бүгін асыл әжелердің де мерекесі емес пе! Кім әжелер туралы тақпақ біледі?

Әжелерге тақпақтар

Әже         /Н.Шаяхметов/    

 Арон

Әжем   менің  әлі  де                                                                                                                            Ұқсамайды  кәріге.

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Базарға  өзі  барады,

Бәрін  салып  алады

Жұмсайды  әжем  мені  де,

Тауыққа  жем  беруге

Ауырады кей  кезде

Аяғы да белі де

Біз дәрісін  табамыз

Қамқорлыққа  аламыз!

 

Темірлан

Менің  апам   /А.Бақбергенов/

Мені  жақсы  көреді

Күндей  күліп  келеді

Көп ертегі  біледі

Маған айтып береді

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларлы  қумаймын

Айтқан  сөзін   тындаймын

Апашымды  сыйлаймын!

 

Жүргізуші:Құрметті де ардақты әжелерді 8 наурызбен  құтықтаймыз! «Қария бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған ғой! Құрметті әжелер балалардың « Әжеме» деген әнің қабыл алыңыз!

 

« Әжем менің тамаша» әні

 

Карлсон:Қандай тамаша ән мен тақпақтар! Маған қатты ұнады! Менің де әжем бар, сендер білесіңдер ме, қандай дәмді құймақ маған дайындайды! Шіркін сол құймақты тағы бір жесем ғой!

Жүргізуші: Тоқтай тұр, Карлсон, біздің балалар саған құймақты дайындап  береді!

 

Құймақ -эстафетасы

Балаларға алжапқышты кигізіп, екі командаға бес баладан, қарама-қарсы арақашықта екі ойыншық газплитада құймақтар (картоннан) жатыр. Табаны бір-біріне беріп, Карлсонға жеткізу. Қай команда бірінші сол жеңімпаз болады

 

Карлсон: Өте керемет жақсы ойнадындар! Рахмет балалар енді құймаққа тоятын болам! Ал менің кететің уақытым келді сау болындар!

Жүргізуші: Рахмет саған Карлсон бізбен мерекеде болғаныныа, қызықты ойын ойнағанына! Сау бол! Карлсон кетеді

Жүргізуші : Мерекені көңілді бимен жалғастырайық!

«Көктемгі гүлдер» биі

 

Музыка әуенімен залға Жалмауыз кемпр келеді.Қолында айна ұстап сыланып шығады.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе қымбатты әже! Сіз кімсіз?

Жалмауыз кемпр:  Сен не деп тұрсын қандай әже? Мен ең сұлу, әдемі, көрікті Көктем аруы емеспін бе! Міне қарашы қандай әдемімін! Ал қалай би билей аламын!Музыка естіледі билеп, билеп шаршап қалады.

Жүргізуші: Балалар қарандаршы сендер ештенені байқап тұрған жоқсындар ма! Осындай Көктем аруы бола ма? Беті жуылмаған! Шашы таралымаған! Киімі жыртық! Жоқ сіз қалжындап тұрсыз әже!Балалар айтындаршы бұл кім?

Балалар: Жалмауыз кемпр!

Жүргізуші: Сіз бізді алдай алмайсыз! Бүгін балабақшада Көктем ару атты сайыс болып жатыр! Қараңыз, біздің қыздар Көктем ару сайысында қатысады!

Жалмауыз кемпр:  Осы кіп — кішкентай шегіртке сияқты қыздар ма? Жоқ себеймін! Қалай дәлелдейсіз?

Жүргізуші: Қара да тұр дәлелдейміз! Мүмкін сыз қыздарға кезекті сайысты айтып бересіз?

Жалмауыз кемпр:  Жарайды ойланып көрейін! Ал сендер музыкалық аспаптарда ойнай аласындар ма!  Мен осы романс тындағым келеді! Жаныма сондай рахат береді                                                                                   Жүргізуші: Әрине ойнай алады!

Жалмауыз кемпр:  Ендеше келесі, оркестрде , романс ойнап көр сайысы!

Жүргізуші: Оркестрде ұлдардын көмегімен қыздар аспаптарда ойнайды!

 

3 Оркестрде ойнап көр сайысы

 

«Романс» Рахманинов

 

Жалмауыз кемпр:  Қандай тамаша, керемет! Бірақ сонда да  сенбеймін! Мен әдемі болған соң, шашыма құшты бір прическа жасауды ұнатам! Ал осындағы қыздар маған бір әдемі прическа макияж жасап бере алама? Стилист секілді талаптарын бар ма?

Жүргізуші: Әрине жасайды!

Жалмауыз кемпр:  Ендеше кезекте, Жалмауыз кемпрді әшекелеу деген сайыс жариялаймын!

 

4 «Жалмауыз кемпрді әшекейлеу» сайысы

Сайыста қатыспаған қыздар жалмауыз кемпрді әшекелейді. Музыка әуенімен моншақ шляпа сөмке кигізіп,  белбеу тағып,   шашын  тарайды.

Сайыстан кейін Жалмауыз кемпір қуанып дефеле көрсетіп айналып өтеді!

 

Жалмауыз кемпр:  Рахмет мен өзімде әдемі едім енді оданда құлпырып кеттім! Жарайды сенем сендерге шыныдада «Көктем аруысыңдар!». Мына сиқырлы гүлді сендерге сыйлыққа беремін!

Ал менің кететін уақытым болды сау болындар!

Жүргізуші: Балалар менің ойымша аналарға сыйлық беретің уақыт келген сияқты!

Алдияр

Аналарға сыйлықты өз қолымен жасаймыз!

Малика

Мүмкін гүл егіп саламыз!

Адиль

Мүмкін сүрет саламыз!

Барлығы: Сыйлықты беріп бетінен сүйеміз!

Балалар сылықтарды аналарына сыйлайды.

Жүргізуші: қымбатты аналар мен әжелер сіздердге арнап «Ана күні» деген әнді қабыл алыңыз!

«Ана күні» деген ән.

Жүргізуші: Ал енді кезкті сөзді біздің әділ қазылар алқасына беремін.

Әділ қазылары сөз сөлеп қыздарды грамоталармен марапаттайды.

Жүргізуші: Балалар естерінде ме Жалмауыз кемпр бізге сиқырлы гүл сыйлады ғой! Кәне көрейікші ішінде не бар екен!Музыка әуенімен сыйлықты ашады ішінен кәмпиттерді алып шығады! Балаларға таратады.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі мереке аяқталды! Сау болыңыз!