Әдеби кеш «Аққан жұлдыз» Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты: алғашқы қазақ ғалымы, фольклорист, әдебиет зерттеуші Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту;

Шоқанның еңбектері мен  өмірінің кейбір кезеңдерін білуге деген танымдық

қызығушылығын,  мәнерлеп оқу дағдысын, сахнада өзін-өзі ұстай білу қабілеттерін дамыту;

оқушылардың шығармашылық жұмысқа деген ынтасын тәрбиелеу, Шоқанның жан-жақтылығын таныту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуы-

на ықпал ету.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтада слайд-шоу  «Шоқан Уәлиханов»; Шоқан туралы

                               кітаптар; сахналық көрініс «Шоқан мен Мысық», «Шоқан мен Айжан»

                               «Шоқан өмірінің соңғы сәті».

                                                           Барысы:

1-жүргізуші. Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі алғашқы қазақ ғалымы, әдебиетші, фольклорист, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кешімізге қош келіпсіздер!

2-жүргізуші. Шоқан Уәлиханов родился в ноябре 1835 года в крепости Кусмурун Кокшетауской области. Отец его (слайд — Шоқанның  әкесі — Шыңғыс Уәлиұлы) Шингис Уалиевич — потомок хана Аблая — окончил войсковое казачье училище, служил старшим султаном, имел чин полковника, был одним из влиятельных, образованных для своего времени людей.

 1-оқушы.  (слайд — Шоқанның бала кезі) Шоқанның шын аты —  Мұхаммедханафия. Апасының еркелетіп қойған аты — Шоқан. Шоқыдай биік, таудай асқақ деген мағынаны білдіреді. Кішкене кезінен апасы Зейнептің шоқы, Шоқан деп атауының өзі Шоқанның бала жастан зерек, алғыр болғандығын байқатады.

Детство Шокана прошло в усадьбе, (слайд — Сырымбет тұрағы) в родовом имении отца — в Сырымбете.  Это одна из самых живописных местностей Северного Казахстана, о красоте которой есть много песен в народе.

2 оқушы.  Қостанайда Құсмұрын деген жер бар. Ол Қостанай қаласынан 100 шақырымдай жерде. Мұнда қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туған.

Құсмұрын табиғаты мүлде өзгеше. Оның бұлағы, көлі бар. Ол жер — тау мен қырат. Бірақ қырат алыстан құс тұмсығына ұқсап көрінеді. Сондықтан бұл өлке Құсмұрын атанған. Қыраттың төскейі — қайысқан қайың, көкорай шалғын.

1-жүргізуші. Надолго запомнились Шокану увлекательные рассказы бабушки Айғаным, музыкально-поэтические состязания акынов, которые устраивались отцом в усадьбе. Сценка из детства Шокана

Мысық пен Шоқан

Қатысушылар: Шоқан, Мысық — кедей баласы, Жақып — Шоқанның інісі, Айғаным — Шоқанның әжесі.

Шоқан: Ей, Мысық, аман ба! Мына ойыншықты кім істеді?

Мысық:  Өзімдікі, өзім істедім. (Мұрнын тартып, ойыншықтарын көрсеткісі келмейді)

Шоқан:   Сен немене, мені жатырқап қалғансың ба? Әкең қайда?

Мысық:  Әкем үлкен төренің аулына кеткен.

Шоқан:   Сен мына ойыншықтарды маған бересің бе?

Мысық:  Жоқ, бермейм, кешегі баладай, сен де алып қашасың!

Шоқан:   Қорықпа, мен тимейм.Кәне, көрсетші. (Ойыншықтарға қарап): Өзің шеберсің ғой! Маған ана (саусағымен көрсетіп) балшық атыңды берші. Ақысына не аласың?

Мысық:   Не бересің, бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?

Шоқан:   Бәрін берем! Сен  маған ойыншығыңды бер. Жүр біздің үйге! Апамнан көп қант-бауырсақ әперем.

Мысық:   Иә, бармайм, қорқам, сіздің ауылдың баллары — тентек, иті — қабаған, мені итке талатады.

Шоқан:   Жоқ, мен тигізбейм, өзім ертіп апарам!

Мысық:   Иә, апаң ұрсады, қорқам! (Шоқанға  ойыншық түйені береді)

Шоқан:   Өй, кәдімгі түйе ғой мынау!  (таң қалып, ойыншықты айналдырып қарай бастайды) — Өй, өзің қандай шеберсің!  (қуанып) : — Жүр менімен! Апам ұрысайды.

(Екеуі Шоқанның ауылына қарай келеді. Олардың алдарынан Шоқанның тентек інісі Жақып жүгіріп шығады ).

Жақып: Ей, мынау Мысық па?! Қайдан тауып алдың? (Мысықты итереді)

 Шоқан: Өй, жынды, әрі кет, онда нең бар?! (Жақыпқа қарай жүгіреді, ол қаша жөнеледі. Мысық жылап, кейін шегіне бастайды.)

Шоқан: Мысық, неге жылайсың? (Інісіне ызасы келеді. Мысық барғысы келмесе де, оны қолынан тартқылап үйге кіргізеді. Мысық тұрып қалады, әрмен қара өтуге қорқады. Кеткісі келеді, бірақ иттен қорқады.)

Шоқан: Мысық , бері жүр.

(Үйдің ішінде үстелдің қасында Шоқанның әжесі Айғаным отырады. Жанында- қолына қамшы ұстап Жақып отыр. Ол Мысыққа ызалана қарап, тұра ұмтылады):

Жақып: Өй, қара өзін! Неге келдің?! Әйдә, шық!

(Шоқан олардың арасына тұра қалып):

Шоқан: Аулақ кет, мұнда нең бар?! Қорқытпа, тиіспе! Бұл — менің жолдасым! (әжесіне қарайды. Ал әжесі Мысыққа бір, Шоқанға бір қарайды.)

Әжесі: Шоқан — ау, мынауың әлгі бір былтырғы сары бала ма? Үсті-басы немене?! Қасына жоламашы. Ойнауға бір жөні түзу бала табылмады ма? (Мысыққа қарап) : — Әй, сен әлгі күзетшінің баласысың ба? Мұнда қайдан келдің? (Мысық қорқып, аяғының астына қарайды.  Шоқан ұялады.)

Шоқан: Қорықпа.

Иә, мен кетем. Бағана айттым ғой, ұрсады деп. (Кейін шегіне бастайды. Шоқан Мысық:оны тоқтатып):

Шоқан:  Әже, мына Мысыққа бауырсақ берші.

(Әжесі қызметші әйелді шақырады.)

Әжесі: Әй, Қанипа, ана балаға бауырсақ әперші,  отырғызып қымыз бер. Шоқанжан ертіп келіпті ғой. (Жақып Шоқаннан қорқып әжесінің арт жағында отыр, Мысыққа жасырын жұдырығын көрсетеді. Қызметші әйел  қымыз бен бауырсақ әкеледі. Мысық отырып, қымыз ішеді.)

Шоқан: Сен немене, әлі қорқып отырсың ба? Жеп қой, қалғанын салып ал. (батылырақ сөйлейді. Мысық та өзін еркіндеу ұстайды. Бауырсағын жеп, аузын жеңімен сүртеді.Орнынан тұрып, есікке беттейді. Бірақ қимылсыз тұрып қалады: иттен қорқады.)

Шоқан: Иттен қорқып тұрсың ба? Кәне, жүр! Ертең саған келем. Маған түйе істеп қой!

Мысық:   Жоқ, мен құс істеймін. (мұрнын тартып)

Шоқан:  Иә, иә, істе, тіпті жақсы! (Мысық кетеді)

 

1-жүргізуші: 12 жасында  Шоқан Сібірдегі ең таңдаулы Омбы кадет корпусына оқуға түседі.  (слайд — Омбыдағы кадет корпусы ) Бұл жерде Шоқан қай жағынан болсын тез өсіп, 2 жылда өз құрдастарынан асып кетеді. Шоқанның дүниетанымының қалыптасуына сыныптасы Григорий Потанин, ұстазы Н.Ф. Костылевский айрықша ықпал жасады. 1852 жылы Шоқан шығыстанушы И.Н.Березинмен танысып, оның өтініші бойынша «Тоқтамыстың  хандық белгілері» мақаласын жазады. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Шоқан 14-15 жасқа келгенде мұғалімдері оның болашақ ғалым болатынын айтып жүрді. Шоқаннан қалжыңшылдық, күлдіргі әңгімелерге шеберлік, оқыс мінезділік сияқты қасиеттер ерте білінді. Ойда жоқ жерден сөз тауып, шешендігімен бірге ол сурет салуға да шебер болып, әзіл- оспақ -шарж ретінде көңіл аударар істер көрсетеді. Осындай қабілетіне сай еңбеккер, өз бетімен ізденгіш, естігенін ұмытпай айтып жүретін ерекше қасиеті де танылады. Осы мінездерімен жолдастары арасында қадірлі болып, оқытушыларын да разы еткен. (слайд — Шоқан кадет)           (Потаниннің естелігі)

2-жүргізуші: Кадет корпусын ол 1853 жылы  бітірген. Сол жылдары Дала өлкесінің генерал-губернаторы Генрих Гасфорт болатын. Корнет дәрежесіндегі Шоқан оның адъютанты болып қызметке кіреді. (слайд -Омбыдағы Шоқан қызмет еткен генерал-губернатордың сарайы) Омбыда тұрған кезінде Шоқан алдыңғы қатарлы озық ойлы орыс офицері Гутковский мен Капустиндердің үйінде жиі қонақ болған. Мұнда әдебиетшілер, суретшілер, офицерлер көп жиналған. Шоқан осы қоғамның жаны болады, өзінің қоғам және саясат туралы өткір қалжыңдарымен өз таныстарын мәз-мәйрам еткен.

Мұнда ол генерал-губернатор Гасфорттың жиені Катерина Гутковскаямен танысады. Олар достасып кетеді. Катя шын жүрегімен Шоқанға ғашық болады, бірақ Шоқан оның сезіміне жауап бермейді, оны тек қарындасындай жақсы көреді. Кейін Катерина Петербургке оқуға кетіп қалады да, олардың кездесулері сирейді.

Өндірдей жас болғанымен, аса білімдар қазақты Омскіде тұратын орыс зиялылары Майков, Достоевский, Курочкин, шығыстанушы Бутковский және басқалар байқап қалады. (слайд Достоевскийдің сөзі; екеуінің суреті) Достоевскийдің тағдырына араласып, оның айдаудан ерте босануына жағдай жасаған. Ол: «… сонша үлкен Достоевскийді тар және қараңғы камерада неге ұстаймыз? Оның не халде отырғанын бүкіл Еуропа біледі. Егер ол осы халден босана қалса, түгелімен қанады, босатушыға алғыс жаудырады. Сондай ұлы абыройға сізге неге ие болмасқа, жоғары мәртебелім!»-деп, мақтаншақ Гасфортты көндіреді. Достоевский оны інісіндей жақсы көріп, ақыл-кеңес беріп отырған.

  1-жүргізуші:  (слайд- Шоқан — офицер)    Генерал-губернатордың адъютанты болып жүріп-ақ, Шоқан Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттейді. Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай өлкелеріне саяхаттап, қазақтардың тарихы, салт-дәстүрлері мен діні жайында материалдар жинап, мақалалар жазады.

 4оқушы. (слайд «Шоқан салған суреттер») Шоқан — ақын жанды суретші. Ол өмір құбылысына іңкәрлікпен қарайды. Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы  тастар мен тас мүсіндерге де айрықша көңіл бөлген. Шоқан — қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы. Шоқанның еңбектері, өнер туындылары  қазақ халқының асыл қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай бермек.

5- оқушы. Шоқанның 200-ге тарта суреттері сақталған. Ол суреттер Шоқан Уәлихановтың 5 томдық шығармалар жинағына енген. Ал «Шоқан мен өнер» атты кітапта Шоқанның қазіргі кезде белгілі суреттерінің бәрі басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқан халқымыздың шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді.

1-жүргізуші:  1856-57 жылдары Шоқан Іле қырғыздары мен Ұлы жүз ауылдарына ғылыми-зерттеу және  этнографиялық экспедиция жасайды. Бұдан әрі Құлжаға өтіп, Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапарлары бойынша ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының жанрлары туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі» кітабын, тағы басқа мақалалар жазды. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын орыс тіліне аударған, оны қобызшы Жанақ ақыннан жазып алған. Шоқанмен бір кезде өмір сүрген атақты қазақ әншілерінің бірі — Ақан сері болған. (Ақан Серінің әні — «Ләйлім шырақ»)

Мұғалім:  Шоқанның жерлесі Сайлаубек Жақыпов деген кісі Оның туғанына 150 жыл толуына байланысты «Парасат» журналына өзінің «Шоқан арманы» деген өлеңін жолдапты. (өлең оқу)

2-жүргізуші:  Шоқан қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау, толғау, қайым өлең, қара өлең деп 5 түрге бөледі. Бұл еңбектер қазақтарға және олардың мәдениетіне деген мүлде жаңа көзқарастың негізі болды. Оларды орыс ғалымдары жоғары бағалаған.

Бұл сапардың тағы бір нәтижесі — Шоқанның ұлы қырғыз эпосы «Манастың» кейбір тарауларын жазып алып, талдап, орыс тіліне аударды. Шоқан «Манасты» дала «Илиадасы» деп атады. Ал оның жалғасы «Семетей» дастанын Шоқан шығыстың «Одиссеясы» деп бағалады. Сөйтіп, «Манастың» жекелеген тараулары тұңғыш рет орыс тілінде жарияланды. (слайд — Семенов-Тянь-Шанский) Атақты саяхатшы Семенов-Тянь-Шанскиймен жетісу жерінде кездеседі. Оның ұсынысымен Шоқан Уәлиханов 1857 жылы Ресей географиялық қоғамының нақты мүшесі болды.

1-жүргізуші:  1858-1859 жылдары Шоқан өзінің қысқа өміріндегі ең басты сапары, Қашқар сапарында болды. (слайд — Шоқан — көпес Әлімбай)  Шашын алдырып, сыртқы түрін өзгерткен Шоқан Әлімбай деген саудагердің атын жамылып, Қашқарға кіреді де, серіктерімен ол жерде 6 ай тұрады. Ол үндістаннан Қашқарға келіп, жергілікті феодал Якуб бектің қолынан қаза тапқан ағылшын саяхатшысы Адольф Шлагинтвейттің өлімінің сырын ашады. Қашқардан көптеген статистикалық және тарихи мәліметтер алып қайтады. Кейін олары «Жоңғария очерктері» және «Қашқарды немесе алты шаһарды суреттеу» деген екі мақала болып жарияланған.

6- оқушы.  Шоқан Қашқарияда 6 ай тұрды. Онда ол күрделі еңбектер жазды. Петербургте ғалымдар алдында баяндама жасады. Петербургте Шоқанның тұрған үйлері, қызмет атқарған мекемесінің ғимараты сақталған. Шоқанға қатысты тарихи орындар Қысқы сарайдың төңірегі мен Мойка өзенінің жағалауы.

1-жүргізуші:  Шоқан өзінің талантты публицист жазушы екенін де көрсете алды. Оның очерктері мен күнделіктері жай ғылыми еңбек қана емес, көркем шығарма — көркем публицистика дәрежесіне көтерілді. Табиғат суреті, адам портреті мен олардың мінездері, үй-жай сипаттары көркем баяндалып, оқушысын үлкен полотноға салынған суреттер галереясына ертіп әкелгендей әсер қалдырады. (образдар-мұғалім оқиды)

ОБРАЗДАР:

      Туголдай — худощавый старичок с подслеповатыми узкими глазами, украшенный огромными очками, с ястребиным носом. Рот у него был несколько  крив, и верхняя губа имела вид треугольника, основанием которого служили концы, а вершиной средина. На этих губах торчало несколько  колосков, и острый и сухой подбородок был гладко оголен. Крошечные и замечательгного сочетания сине-буроватого цвета с кофейным зубы выглядывали из-под губ. Он не по летам жив и чрезвычайно разговорчив. Одет он в шелковый халат, опоясан черным пояском, на котором висят мешочки с табаком, веер.

      Коголдай бледен, голова его лишена вовсе затылка, плоска, как доска, на лицевой стороне которой привинчены глаза, нос, рот, а на другой прикреплена коса. Он как будто не успел оправиться от испуга. Глаза как-то болезненно живы, и они блуждают то направо, то налево, как глаза кошек, которыми украшались старинные стенные часы.

1-жүргізуші:  Қашқардан Омбыға оралған соң Шоқанды жергілікті басшылық тың жер ашып келген қаһармандай қарсы алып, марапаттайды. Сөйтіп, оны Санкт-Петербургке жібереді. Онда Шоқан патшамен кездескен. Император Шоқанның Отан алдындағы еңбегін жоғары бағалайды.

Мұғалім:  Ауезхан Кодаров — поэт, порожденный двуязычной культурой Казахстана. Это человек, творящий на стыке культур, сознательно выбравший нечто третье — не казахское, и не русское, не модерновое, и не традиционное.скорее он представитель постмодерна, вживающийся в свои стихи, как в чужие тексты. В этом ему помогает и богатый опыт переводчика и культуролога.

Шокан в Петербурге.

В Петербурге — туман … Не понять,

Где дома, где кареты, где люди…

Эх, сейчас бы степного коня

И скакать, пока боль не убудет!

Ускакать от обедов и дур.

От ослов сановитых опасно.

Ты прости меня, друг Петербург —

Слишком многое здесь мне не ясно.

Все  в тумане и подданства долг,

И великая миссия россов.

Я брожу одинокий как волк,

И стараюсь прикинуться гостем.

Я не сын твой, но все же я — твой!

Меня Родина ждет как заразу.

Обрекли мой народ на застой,

Но я в нем пробужу его разум.

В родах корчится старый наш мир,

Но за что наказанье мне это:

Для казахов я — дерзкий кафир,

А для русских — дикарь  в эполетах.

И все туже сжимается круг,

Меня любят лишь горные кручи.

«Все ничто перед вечностью, друг!»

Утешает опальный поручик.

Где ты, время? Подставь же плечо

Сколько судеб в тумане разбито…

Под Петром конь взметнулся свечой

И застыл, роя воздух копытом.

 

2-жүргізуші:  Өкінішке орай, Шоқан Ресей астанасында бірер ай ғана болып, сырқатына байланысты туған өлкесіне қайта оралады. Еліне келген соң ақын-әншілермен кездеседі.  (Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»)

Қырға келгеннен кейін ол қызметті қойып, ел басқару үшін болыс сайлауына қатыспақ болады. Ондағы мақсаты — өз халқының ауыртпашылығын жеңілдету еді. Бірақ жергілікті билік иелері сайлауды дұрыс өткізбейді.

1-жүргізуші:  Шоқан жастайынан бірге ойнап, бірге өскен Айжан деген қызды сүйген. Бірақ оған қосылуға әкесі көнбеген, өйткені Айжан кедей қызы болған. Оның әке-шешесі өлген соң Шоқанның өтініші бойынша Шоқанның шешесі Зейнеп оны және ағасы Жайнақты өз үйіне қызметші қылып алады. (Көрініс «Шоқан мен Айжан»)

 

    Шоқан мен Айжан.

Шоқан;  Айжан — оның сүйген қызы.

(Айжан Шоқанның жазу үстеліне келеді де, үстінде тұрған Шоқанның суретін алады. Есіктен Шоқан көрінеді де, Айжаннан тасаланып қарап тұрады.)

Айжан: (суретке қарап) Дәл өзі! (кеудесіне басып) Қымбатты Шоқан! Сүйікті Шоқан! (жылап) Бірақ бәрі де, бәрі де бітті енді! (орамалымен бетін басады)

Шоқан: (жақындап) Айжан! (Айжан шошынып, жалт қарайды.)

Шоқан: (жақындап) Неге шошындың, сүйікті Айжан? Кеше ғана айтып ем ғой, бізді айыра алатын күш жоқ деп? (құшақ жайып)

Айжан: Өтінем, аға! Өзім үшін емес, сіз үшін. (құшақтатпай, шегініп) Маған үйленем деген ойдан қайтыңыз!

Шоқан: Бұл не, Айжан?! .

Айжан: Адамның еркі өзінде емес, тағдырда екен.

Шоқан: Қандай тағдыр?

Айжан: Егер әкеңіз бен шешеңіз қарсы болса, не істейсіз?

Шоқан: Бұл жолда не бөгет болса да, мен қиратам!

Әкеңіз бен шешеңізге қарсы тұрмаңыз. Сіз халық үшін туған адамсыз!

Айжан:Шоқан: Сонда қалыңмалға сатылып кете бермексің бе?

Айжан: Өтінем, аға! Бұл райдан қайтыңыз!

Шоқан: Ол өтінішіңді орындай алмаймын. Одан да атылып өлген артық!

Айжан: Аға, ондай сөзді айта көрмеңіз!

 Шоқан: Айтарым сол, сүйікті Айжан! Мұндай қорлыққа көніп тірі болғаннан, өмір сүріп қажеті жоқ!

Айжан: Шоқан, өтінем, айтпаңыз ондай сөзді!

 Шоқан: Осыны істеуге анамның ақ сүтімен ант етем! (Үстеліне барады да, тартпасынан пистолет алады. Анасы Зейнеп мұны көріп қалып, қорқыныштан айғайлап жібереді де, жүгіре басып, Шоқанды құшақтай алады. Айжан шығып кетеді. Шоқан не істерін білмей, қалшиып тұрып қалады.)

2-жүргізуші: Шоқанды әке-шешесі айттырып қойған Орынбор сұлтанының қызына үйлендірмек болады. Ол қыздың Жақыпты ұнататынын естіп, Шоқан үйленуден бас тартады. Сөйтіп, әке-шешесімен қарым-қатынасы нашарлай түседі. Әділетсіздікке көнбеген Шоқан орыс әскерін тастап, туысқаны Тезек төренің ауылына келеді де, бірнеше айдан соң осында ауыр науқастан қаза болады.

 

Шоқан өмірінің соңғы сәті

Қатысушылар: Шоқан, оның анасы — Зейнеп, Жайнақ — қызметші бала, Катерина — Шоқанның Петербургтегі дос қызы.

 

(Сахна ашылар алдында күй орындалады. Шымылдық ашылғанда аса жүдеу Шоқан төсекте ұйықтап жатыр,  қасында қайғылы Зейнеп отыр. Ақырын басып Жайнақ келеді.)

Зейнеп: (ақырын дауыспен)  Жәй ма, Жайнақ?

Жайнақ: (Берірек кел дегендей Зейнепке ымдайды.)  Бірталай жігіттер мен қыздар кеп тұр.

Зейнеп: Қайдағы?

Жайнақ: Петербордан дей ме, әйтеуір, орыс қаласынан. Қалада орысша оқып жүрген қазақтың ұлдары мен қыздарымыз дейді. Ана жылы Шоқан жинап оқуға жіберген жетім балалар көрінеді. Адам боп қапты.

Шоқан: (оянып кетіп) Не дейді, жаным-ау?!

Жайнақ:  Сені әдейі іздеп кепті, амандасамыз деп… Ұйқысынан оянды ма деп сені білейін деп келдім.

Шоқан: Шақыр тез!

Жайнақ: (кетіп бара жатып, қайта оралады) Айтпақшы, қуанғаннан есімнен шығып кетіпті. Тағы бір қызық бар!

Шоқан, Зейнеп: Иә?!

Жайнақ: Катерина келді!

Шоқан: (қуанышты бар дауысымен )  Не дейді?!

Зейнеп: Қайдағы Катерина?

Шоқан: Баяғы, Омбыдағы генерал- губернатордың өздерің маған үйлендірем деген жиені!.

Зейнеп: (ұнатпай) Ол пәлесі қайдан кеп қап еді тағы!

Шоқан:  Пәле емес ол, апа! Менің жандай досым! Өте жақсы болды келгені. (тұрғысы келіп) Мен оны  қарсы алам, апа! (тұра алмайды)

Зейнеп: Шаршамашы, құлыным! (Жайнаққа) Бар, шақыр!

Жайнақ: (жөнеле беріп) Қасында сақалды біреуі тағы бар.

Зейнеп: Барсайшы тез, бәрін түптемей!.. Шақырып кел! (Жайнақ жүгіре басып шығып кетеді).

Шоқан:   Қандай жақсы, апа! Жазылғандай болдым ғой!

Зейнеп: Ауызың періштенің ауызы болсын, құлыным!.. Көңіліңді көтерсең, ауруыңнан жазылып кетерсің.

Шоқан:   Оқуға жіберген балаларымның келгені жарық сәуле сепкендей болды ғой мына далаға!

Зейнеп: (жылап) О, жасаған! Қабылдай гөр, тілекті!.. сауықтыра көр Шоқанжанды!..

Шоқан:   Апа, мені  тұрғызшы!

Зейнеп: (толқып) Қайдам, күнім, күшіңе тимесе…

Шоқан:   Рас айтам, апа. Бойыма күш біткен сияқты.Тұрғызшы мені!

(Зейнептің сүйеуімен Шоқан көтеріле бастайды.  Сырттан бір топ қыз бен жігітті, Катеринаны, қолында бір бумасы бар Семеновты бастап Жайнақ кіреді. Шоқанды Зейнеп сүйеп тұрғызғанша, олар шатырға кіре береді.)

Шоқан:   (құшақ жайып) Катерина!..

Катерина: Шоқан! (Катерина құшақтаймын дегенде, Шоқан құлап түседі. Зейнеп пен Катерина оны құшақтай отыра қалады. Өзгелері қорыққан бейнемен қарай қалысады. Катерина үрейлі кескінмен) — Шоқан! ..

Зейнеп: (зәресі кеткен бейнемен, басын құшақтап) Құлыным-ау, не боп барасың!..

Семенов: (үрейленген кескінмен Шоқанның тамырын ұстап) Ол енді дүниеде  жоқ! (Бәрі қайғылы кескінмен бөріктерін алады. Зейнеп пен Катерина Шоқанның басын, Жайнақ денесін құшақтап, жылап жата қалысады. Семенов көрермендерге қарап) халқының бақытын аңсады ол. Бірақ бақытты болғанын көре алмай кетті. (қолындағы буманы көрсетіп) Мына бума — оның шығармалар жинағы. Бұны да ол көре алмай кетті. Бірақ оны, бұл кітаптар арқылы халық көреді, бүгінгі ғана емес, болашақтағы ұрпақ көреді!

Катерина. (Кенет сергіп, тез түрегеп): Иә, оның аты халқының тарихына алтынмен мәңгі жазылады. (оқушыларға қарап) Шоқаннан қалған ұшқын сіздер деп білем мен,  ол жаққан отты сөндірмейді деп сенем мен!

1- шәкірт: Құрметті Шоқан аға! Сен түскен жолдан таймауға аруағыңның алдында ант етеміз.

Бәрі: Ант етеміз!

 

7оқушы: Дүниежүзілік ғылымға үлкен үлес қосқан Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуірдің 10-ында Матай тауының етегінде қайтыс болған. Шоқанның сүйегі қойылған жердегі шаруашылық Шоқан есімімен аталады. Ол жерде тарихи мұражай ашылған. Зират басында ескерткіш бар. Ол Талдықорған облысы,  Кербұлақ ауданының Шоқан атындағы ауылында.

2-жүргізуші. Через некоторое время в Сырымбете было получено письмо Тезека о смерти Шокана. В ауле собралось много народу, когда стало известно о смерти Шокана. По народным традициям, уважаемому в округе старику Жаулыбаю поручили сообщить отцу Шокана о случившемся. Исполнение скорбной музыки было поручено знаменитому кобызисту Кангоже и сыбызгычу Тулаку. Музыканты и старики зашли в юрту шингиса, лица у них были суровы. Шингис спокойно сидел в юрте… Увидя Кангожу, он попросил его сыграть какой-нибудь кюй, но вместо кюя раздалась траурная мелодия.

Шингис прервал Кангожу:

  • Тоқта, тоқта (постой, постой)! Играй другую мелодию. Зазвучала другая, еще более скорбная мелодия. Тогда Шингис обратился к Тулаку:
  • Тулақ, сен тартшы! (Тулак, сыграй же ты!) Но музыканты были неумолимы. Грустные    мотивы сменяли друг друга.
  • О, как страшно слушать вашу музыку! Она погружает в тоску и печаль. Разве умер мой дорогой, бесценный Шокан?! — спросил Шингис.
  • Увы, так оно и случилось, — ответил Жаулыбай.

Народ оплакивал безвременную кончину Шокана Уалиханова. Акыны сочиняли стихотворения в его память. Еще молодой тогда поэт Ақан Сері в одном из своих стихотворений писал о Шокане:

Умом и знаньем он затмил сверстников своих,

Жаль, что смерть похитила его вдали от родных.

  1-жүргізуші. Поэт Орынбай после смерти Шокана выразил свое соболезнование родителям его, которые от горя лежали дома не поднимаясь с постели, после чего они встали, дали ему хорошее угощение. (стихотворение на каз. яз.)

7-оқушы.

Уа, Шыңғыс, Зейнеп-ханым, көтер басты,

Қай қазақ ой ойлаған сенен  асты?

Баласы жеті момын келіп тұрмыз,

Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.

Тарихтан  талай адам көрген едік.

Қызықты нелер дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше.

Шоқандай науша жасты көрмеп едік.

Қыршын жас, қайран Шоқан өткен бүгін,

Күйзелтіп елі-жұртын кеткен бүгін.

Аяулы жарқын жү.зін есте сақтап,

Дүниеден ем таба алмай өткен бүгін,

Әуелде солай жазса не істейсің?

Қайран жас қызғыш болған халық үшін,

Қалайша қазасына күйзелмейсің?

Дүниеден кедей де өткен, сұлтан да өткен,

Нәубетін бұл өлімнің әркім күткен.

Қоймайды ажал сені тығылсаң да,

Аплотон ғалым ол да қайда кеткен?!

Ақыры бұл нәубеттің көпке жетіп,

Ғұлама білгіштердің бәрі кеткен.

Алды-арты осындайға жеткенннен соң,

Бүгінде қасіретке сен де жеттің, — деп тебірене жылаған екен.

 

Память о Шокане верно хранили его друзья и товарищи: Потанин, Ядринцев, Колпаковский, Усов и другие. В ознаменование научных заслуг Шокана Уалиханова они по поручению генерала Кауфмана установили в 70-х годах ХІХ века на мавзолее Шокана мраморную плиту с надписью на казахском и русском языках. Плиту заказали в Екатеринбурге и везли ее через Омск и Семипалатинск. Надпись на плите гласила: «Здесь покоится прах штабс-ротмистра Шокана Чингисовича Уалиханова, скончавшегося в 1865 году.по желанию Туркестанского генерал- губернатора Кауфмана, во внимание ученых заслуг Уалиханова, положен сей памятник генерал- лейтенантом Колпаковским в 1881 году».

1-жүргізуші. Екатерина Гутковскаяның әкесі Шоқан қайтыс болған соң оның қолжазбаларын сақтап қалу үшін Петербургтен асығыс аттанады. Ол Омскіде, Сырымбетте болып, Шоқанның қолға түскен қағаздарын Петербургке алып келіп, дереу қазақ ғалымының толық жинағын шығаруға кіріседі. Осынау игілікті іс жүріп жатқан кезде, 1867 жылы генерал Гутковскийдің өзі кенеттен қаза болады. Оның қызы Катя әкесі жинаған материалға ие болып, оны тіпті, Шоқанның жақын достарына да бермеген. Профессор Веселовский Потанин арқылы Катядан 1-2 материалды әзер алған. 1920 жылы Қазан революциясынан кейін ғана Катя өмір бойы сақтаған Шоқанның қолжазбаларын Академия архивіне тапсырады. Бұл кезде ол  74 жаста екен. Сөйтіп, Ленинградта «Шоқан Уәлиханов қоры» ашылды.

6- оқушы:            «Шоқан Уәлихановтың сөзі»  (слайд- Шоқан Уәлихановтың портреті)

Адамның басшысы — ақыл,

Жетекшісі- талап.

Жолаушысы- ой,

Сынаушысы- халық,

Қорғаушысы — сабыр,

Қорғанышы — мінез,

Ең қымбаттысы- ар,

Таусылмайтыны — арман,

Барлығынан ардақтысы — өмір.

2-жүргізуші. Шоқан Уәлихановтың кітабын басып шығарған ұйым — Ресей география қоғамы. Оның алғысөзінде Петербург университетінің проректоры Н.И.Веселовский былай деп жазыпты: «Шығыстану аспанында қазақ хандарының тұқымы әрі орыс    армиясының офицері Шоқан Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шықты. Орыс түркітанушылары оның ғажайып дарынын бірауыздан мойындап, одан түркі халықтарының тағдырына қатысты ұлы да маңызды жаңалықтар күтті. Шоқанның мезгілсіз қазасы ғана біздің үмітімізді үзді…»

(Шоқан туралы оқушылар жасаған презентация көрсетіледі.)