«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» қарттар күнінің мерекелік бағдарламасы

Саулегул Махсум

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»  

қарттар күнінің мерекелік бағдарламасы

 

Басталуы: Слайдпен  «Қымбатты менің қарттарым!»

Жүгізуші:

Қайырлы күн, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар!

Ведущая:

Здравствуйте, дорогие гости!дорогие наши дедушки и бабушки

Жүгізуші: 

Дүниеге келер бір рет

Дария кеуде тау мүсін

Құрыштан құйған құдірет

Қарттарым аман саумысың?

Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.

Ведущая:

Летят года, за ними не угнаться —

Спешат часы, сменяя день за днём…

Но знаю, не устану удивляться

Тем временем, что осенью зовём.

Хорошо, что стало доброй традицией отмечать День пожилых людей. — Этот день – день благодарения за тепло ваших сердец, за отданные работе силы, за опыт, которым вы делитесь с молодым поколением, с вашими детьми и внуками – то есть с нами.

Жүгізуші: 

Ортамызда қадірменді қарттар бар,

Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.

Арқасында нардың жүгін артқандар.

Омырауға қос-қос орден таққандар.

Дей келе кешімізге келген қонақтармен таныс болайық.

Жүргізуші: 1)Ардагерлер алқасының төрағасы – Әбенов Мұхтар Зәпішұлы

Ведущая:  2)Майқайың мешітінің бас имамы – Солдат Бодаубек

Жүргізуші: 3)Майқайың кентінің әкімі – Ермекбаев Орда Қайыржанович

Ведущая: 4) майқайың «НұрОтан» партиясы филиалының төрағасының  бірінші орынбасары – Шолпан Аусагитовна.

Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән- шашу таралғы еткелі отыр, қабыл алыңыздар.

 Ән:   «Асыл әжем»  Мақпал  мен Айпірім

Жүгізуші: 

Соз кезегін мектебіміздің директоры Бейсенбаева  Жаннұр Манашқызқызы мен құрметті қонақтарға береміз.

Қонақтар:

1)

2)
з)

Сөзден кейін орысша ән

Тақпақтар оқушылардың

Азат:  Атам келді, алақай!

Әжем келді, алақай!

Қолтығынан демейін

Көрпе төсеп берейін

Тынығып ата- әже серігіңіз

Ертек айтып беріңіз

Қарттарды сүйген баламыз

Сіздерден тәлім аламыз

Аянат:

Ата сөзі- қасиетті киелі

Ата сөзі- жанға жылы тиеді

Ата сөзі- өміріме өнеге

Ата сөзі-тек шындықты сүйеді

Нұрайым:

Атам менің жақсы адам,

Аптықпаған саспаған.

Атам барда әрейне,

Тарықпаймыз ақшадан.

Біржан:

Атам менің жақсы адам,

Қиындықтан қашпаған.

Немерені, мені де,

Артық көрді басқадан

Айбек:  

Қиындықта шыңдалып,

Еңбек еткен еселеп.

Өздеріңнен үлгі алып,

Көрсетеміз қошемет.

Қайрат:

Бейбітшілік тілегі,

Өмірлері толы аңыз.

Ел деп соққан жүрегі,

Бізде азамат боламыз.

Асылай:

Туған жерді сүйеміз,

Тау менен өзенін.

Алдында бас иеміз,

Ата менен әженің.

Расул:

Өздерің болсаң жанында,

Ел іші жомарт еңселі.

Дән иісі жүрген қанында,

Даламның бір бір бөлшегі.

Дина:

Арада жолдар жөңкіліп,

Алыстап кеттім біртіндеп.

Айта алмай ауыз толтырып,

«Ассалаумағалейкум!»- деп

 

Ән: «Асыл әке » Арай мен Назгүл

 

Амангелді  Салтанат Төлеген Айбергенов “Ана”

 

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,
Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.
Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,
Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін!

 

Би  «Жаяу»

 

Жүргізуші:

«Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын, дей отыра «Қарттар үйі» атты көріністі тамашалаңыздар!

 

Ведущая:  Всё – таки немного неправильно сегодняшний праздник называть Днём пожилого человека, это зачем – то лишний раз подчеркивает гнёт лет и проблем, с которыми вы сталкиваетесь в своей жизни. Было бы более правильно называть этот праздник Днём Мудрого человека. И, как нельзя, кстати, на ум приходят поэтические строки:

Этот день наполнен пеньем птиц,

Детвора гербарий собирает,

Ну а мне сиянье детских лиц

Сердце тёплым светом наполняет.

Ән: « орысша »

 

 

Жүгізуші: 

Әкелер!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

Аналар!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Жүздеріңді әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.

Ведущая:   Золотая осень… Возраст зрелых, мудрых людей часто называют осенью жизни… Как каждое время года прекрасно по-своему, так же неповторимы и возрастные «сезоны» нашей жизни. Какие бы беды ее ни омрачали, все плохое забывается. И мы снова радуемся жизни, мечтаем о счастье, о любви… Ведь жизнь прекрасна!

 

«Қос  шынарым»  Арман мен Ислам??

 

Ведущая:

Еще раз с праздником Вас наши дорогоие дедушки и бабушки! Не теряйте своего задора, оптимизма оставайтесь всегда такими же молодыми и жизнерадостными.

Пусть морщинки вас не старят,

Не коснётся вас беда.

Пусть природа вам подарит

Жизнь на долгие года!

До свидания. До новых встреч!

Жүгізуші:

Арқасына нардың жүгін артқандай,

Батырлығы-арғы атаға тартқандай.

Мойымаған қиындыққа төзімді

Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай.

Осымен, асыл қариялар, бүгінгі сіздерге арналған бағдарламамыз аяқталды. Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Сау болыңыздар!

 

ХОР: «Қариялар азайып бара жатыр»

 

«Қарттарым асыл қазынам»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті, қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз!

Вед.2. Здравствуйте, дорогие гости!
1 октября отмечается Международный день пожилых людей. Решение об этом было принято Генеральной Ассамблеей ООН в 1990 году. И теперь ежегодно, в золотую осеннюю пору мы чествуем тех, кто все свои силы и знания посвятил своему народу, кто отдал здоровье и молодость молодому поколению.

Люди пожилые,
Сердцем молодые,
Сколько повидали
Вы путей, дорог.
Горячо любили,
И детей растили,
И надеждой жили:
Меньше бы тревог!
Люди пожилые,
Вы во всем такие:
Отдаете душу,
Опыт и любовь
Дорогому дому,
Миру молодому
И всему, что сердце
Вспоминает вновь.
Люди пожилые,
Пусть года былые
Будут вам опорой,
Дети — все поймут.
И поклон вам низкий
От родных и близких
И от всей отчизны
За бесценный труд! 

Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың

Жуматаев Амангелді Ө орындауында «Қарттарым» деген өлен жолдарың қабыл алыңыздар.

Вед.2
Меняет цвет природа,
Меняется погода,
И солнцу золотому
Идут дожди вослед,

А за теплом — ненастье,
За горем будет счастье,
И молодость на старость
Меняет человек.

Так жизнь идет по кругу,
Года спешат друг к другу,
Но радостью, надеждой
Наполнен год и век.

И в день осенний яркий
Прими концерт в подарок,
Наш пожилой любимый,
Наш добрый человек

Русский танец в исполнении танцевальной группы «Радуга»

Жүргізуші:
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан
Таң атып күн де шыққан өздеріңнен
Жалындап жұлдыз жанған көзлеріңнен
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

Габдуллахитова Асылтас Г және 10 қазқ сынып оқушысы Темирхан Айдананың орындауындағы «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші:

Қартаю деген әрқалай,
Қартаяр әркім әр түрлі.
Кәрілікті қалар байқамай,
Балам бар деп марқайып,
Бар өмірін өткізген.
Қарт мұңлыққа шалқайып,
Қадірлей біл қартыңды!
Болып жүрме тексізден.

Для вас стихотворение «Қариялар азайып бара жатыр» читает ученик 8 русского класса Кузнецов Генндий


Ведущая
Есть такой детский анекдот. Родителям было некогда, и на родительское собрание пошел дедушка. Пришел он в плохом настроении и сразу стал ругать внука:
— Безобразие! Оказывается, у тебя по истории сплошные двойки! У меня, например, по этому предмету были всегда пятерки!
— Конечно, — ответил внук, — в то время, когда ты учился, история была намного короче!
Мы хотим, дорогие, пожелать, чтобы ваша история продолжалась как можно дольше, чтобы вас радовали дети, внуки, правнуки…
Чтобы вас чаще радовало теплыми лучами солнышко, а дожди были только теплыми, грибными…
Бабушке — солнышко, дедушке — стих,
Много здоровья вам на двоих,
Счастья желаем еще на два века,
С днем пожилого вас человека!

Пусть же осень жизни вашей долго-долго будет.
С праздником, родные наши, мы вас очень любим!
Танцевальная группа « Ритмы» испролнит танец « Чайхана»

 

 

 

 

 

 

 
Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Жарияланды 7-11-2012, 10:39 Категориясы: Тәрбие сағаты

1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен ашамыз. Орындайтындар Қаракөз және Теңел
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Мақсат ағайға сөз береміз.
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын Бақнұр

Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1-Жансая:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

2-Айбек:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

3-Бекнұр:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

4-Расул:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.

5-Фариза:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

6-Жадыра:
Ата күні — әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата — әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс — әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» орындайтын Қожахмет Малика.

Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың

Анамызға арнап 10 сынып оқушысы Нағыметова Қаракөздің орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы Сүйеуова Жібек

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер

Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әкелер» орындайтын Ғарифулла

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Ауылым сенің іргелі» орындайтын Аида

Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын Дархан

Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе

Ән: «Неге сені сүйдім-ай» орындайтын Дәуірхан

Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ақерке жайық» орындайтын Нұртуған

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.