Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның сценарийі

Павлодар облысы   Баянауыл ауданы   Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің  тәрбие ісінің мепңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі Махсум Саулегул

Өтілген  күні:20 наурыз 2015 жыл

 

Тақырыбы: Әз Наурыз, берекелі болсын!

 

Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның сценарийі

 

Жүргізуші :

Армысыздар, құрметті көрермен қауім. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.
Оркестр «Наурыз- біздің жаңа жыл»

2- оркестр

 

жүргізуші:

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар

Тойла бүгін тауларым мен боз далам

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам

Қайта оралған намысымдай наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін мектебіміздің директоры  Бейсенбаева Жаннұр Манашқызына береміз

 

Ән 6 сынып «Наурыз»
жүргізуші:

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

жүргізуші:

Қуаныш бақ тілеп еліме

Мереке құт тілеп жеріме

Әлемді аралап шарқ ұрып

Келдің бе Әз бабам төріме, деп біздің наурыз мейрамымызға алыстан ат терлетіп қыдыр атамыз келіп қалыпты.

қыдыр ата (Нұрдәулет)

армысыңдар халайық

Наурыз құтты болсын

Көктем келді наурыз келді

Жер көгерді тал гүлдеді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы  құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!
деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.

жүргізуші:

қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы  болып төрге жайғасыңыз.

 

Биылғы  2015 жыл ерекше жыл.  Биылғы Наурыз тойымыздың өзі ерекше сән салтанатпен, ерекше құрметпен өтіп жатыр. Олай айтуымыздың себебі Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуымен қатар , тағы да бірнеше атаулы мерейтойлар өтілгелі отыр.

Қазақ халқының тағдыры таразыға тартылған ауыр кезеңдердің бірі – ХҮІІІ ғасырда ел бостандығы үшін қаны мен терін бірдей төккен батыр бабаларымыздың арқасында біз осындай күнге жетіп, алаңсыз өмір сүрудеміз.

Осы қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына, батыр бабаларымызға  арнап мектеп ұжымы ұйымдастырған көрмені назарларыңызға ұсынамыз.

 

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық

(Шашу)  шашу шашылады.

 

Би «Домбыра»

Жүргізуші:

Ендігі мерекеге құттықтау тілегін ылғи мектеп өмірімен тығыз байланыста жүретін, мектепішілік іс- шаралардан тыс қалмайтын, әрқашанда қандай істе де мектеп ұжымын қолдап, ұстаздарға, оқушыларға қолдау көрсетіп отыратын  ата аналарымыз білдірсін.

 

Жүргізуші:

Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне

Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал басқаға  демеу болу – жомарттық.  Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
үнемі  бізге, біздің  мектебімізге  демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз. Ендеше наурыз мерекесімен құттықтау  сөзін осы келіп отырға демеушілерімізге береміз.

 

 

Ән  Ақерке «наурыз думан»
жүргізуші:
«Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!

Енді назарларыңызыға жас ақындарымыздың айтысын ұсынамыз.

Айтыс
1 жұп Марғұлан  мен Аида

2 жұп Арман мен Айпірім

Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп сахнаға көтеріліп, той бастаған ақын атасына тостаған толы наурыз көже ұсынады.
Қыдыр ата:  Әп, бәрекелді, жасың ұзақ болғыр! – деп риза болған ақсақал микрофон арқылы баршаға естірте
жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.
көрініс: Күн мен түн (Айгерім мен Сымбат)

күн:

сәулесі мол күнмін

Түн:

Жұлдызы көп түнмін

Екеуі:

Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін

Түн:

Ал ертең күн ұзақ

Күн:

Түн қысқарар бірақ

Екеуі:

Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап

Ал балалар,  біз сендердің жыл басы туралы қаншалықты білімдерің бар екенін көрейік.

1.Жыл басының алғашқы күні (Ұлыс күні)

2.Жыл басының алғашқы төлі(дүбір аяқ)

  1. алғашқы сүті(уыз)
  2. алғашқы гүлі(бәйшешек)
  3. алғашқы асы(наурыз көже)

6.Сый тамағы(ұйқы ашар)

  1. жігіттердің қыздарға беретін сыйы(селт еткізер)
  2. ұшып келетін құс(наурызек)

Ой, балалар рахмет, сендердің наурыз тойы туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.

(Түн  алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына дүрбісін салып, жыл қарайды.)

Күн:Түн, сен не қарап тұрсың? Көңілің басқа  жақта тұр ғой.

Түн:  тоқта Күн мен бір жұлдызшыны көріп тұрмын, бізге қарай жақындап келе жатқан сияқты.

Күн: иә, иә солай екен ғой

Күн: жүр қарсы алайық жұлдызшыны

 

жүргізуші:
он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.

жұлдызшы: (Еламан)
— Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі – қой екен, жерге қонуға жақындап қалыпты.

жүргізуші:
— Әрбір Жаңажылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емеспе, жұлдызшы? Қой жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айтып берсеңіз
жұлдызшы:
— Әлбетте, қарағым, — деп, киіз кітабын парақтап жіберіп, — Егер Жаңа жыл иесі қой болса, онда туар жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болады. Көктемде кейбір жеміс-жидектерді үсік шалады.
— Бірақ соған қарамастан халқымыздың дастарқаны берекелі боп, ел ішін тоқшылық жайлайды.

жүргізуші:
— Жұлдызшы, қой  жылы туғандардың тал бойындағы мінез-құлқының ерекшелігін айтып жіберіңізші.

жұлдызшы:
Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады,  — деп, киіз кітабының беттерінен әрі-бері аударыстырып жіберіп, — биыл дүниеге келген ұл балардың көзі үлкен, мінезі ашық-жарқын, кез-келген кісімен тіл табыса білетін әңгімешіл болады. Жастары ұзақ боп, дәулетті болады.
Ал қой  жылы туған әйел затының бет жүзі аппақ, көзі қарақаттай қара, тұлға бітімі сымбатты болып келеді. Туыстары көп болып, тұрмыс тауқыметін көрмейді, — деп оқыған соң, дүрбісімен аспанға қарайды.

жүргізуші:
— Жыл иесі – қой , бақыт әкел еліме,
Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Құт иесі қой, суыңды әкел көгіме,
Көлдерімді толтырып, Бақыт сыйла еліме.
ЖҰЛДЫЗШЫ:
— Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.

— Бүгін – көк құт көзін ашқан күн:
— Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні
— Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн.
— Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
— Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.

Ән  Арман Ислам (Наурыз той)

 

жүргізуші:
биыл  2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көтергеніне 550 жыл толады.

Жәнібектің сардары

Әскер бас сардары

Сарыайшықтың ақ тағын

Ұлытауға қағады

Басын қосып қазақтың

Шекараны  таңдады

Қазақ хандық елінің

Ұлы ханы сұлтаны

Биыл кірген қой жылы

550 жыл толады.

Әз Жәнібек Керейлер

Әділ өмір сүргендер

Қазақ атты хандықтың

Қасіретін білгендер

 Көрініс: «Абылай ханның түсі»

 

Би  (0,3,4 сыныптар)  дәстүрлі «Ұршық» биі биленеді

 

Жүргізуші:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думанмен басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз

 

Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі.

Ал, тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны

Тойсаңдар тасып бөспеңдер

Топастықты кешпеңдер

Ананың  сүтін ақтаңдар

Арларыңды сақтаңдар

Жалқаулық жаудан жаманды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен

Кең пейіл дархан халқымыз

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар

Орындалсын ойларың

Тойға ұлассын тойларың Әумин

 

Жүргізуші:

Батаңыз қабыл болсын.

Өлкеме наурыз келді  көктем келді

Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі

 

 

Ән  Анель мен Арай «Наурыз той»

 

Жүргізуші:

Қазағым наурызың құтты болсын

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлтымның қабыл болып

Жақсылығын бір алла иіп тұрсын

 

Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!

Мерекелік іс шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз. Ол үшін ұл балаларды ортаға шақырамын.

Ойындар

Қол күрес: 0,1,2 сыныптардың ұлдары

 

Көтермек: 3,4,5 сынып ұлдары Ортаға екі бала шығып, бір- бірлерін арқаларын тіреп, қолдарын шынтақтастырады. Жүргізуші белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншісін көтеріп аласыңдар,  ұтқан болып есептесесіңдер. Жеңіске жеткенше ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер.

 

Оқтау  тартыс: 6,7,8,9 сынып ұлдары

 

Атбақыл: ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақаны иіріп, екіншісің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақа жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып екеуің алға қарай жылжи бересіңдер. 6,7,8,9 сынып ұлдары

 

Мақтау қағаздарымен марапаттау.