Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» — дегендей, Ұстаз кім? Ұстаз киелі мамандықтың иесі. Себебі-әлемнің екінші ұстазы    Әл-Фараби,қазақтың бас ақыны – Абай, ұлы ағартушы, педагог -Ыбырай, аса  көрнекті  қазақ  жазушысы   – Мұхтар Әуезов  сынды  біртуар   тұлғаларымыз ұстаз алдынан өтпеді ме? Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің айтқаны ешқашан ескірмейді: «Мұғалім бәрінен  де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.»

Иә, әр баланың ата-анадан кейінгі ақылшысы,сенімді тәрбиешісі  — әрине, ұстаз. Мұғалім әрбір оқушыны білім-ғылым нәрімен сусындатады,мейірім-шапағатқа,ақыл-парасатқа,еңбекке,небір тамаша қасиеттерді бойына сіңіре біледі.

Міне, менің де ұстаздық еңбек жолында жүргеніме де бірталай уақыт болыпты. Әрбір ұстаздың  өзіндік орны бар. «Ұстаз жолы —  ұлы жол»  демекші,оқушыларға жан – жақты сапалы білім, жақсы тәрбие беру менің міндетім деп санаймын. Балалар біздің болшағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы – білімді ұрпақ қолында. Елбасымыз Н.Ә.НАЗАРБАЕВ айтқандай:  « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан міндет өте ауыр.», — деген. Әрине тәуелсіз ел тірегі —  білімді ұрпақ тәрбиелеу,білім беру – мұғалімге жүктелетін қасиетті парыз. Баланың өмірден өз жолын табуда да ұстаздың еңбегі зор.

Мен үшін әрбір бала жеке тұлға. Сол балалардың жүрегіне  жол тауып,сезіміне қозғау салып, өзінің туған еліне, өзінің туған тіліне деген сүйіспеншілігін оята алсам,мен өзімді бақытты санаймын. Сондықтан білімі мен білігін қатар танытып, қиындығы   мол , жауапкершілігі жетіп артылатын, жалпы ұстаздар қауымына мына өлең жолдарын арнаймын.

Ұстаз —  ұлы тұлға

Ұстаз –ұлы тұлға білген жанға  ,

Мейірім  мен адалдық сіңген бойға

Өзім де еңбек етем сол салада,

Нардың жүгін арқалау ұғынғанға.

 

Биіктерге жетелеп жеткіншекті,

Тынымсыз еңбекпенен терді төкті.

Тұнып тұрған қазына сарқылмайтын,

Ұстаз ұлы сондықтан,ұстаз текті

.

Ұстаздар шәкіртімен мақтанады,

Жүрегінің түкпірінде сақталады.

Белестерге түлектері шығып жатса,

Ұстаздың еңбектері ақталады.

Шинтемирова Зәуре Пірманбекқызы.