«Жас биолог»

«Жас биолог»

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылы
Баршын орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Искакова А.А

Мақсаты: Оқушылардың биология және экология пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жыл бойы биология және экология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылау.

Түрі: интеллектуалды ойын сабағы

Типі: қайталау

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сайыс десе белсене қатысатын көрермен қауым! «Жас биолог» атты 8-10 сыныптар арасында биология пәнінен өтетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл  — тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шацып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, —  деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ баға беретін әділ – қазылар алқасы таныстырып өтетін болсам:

Жаратылыстану – математика бірлестігінің жетекшісі

Химия пәнінің мұғалімі –

Мектеп психологы –

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

  1. Таныстыру
  2. «Кім білгір?»
  3. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
  4. «Ол кім, бұл не?»
  5. Терминдер аукционы
  6. Суретпен жұмыс.

 

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арыңды

Басқа пәнді сүйсең де

Ортаға сал барыңды, — деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Таныстыру кезеңі.Әр оқушы өзін таныстырып өту керек.

Рахмет, келесі кезең «Кім білгір?» Әр қатысушы биология пәнінің әр салалары  бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап беруге тиісті. Дұрыс жауаптарға 10 ұпай алады. Ең аз ұпай жинаған сайыскер ойыннан  шығады.

1-оқушы:

  1. Сүйекті балықтарда ең алғаш пайда болған мүше (қуық)
  2. Бактерия жасушасына енген вирус қалай аталады? (бактериофаг)
  3. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін қалай атайды? (буын)
  4. Адам денесіндегі сүйектер саны: (200-ден аса)
  5. Топырақта мекендейтін ағзалар қалай аталады? (эдафобустар)

2-оқушы:

  1. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: (құбылғы)
  2. Жасушасы жоқ ағзалар (вирустар)
  3. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат:(цитоплазма)
  4. Адам денесіндегі буындар саны: (230-дан аса)
  5. Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы жауап беру қалай аталады? (рефлекс)

3-оқушы:

  1. Жүрегі 4 қуысты жорғалаушы? (крокодил)
  2. Біржасушалы талшықты балдыр: (
  3. Жасушаның көбеюіне қатысады: (ядро)
  4. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: (қант диабеті)
  5. Тірі ағзалардың негізгі қанша мекен ортасы бар? (4)

4-оқушы:

  1. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: (көнеқұс (археоптерикс)
  2. Тамыр шығу тегіне байланысты неше топқа бөлінеді? (3)
  3. Жасушадағы органикалық қосылыстар: (майлар, көмірсулар, ақуыздар)

4.Бактериялар қоректенуіне байланысты қандай топтарға бөлінеді? (паразиттер, сапрофиттер)

  1. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: (23-27 секунд)

5-оқушы:

  1. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым (К.А.Тимириязев)
  2. Балдыр жасушасындағы хлоропласт (хромотофор)
  3. Қосмекенділердің дернәсілі (итшабақ немесе шөмішбалық)
  4. Адам ағзасында витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру (авитаминоз)
  5. 1 гр май ыдырағанда бөлінетін жылу мөлшері (38,9кДж)

6-оқушы:

  1. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: (көкет)
  2. 1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: (Жұмақан Күдерин)
  3. Суда тіршілік ететін ағзалар (гидробионттар)
  4. Қанның құрамына жасушалар кіреді: (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)
  5. Саңырауқұлаұтардың көбею жолдары: (өсімді, жыныссыз, жынысты)

7-оқушы:

  1. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер (түрпі, түрпітек, үйректұмсық)
  2. Денесі 2 бөлік, яғни балдыр мен саңырауқұлақтан тұратын ағза (қына)
  3. Пластидтер болады: (өсімдіктерде)
  4. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: (дальтонизм)
  5. Дайын органикалық заттармен қоректенетіндер қалай аталады? (гетерофтылар)

8-оқушы:

  1. Қан қысым жоғары болатын ауру (гипертония)
  2. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді: (1981ж)
  3. Жойылған дене бөлігінің қайта қалпына келу құбылысы? (регенерация)
  4. Құрттарда эктодерме және энтодерма аралығыеда пайда болған қабат (мезодерма)
  5. Мүктерде тамырдың қызметін атқаратын мүше? (ризоид)

9-оқушы:

  1. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. (құстар)
  2. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: (лизосома)
  3. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық (Наурызым)
  4. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: (20)
  5. Арқа омыртқаларының саны: (12)

10-оқушы: (9 сынып)

  1. Құрттар-топырақтан, шыбындар-шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым (Аристотель)
  2. Пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ: (діңқұлақ)
  3. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: (митохондрия)
  4. Сулы ортаны қалыптастыратын, улы заттарды ыдырататын жасуша бөлігі? (вакуоль)
  5. Сүйек құрамындағы су мөлшері? (50%)

 

3 кезең «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» әр оқушыға 3 сұрақтан оқылады. Сайыскерлер оқылған сұрақтарға сенемін немесе сенбеймін деп жауап беру керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 сайыскер ойыннан  шығады.

1-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе ұйқы безі инсулин гормонын бөледі.(сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады. (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе өсімдіктерде ядро болмайды. (сенбеймін)

2-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.(сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе жүрек 4 қабаттан тұрады. (сенбеймін)

Сенесіз бе,сенбейсіз бе  тамыр шығу тегіне байланысты 3 топқа бөлінеді. (сенемін)

3-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе шырша жабық тұқымды өсімдік.  (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе қан эпителий ұлпасына жатады.  (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе құстар қосарлы тыныс алады.(сенемін)

4-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе фотосинтез күн көзінің қатысуынсыз жүреді.(сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе «Д» дәрумені суда ериді. (сенбеймін)

Сенесіз бе,сенбейсіз бе аяқсыз қосмекенділер болады. ( сенемін)

5-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе өкпенің түсі қызғылт. (сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе гүлді өсімдіктердің 250 мың түрі бар. (сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе бунақденелілердің денесі 4 бөліктен тұрады. (сенбеймін)

6-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе елімізде жыланның 19 түрі мекендейді. (сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе тері 3 қабаттан тұрады(сенемін).

Сенесіз бе,сенбейсіз бе  Қазақстанда 12 қорық бар (сенбеймін)

7-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе  құстардың дене температурасы тұрақсыз. (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе өсімдіктерде 4 ұлпа бар (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам  бүйректің  салмағы 150, жүректікі 250-300 г. (сенемін)

8-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе қан беретін адам реципиент деп аталады. (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны Қазақстан. (сенбеймін)

Сенесіз бе,сенбейсіз бе аналық 3 бөлімнен тұрады. (сенемін)

9-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе жүйке ұлпасын нефрон деп атайды. (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады. (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе сабақтың орталық бөлігі өзек деп аталады. (сенемін)

10-оқушы

Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі. (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе тілдің ұшы тәттіні сезеді. (сенемін)

Сенесіз бе,сенбейсіз бе амеба көпжасушалы ағза. (сенбеймін)

 

 

      4 кезең «Ол кім, бұл не?»

Оқушылар өздері таңдап алған конвертте берілген ғалым мен ғылымдарға анықтама беру керек. Әр жауап берген сұраққа ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 сайыскер ойыннан  шығады.

 

 

 

Ч.Дарвин – эволюцияның негізін қалаушы.

Р.Гук – жасушаны ашқан ғалым

К.Линней – жүйелеудің негізін қалаған.

Н.И.Лунин – витаминдерді ашты.

И.И.Мечников – фагоцитоз теориясын  ашты.

У.Гарвей – қан айналым шеңберін ашты.

Э.Геккель – экология терминін ғылымға енгізді.

Н.И.Вавилов – мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын ашты.

А.Левенгук – ұсақ ағзаларды ашты.

Л.Пастер – ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзаларды тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

(Тіршіліктің пайда болуы жөнінде S  тәрізді шыны түтікпен тәжірибе жасады.

9 сынып)

 

Этология – мінез- құлық туралы ғылым

Маммология —  сүтқоректілерді зерттейді

Герпетология – жорғалаушыларды зертейді.

Бриология – мүктерді зерттейді

Гистология —  ұлпалар туралы ғылым           Генетика – тұқымқуалашылық пен өзгергіштікті зерттейді.

Энтомология – бунақденелілерді

зерттейді.

Ихтиология —  балықтарды зерттейді.

Орнитология —  құстарды зерттейді.

Гельминтология – паразит құрттарды зерттейді.

 

 

    

  5 кезең «Терминдер аукционы»

Қатысушылар таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады. Әр жазған сөздеріне ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған  2 сайыскер ойыннан  шығады.

Ихтиология, орнитология, урология, микробиология, физиология, микология, генетика, экология, цитология, маммалогия

 

6 кезең Суретпен жұмыс.

Қалған сайыскерлер берілген сурет бойынша жұмыс істейді.

 

Қайсысы білгір, білімді,

      Талабына қарайық.

      Кімдер зерек, кімдер жылдам?

      Таланттарын табайық.

      Әділқазы алқасы

      Сараласын бағалап

      Кім жеңеді сайыста

      Анықтайық даралап, -дей келе сөз кезегін әділ — қазылар алқасына берейік.