Кезектес салалас

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас

Қазақ тілінен ашық сабақ
Тақырыбы:Кезектес салалас
ОҚО, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы, Ұзын-Ата ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шинтемирова Зәуре Пірманбекқызы

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік:кезектес салаластың жасалу жолдарын ұғындыру,өзге салалас сөлемдерден ажырата білуге дағдыландыру,білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

2)Дамытушылық:өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,тұлғаны дамыту.

3)Тәрбиелік:тез ойлауға,жүйелі сөйлей білуге баулу,белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың оқу әдісі: БиС  технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: тірек сөздер,деңгейлік тапсырмалар,тест сұрақтары,топтастыру әдісі, мақал – мәтелдер,т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушы санын түгендеу

2.Оқушы назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Тірек сөздер

1.Ыңғайлас салалас

2.Түсіндірмелі салалас

3.Себеп — салдар салалас

4.Талғаулы салалас

5.Жалғаулықты

  1. Жалғаулықсыз

7.Жай сөйлемдер

  1. Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру
  2. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
  3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? (Топтастыру әдісін сызу)
  4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

(топтастыру әдісін сызу)

Мысалы: Клубта кейде кино болады,кейде қызықты баяндамалар тыңдалды . Машина жүрісін бірде шапшаңдатады,бірде баяулатып әндетеді.Эксковатор біресе ұзын мойнын көтереді,біресе көтереді,біресе төмен созады.

МҰҒАЛІМ СӨЗІ: Осы құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердегі іс- әрекет кезектесіп іске асатындығын көріп отырмыз.Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас сөйлемнің түрі кезектес салалас деп аталады.Кезектес салалас сөйлемнің жалғаулықты түріне жатады. Ол бірде,біресе,кейде деген жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.Бұлар кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдерді,бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарғанда әр жай сөйлем сайын қайталанып отырады,араларына үтір қойылады.

ЕРЕЖЕСІ:Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.

 

 

 

  1. Жаттығу жұмыстарын орындау

116 – жаттығу  Бірыңғай мүшелер мен кезектес салаласты бөліп

жазу

117-  жаттығу  Баяндауыштарды тиянақты етіп, сөйлемдерді салаластыра байланстыру

118- жаттығу   Сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып,кезектес салалас етіп құрау

  1. ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР  ( топтық жұмыс)
  2. КУБИЗМ СТРАТЕГИЯСЫ

1  —  топ

  1. Суретте (кезектес салаластың ережесін айту)
  2. Салыстыр (ВЕНН ДИОГРАММАСЫН СЫЗУ)

ыңғайлас                           ортақ қасиеті                       талғаулы

себеп салдар                                                                    кезектес

түсіндірмелі

қарсылықты

 

3.Байланыстыру  (шылауларды салыстыру)

4.Сарала                   (сөйлем құрау)

 

5.Қолдан               (сөйлем  құрау)

6.Талқыла              ( сөйлем құрау арқылы дәлелде)

 

2  —  топ      Сен қалай ойлайсың? Мақал- мәтелдер

( Салаластың түріне ажырату)

  1. Өтірік те, шын да ауыздан шығады
  2. Құлан қайда семірсе, Сол жерге түгін төгеді .
  3. Бақ кейде тауып қонады,

Кейде ауып қонады.

  1. Бас болмақ оңай,бірақ бастамақ қиын.

3 —  топ. Тест сұрақтарымен жұмыс жасайды.

(Әр оқушыға тест сұрақтары таратылады)

  1. Сабақты пысықтау: Кезектес салалас дегеніміз не?
  2. Үйге тапсырма:119-жаттығу
  3. Қорытынды , бағалау: оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.