«Болашаққа бет алған Қазақстан»
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№64 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Болашаққа бет алған Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға 1 –желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні екендігін айтып, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны,еңбектерімен таныстыру. Жас ұрпақтың бойына отанға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ел басқару ісіне араласуға үйрету
Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, слайд — шоу (интерактивтік тақтаны пайдалана отырып), нақыл сөздер, ел президенті,астана туралы суреттер
Сабақ барысы:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қорғауға, қадірлеуге, сүюге тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді, — демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
— Оқушылар, «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар еске келеді?
— Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16- желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Еліміздің егемен екенін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.
Гүлсая:
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.
Тәуелсіз елім, тау – елім,
Қойнауың жақұт бау елім.
Көк байрақ туым желбіреп,
Шаттықтықтың салам әуенін.
Күндердің аппақ сағымын,
Қайраққа қайта жаныдым.
Қырандай самғап қияға
Мұқалмас енді қарымым.
Уақыттың ашып кезеңін,
Бақыттың кештім өзенін.
Ғасырдың жаңа бетінен,
Ғарыштың отын сеземін.
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді Ту болмады дегенге. (Мақсат — карта мен ту туралы айтады))
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер Түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба. (Сүйініш — әнұран, елтаңба туралы айтады)
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілін білу, қастерлеу – парызымыз. 1989 жылы 22 қыркүйек күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Тіл туралы» заң қабылдап, еліміздегі мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі бекітілді.
Алтынай:
Создық қол болашаққа көз көрмеген,
Тереземіз теңеліп басқа елменен.
Мүше болып БҰҰ-ға қазақ елі,
Мысын басты өзге елдің тең көрмеген.
Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,
Жасантқан ұрпағының күміс тері.
Елбасы Нұрсұлтандай бастап бүгін,
Үмітін үкілейді қазақ елі.
- Бабаларымыз өткен дәуірлерде Европа елдерін желден жүйрік сәйгүлікпен аралап, көзсіз ерліктің нақты үлгісін паш еткенін білеміз. Батырлық рухтың лайықты жалғасына бүгін де куәміз. Қазақстанның 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым – Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуімен тағы да жер жаһанды дүр еткізді. Халықаралық ұйым 1975 жылы 1 тамызда Финляндия астанасы Хельсинки қаласында құрылған. Ендігі жерде әлем елдері Қазақстанды, оның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті танып қана қоймай , үлгі етеді. Европадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы биыл Нұрсұлтан Әбішұлы белгілеп берген ұрандармен жұмыс атқарады.
Төл теңгеміз 1993жылдың 15 қарашасында Республикамызда ұлттық валюта ретінде бекітілді.
Мұғалім: — Оқушылар, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан тәуелсіз мемлекет екендігін Түркия елі бірінші болып мойындады. Ендеше, қазірде әлем Тәуелсіз Қазақстан туралы не дейді? Тақтаға назар аударайық:
— Қазақ халқы — сөзге бай шешен халық. Ендеше, оқушылар, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
— Жері байдың –елі бай.
— Жер жаусыз болмайды, Халық хансыз болмайды.
— Отан оттан ыстық…
Әсемай:
— Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қала – Астанам!
Жас Астанам – жас ғалам,
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол ойшылдың,
Ей, бас қала – Астанам. – демекші, бас қаламыз Астана көркею үстінде. Астананың көркеюіне Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор. Назарымызды тақтаға аударайық — Астананың әсем жерлерін тамашалайық. (Астана қаласының әсем жерлері бейнеленген слайдты альбом)
Республикам мейірімді мәрт ана,
Тосқауылды бұзып өттің қаншама.
Қазыналы ұлан байтақ өлкеге,
Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана.
Топырағыңмен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.
Нығайтамын елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.
Назерке:
Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Мемлекетіміздің ең алғаш Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 16 жастан бастап еліміздің төлқұжатын ала алады. Осыған байланысты 1995 жылы 27 ақпанда төлқұжат туралы заң күшіне енді. 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
І бөлім Жалпы ережелер.
ІІ бөлім Адам және азамат
ІІІ бөлім Президент
ІV бөлім Парламент
V бөлім Үкімет
VІ бөлім Конституциялық кеңес
VІІ бөлім Соттар және сот төрелігі
VІІІ бөлім Жергілікті мемлекеттік басқару
ІХ бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер
Халықаралық деңгейдегі конституциялық мерекелер
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
2O˗ қараша Дүниежүзілік балалар күні.
10- желтоқсан Адам құқығы күні.
10- желтоқсан 1948жыл Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
20- қараша 1989 жыл БҰҰ- да бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
Ғалымбек Жұматов
Ата заңы- ынтымақ бірлік кепілі.
Азаматтың!
Еркінмін!
Еріктімін!
Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін.
Егеменді елім бар, Ата заң бар.
Қорғайтын ынтымағын, беріктігін заңым бар.
Тау да мен, теңіз де мен!
Мен-халықпын, туған жер-Атамекен.
Ажырамас мызғымас егіз дер ем
Елім осы Ата заңын аялаған.
Бірлікке жақсылыққа тоя ма адам,
Күңкілдепте жатамыз күнделікпен
Кейде айырмай шындықты баямадан
Ата заң келешекті бағамдаған,
Өрісте еске ұмтылса қалай далам.
Бүгінде тер төгілген бастаманың.
Сара жолын Ата заң тарамдаған.
Таныт Заң елімнің өзіндігін,
Батылырақ шығады сөзім бүгін.
Сыйлап келсе елімді кім болса да
Хан көтеріп күтуге төзімдімін.
Азияда туралы слайд.:
Елбасы өмірбаяны туралы оқып береді.
Елбасы сөздері: талдау жасайды – Куаныш
Қ.Рысқұлбеков туралы слайдпен таныстырады.
Қорытындылау.