Сағыныш
Сағыныш
Ауасы жанға шипадай, суы нәр,
Өмірдің жәннаты туған жерден табылар.
Өзге ел өзегін беріп тұрса да
Адамзат анасы туған жерін сағынар.
Сағыныштың дауасын еліңнен табарсың,
Кей сәтте тебірене есіңе аларсың.
Туған жер топырағыңнан айналайын,
Жүректің төрінде сен орын аларсың.
Балалық шағымның аяулы куәсі,
Жүрекке жақын тым жусаны, жуасы.
Әлемде байлықтың, барлықтың ішінде
Өзіңнен қымбаты бар ма екен сұрашы.
Балапан сияқты ем қанаты әлжуаз қатпаған,
Қазақы әдеппен, ибадан аспаған.
Ұяңнан ұштым да өмірден жол таптым
Өткенге оралу өлгенше туған жер жоқ маған.
Жәнібек бабамның қолдауын әркез сезінем,
Күш аламын қасиетінен жерімнің.
Тамырымда Тосынның тылсым қаны бар
Анамның ақ сүтімен тұла бойға берілген.