Дәрумендер әлемі. (сәндік сурет салу)
Балалармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдасқан оқу іс — әрекет түрі: Сурет
Тақырыбы: Дәрумендер әлемі. (сәндік сурет салу)
Мақсаты: Шеңбер пішінді жемістермен көкөністерді бейнелеу.
Көрнекілігі: үлгі суреттер
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу
Билингвистикалық компанент : өрік – урюк , анар – гранат, қарбыз – арбуз, пияз – лук
Инклюзивтік әлеумет: Дильназ
Іс — әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс — әрекеті | Баланың іс -әрекеті |
Мотивация лық қозғаушы | · Ой қозғау (Жұмбақ жасыру) 3-5 мин Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер. Жасырылған жұмбақтың шешімін тауып, суреттері көрсетіліп әр жемістер мен көкөністер туралы шағын мәлімет беріледі. 1. Сырты жасыл қатты, іщі қызыл тәтті. (Қарбыз – арбуз) Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, дәндерін сары ауруға қарсы қолданады, қарбыздан тосап жасауға да болады. 2. Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ . ( Анар – гранат) Анардан салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде) 3. Қалың киім ұнатады, ( пияз – лук) Түсі қандай? ( қызғыл сары) 4. Сырты тәтті, іші тәтті Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. |
Ойланады
Жұмбақтың жауабын шешеді.
Естеріне сақтайды.
Өздеріне мәлімет жинайды.
Жемістерді екі тілде хормен қайталайды.
|
Іздену ұйымдасты рушы
| · Дид.ойын: «Пішініне сәйкесін тап» (5 мин) Мақсаты: Балаларды салыстыруға, ажыратып, топтай білуге үйрету.
· Өзіндік жұмыс . (10 мин) — Құрал – жабдықтары таратылады: қылқалам, ақ парақтар, су бояулары. · Қауіпсіздік шаралары ескеріледі. — Суды көп қолданба, қылқаламмен досыңды көрсетпе, бояуды аузыңа салма. · Балалар тәрбиешімен бірге ілесіп отырып, сурет салады, бояйды, жұмыс жасайды, көмек сұрайды. · Сергіту сәті. «Ағашта – жерде» (5мин) Жүргізуші бала: — алма, шие, өрік – балалар қолдарын көтереді. — қияр, пияз, сәбіз – балалар қолдарын төмен түсіріп отырады. |
Ойынға қызыға қатысады.
Жұмыс жасайды.
Сурет салады
Түс таңдайды, бояйды
Бойларын жазады, сергиді. |
Рефлексивті Коррекция лаушы
| Қорытындылау. ( 5 мин) Балалардың жұмыстарын тексеру, тақтаға ілу Ұнаған суреттерін көрсетіп, бір-бірлерін бағалау. Пысықтау сұрақтары Екі тілде қайталау. өрік – урюк , анар – гранат, қарбыз – арбуз, пияз – лук Мадақтау, марапаттау |
Сұрақтарға жауап береді.
Жекелеп екі тілде айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жемістермен көкеністерді ажыратып
Игеру керек: Шеңбер пішінді жемістермен көкөністерді ажыратып
Үйрену керек: шеңбер пішіндес көкөніс жемістердің суретін салып
Тәрбиеші: Нұртаева Мая