С.Сейфуллин,Туған ел
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Туған ел»
Мақсаты: Окушыларға С.Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу. Мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру. Туған елін, жерін суюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер
Сабақтың типі: Жана білім енгізу
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: көрнекілік, сұрақ — жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
а) Сынып оқушыларының оқу-құралдары түгелденіп,дайындықтары тексеріледі.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
- Психологиялық тренинг
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн болмаса жербетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
— Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.
1-слайд.
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік.
(«Жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады)
-Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырп, сабағымызды бастайық.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.
Бекіту сұрақтары:
— М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған.
— Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?
— Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
2-слайд
Үш бақытым
— Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?
Отан дегеніміз — туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.
3-слайд:
…. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі — бояу, музыканттардың тілі — музыка, ол ақын, жазушылардың тілі — сөз.
— Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері — С.Сейфуллин.
4 — слайд.
(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)
- С.Сейфуллин туралы толықырақ мәлімет алу үшін бізді Әйгерім ақынның өмірбаянымен шығармашылығымен өзінің дайындап келген мәнжазбасы арқылы таныстырады.
- Бүгін осындай көрнекті ақынның «Туған ел» өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.
(Туған жер, табиғат туралы сурет)
5-слайд
Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу. «Туған ел» туралы мәнжазба тыңдалады.
- Дәптермен жұмыс.
а) Тақырып, авторы жазылады. «Ой толғау».
ә) Туған ел туралы 2-3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.
- Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.
- Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)
Сарғайды … … ….
Сап — сары … … ….
Соңғы әнін … … ….
Құс кетті … … ….
VII. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, — деген болатын Қазақстанның Республикасының ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау — бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз «Қызыл қітапқа» ене бастады.
«Қызыл кітап»туралы мәнжазба тыңдалады.
Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.
VIII. Бекіту.
— Қандай өлеңмен таныстық?
— Авторы кім?
— Өлеңде не туралы айтылған?
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.