Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Сабақ тақырыбы: Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Сыныбы: 7 класс
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларды орташа жылдамдық туралы түсінік алуға жетелеу, бір қалыпты емес қозғалыс туралы ұғым туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру.
- Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
- Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: аралас.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Жұмыс дәптері, физика-7.
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
- Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.
- Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?
- Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?
- Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?
- Оқушыларға берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.
Ал жолдың әр түрлі бөлігіндегі орташа жылдамдықты табу үшін
оның арифметикалық ортасы табылады.
- Есептер шығару.
8-жаттығу. №1, №2.
Карточкамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
- Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:
- 26. Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
8-жаттығу: №3, №4.
мысал-есеп:
Бер: Шешуі: Шығарылуы:
t1=40мин υорт=l/t t=40мин+20мин=60мин=1сағ
υ1=60м/с t=t1+t2 l1=60км/сағ·40/60сағ=40км
t2=20мин l=l1+l2 l2=30км/сағ·20/60сағ=10км
υ2=30м/с l=40км+10км=50км
t0=0, l0=0 υорт=50км/1сағ=50км/сағ
υорт-? l1= υ1·t1
l2= υ2·t2
8-жаттығу. №1:
Бер: Шешуі: Шығарылуы:
t1=20c υорт=l/t t=20c+20c=40c
υ1=20м/с t=t1+t2 l1=20м/с·20с=400м
t2=20c l=l1+l2 l2=30м/с·20с=600м
υ2=30м/с l=400м+600м=1000м
t0=0, l0=0 υорт=1000м/40с=25м/с
υорт-? l1= υ1·t1
l2= υ2·t2
№2:
Бер: Шешуі: Шығарылуы:
υ1=60км/сағ υорт= (υ1+ υ2)/2 υ2=2·65км/сағ-60км/сағ=70км/сағ
υорт=65км/сағ υ2=2υорт— υ1
υ2-?