«Білім тарландары»
Тақырыбы: «Білім тарландары»
Мақсаты: Оқушыларды өз ойларын шапшаң,тұжырымды,жинақы әрі ашық айтуға ,ұтымды түрде сөйлей білуге үйрету;
Ұйымдасып,топпен және жеке шығармашылық жұмыстармен айналысуға дағдыландыру;
Оқушыларды бірін-бірі сыйлауға ,сын көтере білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Физика және математика жайлы ғалымдар сөздері,нақыл сөздер,
Бағдарламасы:
I.Топтардың сәлемдесуі ,ұраны
II.Викториналық сұрақтар
III.Формулалар биі
IV.Ән-әуен
V.Білмекке құмарлық
VI.Жарнама құрастыру
VII.Сән үлгісі (қолданған материалдарының физикалық қасиеттерін таныстыру)
VIII.Командалар тілегі
1-жүргізуші:
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өрендер,
Қош келіпсіз бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгіге есіңізде .
2-жүргізуші: Шақырамыз екі топты ортаға,
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы кеште біліп ал.
1-жүргізуші:
Әділдік болмаса егер шығар алға,
Бұл дүние жақсылардан қалар ада.
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз,
Мықтыларға берер деп әділ баға, деп бүгінгі әділқазыларды таныстырып өтейін:
1…………………………
2…………………………
3…………………………
2-жүргізуші: Таныстырып топтарын,
Ұрандарын айтады,
Көрерменге білдіріп
Әділ баға алады.
1-жүргізуші:
Көрермендер тынысым,
Озар,қалар,қалыс кім.
Бүгінгі кеш топтары,
Сіздерменен таныссын.
2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие-тәлім табар мән.
1-жүргізуші:
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға , сол алда!-деп келесі сайысымыз викториналық сұрақтарға кезек берейік.
1-топқа
- Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?
2.Жақша алдында минус таңбасы тұрса жақша қалай ашылады?
- Әлемде не бар болса , соның бәрі …….. не деп аталады?
4.Астрономия нені зерттейтін ғылым?
- а2-в2 неге тең?
- Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде ,дәреже көрсеткіштері қалай өзгереді?
- 6-ға қарама-қарсы сан,кері сан қандай?
- Дене дегеніміз не?
9.Паскаль заңы
10.Жылдамдықты өлшейтін құрал?
2-топқа
- Қарама –қарсы санның қосындысы неге тең?
2.(а+в) 2 неге тең?
- Физика нені зерттейді?
- Астрономиядағы негізгі құрал?
- Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері қандай?
6.Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда п/б бұрыштар қалай аталады?
- Тұстас бұрыштардың қосындысы
- Күшті өлшейтін құрал
- 5-ке қарама-қарсы сан
- Дененің жерге тартылу күші
1-жүргізуші:
Формулалар үндейді
Формулалар не дейді?
Жұптарын олар тауып –ап,
Көрерменге билейді.
Бір топ мүшелеріне физикалық шаманың белгіленуі омырауына ілінеді. Қарсы топ мүшелеріне формуланың екінші жартысы мойындарына ілінеді. Ойынға қатысушы топ өз жұбын тауып вальс билеп жүреді.Сәлден соң екінші топ мүшелерінің басына физикалық шаманы өлшейтін құралдар аты жазылған короналар кигізіледі..ойынға қатысушы топ өз жұбын тауып билейді.
Осылай екінші топта қайталайды.
F mg
F динамометр
2-жүргізуші: Келесі сайыс түрі «Ән-әуен» .Бұл бөлімде екі топ кезекпен математикаға байланысты ән айтуы керек.
«Ақ жайнақ» әнімен
Хош келіпсіз бұл кешке үлкен-кіші –а-а-а-ай
Дөп келіпсіз бар жақсы осы кеште –ай құрбылар,
Білім нәрін есептің сусындатып а-а-а-ай
Тек көңілді қайтарсыз бүгін үйге-ай құрбылар
Қ-сы:
Бүгінгі кеш көңілді
Оған біздер сенімді
Қошеметпен қол соқса
Көрермендер өнімді
Математика әлемі ғылым биік а-а-а-ай
Мойындарсыз сіздерде осы жерде құрбылар
Атсалысып,жарысып көрінейік а-а-а-ай
Мадам ,сыйлық аларсыз бәріңізде-ай құрбылар.
«Армандастар» әнінің ырғағымен
1.Тақиялы періште боп келіп тұрмыз,
Бәрімізде тақияны киіп тұрмыз
Цилиндрдей айналу денесінің
Қасиетін сіздерге сараптаймыз.
Қ-сы
Біздер айналатын цилиндрміз
Бәрімізде айналу денесіміз.
Айналамыз мұнда ,формулалар ойда,
Туысқандар,қарсыластар қайда екен.
2.Геометрияға ең керек фигура едік,
Сайысқа арнайы келген едік
Күнделікті адамға ең қажетті,
Цилиндрлер мына біздер болған едік
Қ-сы
- Бағаналар,бөренелер бәрі бізбіз,
Ыдыс ,сайман, сым боламыз тағы да біз.
Біздің сұлба қолданылмас жерде жоқ қой,
Сондықтан да қажеттіміз өмірге біз.
1-жүргізуші:Әр нәрсеге құмартады жас бала,
Не нәрсені істейін деп ойлана.
Келесі бөлім «Білмекке құмарлық» бөлімі.Екі топ тәжірибе көрсетеді.
2-жүргізуші:
Құрастырған ойларынан жарнама
Екі топтың еңбектері қаншама.
«Жарнама құрастыруға» кезек берейік
(Назгүл музыкамен билеп шығады, соңында ақсаңдаған апасы да қоса билеп барады)
Н: Апа неге менен қалмайсың?
Апасы: Еркежан мектептеріңе бір-бір қорап кәмпиттер әкелді деп еді , содан алайын деп бара жатырмын.
Н: Апа, ол кәмпиттер емес қой,компьютер. Ол бәрін жасайды , сурет салады,жазады, есеп шығарады.
А: Е,әлгі саудагер әйелдер ақша есептейтін « қылқыпатыр» сияқты екен ғой.
Н: Жоқ ,апа ол емес.Бұл компьютер,ал ол «қылқыпатыр» емес калькулятор ғой. Апа деймін апа, м енің мамам мен папама айтып ,бір компьютер әперші.
А: Әпертем, әпертем, құлыным. Екеуміз есеп шығарамыз, ойын ойнаймыз.
Н: Алақай,алақай компьютер алатын болдым. Апа тез жүрші алғызайық. (Апасын ертіп шығып кетеді)
Соңынан бір оқушы шығып жарнама деген жазуы бар қағазды көрсетіп билеп өте шығады,музыка әуенімен.
Назгүл мен апасы шығып төмендегіні айтады:
-Қазіргі заман техника заманы, сондықтан ағайын ,компьютер үйренейік.
2-топ
Алушы: Ассалаумағалейкум, ақсақал сауда базарлы болсын.
Сатушы: Уағалайкумассалам, айтқаның келсін, не аласың?
Алушы : Көп нәрсе алмаймын 1000 теңгеге бір қаз берсеңіз болғаны.
Сатушы: Ала ғой
А: (қайта бұрылып келеді) .Мен ойландым, 1000 теңгемен қазды алып маған ,лақ бере салсаңыз қайтеді.
С: Жарайды ,сөзіңнің садағасы (лақ береді)
А: Онда былай істейік 1000 теңге де ,қаз да ,лақ та сізде қалып бір қой бере салыңызшы.
С: Жақсы ,жақсы (қой береді)
А: Мен тағы ойланып тұрмын 1000 теңге де,қаз да ,лақ та, қой да сізде қалсын бір тай бере салыңыз .Жоқ,жоқ онда бәрі сізде қалсын , жол жүріп бара жатыр едім атыңызды бере салыңызшы.
С: жарайды ,келістім.
А: Ал енді сау болыңыз
С: Есеп білмеген есек.Бәрін маған тастап бір жаман атты алып кетті.Қой қайтайын бүгінге осы да жетер.
Оқушы: Кім ұтты,кім ұтылды? Өзің сарала ағайын.
Жарнама
А: Нарық заманы, есеп заманы
С: Өз пайдамызды білейік достар.
1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Сән үлгісі». Бұл бөлімде әр топ мода көрсетіп ,қолданған материалдарының физикалық қасиеттерімен таныстырады.
2-жүргізуші:
Терминдерден құралған,
Ақ тілекті тыңдайық!
Алғыр,өткір жандардың,
Білімін біз сынайық.
Құрметті топ мүшелері біз сіздерге математикадан, физикадан терминдер айтамыз.Сіздер бір-бірлеріңе ,көрермендерге сол терминдерді пайдаланып ,жақсы тілектер айтасыздар.
Төрт— Төрт құбылаң тең болсын!
Ырысың мен берекең мол болсын!
Дәреже-Дәрежең еселенсін!
Талабың өсе берсін!
Шаршы-Шаршы алаңда мүдірме,
Көп ойланып кідірме!
Стандарт-Стандартқа сай білім алайық!
Қуат-Уа,халаайық! Бай-қуатты болайық!
Жұлдыз-Жұлдызың жоғары болсын!
Жасың жүзге толсын!
Күн –Күндей жарқырап тұр!
Ай –Айың әр уақытта оңыңнан тусын!
Күш-Күш –жігеріңіз сарқылмасын!
Кедергі ,көлем-Ешқашан кедергі
Болмасын көлемді!
Жұмыс-Жұмысың табысты ,
Ісің алғысты болсын!
Түзу-Өмірде түзу жолмен жүр!
Жер-Жер бетінде бейбітшілік болсын!
Жүйе-Алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз жүйелі болсын!
Тең-Тең құрбыларыңның алды бол!
Есе –Еселенген бақыт келсін!
Әділқазылар шешімін шығарғанша ән орындайды.
Екі топ бірге: «Бауыржан шоуда» айтылатын «Театр» әнінің әуенімен
1.Армандар шыңдарға қалықтап барады,
Ой тастап көңілге қозғайды сананы.
Болашақ өмірге жол бастап есептер,
Қырандай қалықтап қанатын қағады.
Қ-СЫ
Есептер,есептер,есептер
Өмірден керекті көсеп көр.
Өрнектер, өрнектер,өрнектер,
Жұмбақты әлемге еніп көр.
- Бұл өмір құралған қашанда есептен,
Айнала қарасаң бәріде есеппен.
Белгісіз ғаламның құпия сырларын,
Тек қана шешеміз бәріміз есеппен.
Қ-сы
- Есептер,есептер,қызықты есептер,
Өмірдің мазмұнын, қызығын еселер,
Айнала ғажайып,құпия қызығын,
Бәріде тек қана есеппен өрілер
Қ-сы
1-жүргізуші: Аяқталды тапқырлардың сайысы
Қоштасамыз көңіліміз қайысып,
Еске әзілмен түсірейік әр сәтті
Отырғанда үйге барып шай ішіп.
2-жүргізуші:
Ең бастысы ,орын емес жарыста
Терең білім,жеңу шарты жарыста ,
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз
Өмірде де жетерің хақ, табысқа!
.Армандар шыңдарға қалықтап барады,
Ой тастап көңілге қозғайды сананы.
Болашақ өмірге жол бастап есептер,
Қырандай қалықтап қанатын қағады.
Қ-СЫ
Есептер,есептер,есептер
Өмірден керекті көсеп көр.
Өрнектер, өрнектер,өрнектер,
Жұмбақты әлемге еніп көр.
- Бұл өмір құралған қашанда есептен,
Айнала қарасаң бәріде есеппен.
Белгісіз ғаламның құпия сырларын,
Тек қана шешеміз бәріміз есеппен.
Қ-сы
- Есептер,есептер,қызықты есептер,
Өмірдің мазмұнын, қызығын еселер,
Айнала ғажайып,құпия қызығын,
Бәріде тек қана есеппен өрілер
Қ-сы
.Армандар шыңдарға қалықтап барады,
Ой тастап көңілге қозғайды сананы.
Болашақ өмірге жол бастап есептер,
Қырандай қалықтап қанатын қағады.
Қ-СЫ
Есептер,есептер,есептер
Өмірден керекті көсеп көр.
Өрнектер, өрнектер,өрнектер,
Жұмбақты әлемге еніп көр.
- Бұл өмір құралған қашанда есептен,
Айнала қарасаң бәріде есеппен.
Белгісіз ғаламның құпия сырларын,
Тек қана шешеміз бәріміз есеппен.
Қ-сы
- Есептер,есептер,қызықты есептер,
Өмірдің мазмұнын, қызығын еселер,
Айнала ғажайып,құпия қызығын,
Бәріде тек қана есеппен өрілер
Қ-сы
.Армандар шыңдарға қалықтап барады,
Ой тастап көңілге қозғайды сананы.
Болашақ өмірге жол бастап есептер,
Қырандай қалықтап қанатын қағады.
Қ-СЫ
Есептер,есептер,есептер
Өмірден керекті көсеп көр.
Өрнектер, өрнектер,өрнектер,
Жұмбақты әлемге еніп көр.
- Бұл өмір құралған қашанда есептен,
Айнала қарасаң бәріде есеппен.
Белгісіз ғаламның құпия сырларын,
Тек қана шешеміз бәріміз есеппен.
Қ-сы
- Есептер,есептер,қызықты есептер,
Өмірдің мазмұнын, қызығын еселер,
Айнала ғажайып,құпия қызығын,
Бәріде тек қана есеппен өрілер
«Армандастар» әнінің ырғағымен
1.Тақиялы періште боп келіп тұрмыз,
Бәрімізде тақияны киіп тұрмыз
Цилиндрдей айналу денесінің
Қасиетін сіздерге сараптаймыз.
Қ-сы
Біздер айналатын цилиндрміз
Бәрімізде айналу денесіміз.
Айналамыз мұнда ,формулалар ойда,
Туысқандар,қарсыластар қайда екен.
2.Геометрияға ең керек фигура едік,
Сайысқа арнайы келген едік
Күнделікті адамға ең қажетті,
Цилиндрлер мына біздер болған едік
Қ-сы
- Бағаналар,бөренелер бәрі бізбіз,
Ыдыс ,сайман, сым боламыз тағы да біз.
Біздің сұлба қолданылмас жерде жоқ қой,
Сондықтан да қажеттіміз өмірге біз.
«Армандастар» әнінің ырғағымен
1.Тақиялы періште боп келіп тұрмыз,
Бәрімізде тақияны киіп тұрмыз
Цилиндрдей айналу денесінің
Қасиетін сіздерге сараптаймыз.
Қ-сы
Біздер айналатын цилиндрміз
Бәрімізде айналу денесіміз.
Айналамыз мұнда ,формулалар ойда,
Туысқандар,қарсыластар қайда екен.
2.Геометрияға ең керек фигура едік,
Сайысқа арнайы келген едік
Күнделікті адамға ең қажетті,
Цилиндрлер мына біздер болған едік
Қ-сы
- Бағаналар,бөренелер бәрі бізбіз,
Ыдыс ,сайман, сым боламыз тағы да біз.
Біздің сұлба қолданылмас жерде жоқ қой,
Сондықтан да қажеттіміз өмірге біз.
«Армандастар» әнінің ырғағымен
1.Тақиялы періште боп келіп тұрмыз,
Бәрімізде тақияны киіп тұрмыз
Цилиндрдей айналу денесінің
Қасиетін сіздерге сараптаймыз.
Қ-сы
Біздер айналатын цилиндрміз
Бәрімізде айналу денесіміз.
Айналамыз мұнда ,формулалар ойда,
Туысқандар,қарсыластар қайда екен.
2.Геометрияға ең керек фигура едік,
Сайысқа арнайы келген едік
Күнделікті адамға ең қажетті,
Цилиндрлер мына біздер болған едік
Қ-сы
- Бағаналар,бөренелер бәрі бізбіз,
Ыдыс ,сайман, сым боламыз тағы да біз.
Біздің сұлба қолданылмас жерде жоқ қой,
Сондықтан да қажеттіміз өмірге біз.