Электр тогының жұмысы мен қуаты.

8-сынып

Тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Мақсаты: 1.Электр тогының жұмысы   мен қуатын есептеу формулаларын қорытып шығару.

  1. Өлшем бірліктерін енгізу.

3.Олардың қолданылуын  түсіндіру.

  1. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу.

Түрі: Шығармашылық іздену арқылы өз бетімен білім алу.

Әдісі: деңгейлеп,саралап оқыту

Көрнекіліктер: есептегіштер, электр шамдары, ток көзі, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр,сағат, кодопозитивтер.

Пәнаралық байланыс: география, математика

Барысы

1.Өткен материалдарды топпен  жұмыс істеу арқылы қайталау:

өткізгіштерді тізбектей қосу

өткізгіштерді параллель қосу

  1. Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту

3.Бекіту

  1. Қорытындылау
  2. Үйге тапсырма беру

Сынып оқушыларын  топқа бөлу.

Топтарға берілетін тапсырма:

Кодопозитивтегі электр схемалары бойынша тізбекті жинап, анықтауға мүмкін болатын физикалық шамалардың байланысын түсіндір.

Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар

  1. Тізбек бөлгілі (үшін) ұштарындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?

Кернеу өткізгіш бөлігі бойымен ІКл заряд өткенде атқарылатын жұмысқа тең болады: U

  1. Кернеудің формуласын пайдаланып, электр тогының жұмысын қалай табуға болады? Ол қалай  аталады?

Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін тізбектің осы бөлгінің ұштарындағы кернеуді сол бөлік бойымен өткен электр зарядына көбейту керек.

А=q

  1. Электр зарядына талдау жасай отырып, электр тогының жұмысын есептеу формуласын қорытып шығару және оның айтылуын жаз.

q=It

A=IUt

Электр тогының тізбек бөлігіндегі жұмысы осы бөліктің  ұштарындағы  кернеуді ток күшіне және сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа көбейткендегі  көбейтіндіге тең.

4.Электр тогының жұмысын есептеу формуласын пайдаланып, жұмысты қалай өлшеуге болатындығын түсіндір.

1Вт (Ватт) =1В  А…

9.Қуатты қандай құралдармен өлшеуге болады? Ваттан басқа қандай қуат бірліктерін білесің?

Қуат ваттемтрмен өлшенеді.

1гВт= 100Вт, 1кВт= 1000Вт, 1МВт=1000 000 Вт

10.. Электр тогының жұмысы есептегіштер  арқылы қандай бірліктермен өлшенеді?

1КВт сағ

І деңгей

1.Электр энергиясын үнемді пайдалану жөнінде не айтасың? (ұпай)

Кернеу 40 В, ток күші 500 А дәнекерлеуші аппараттың 30 мин ішінде тұтынатын қуатын және жұмсаған энергиясын есепте. (2ұпай)

ІІ деңгей

1.Неліктен электр қыздырғыш приборлардың қылсымдарын меншікті  кедергісі көп материалдан  жасайды? (2 ұпай)

2.1 кВт сағ 4 теңге 83 тиын деп есептеп 30 тәулік бойы тәулігіне 10 сағаттан жанып тұрған  шамдағы токтың  жұмысының құнын есепте. Электр шамының қуаты 100 Вт (4ұпай)

3.Электровоздың 6 электр қозғалтқышының тұтынатын кернеуі кВ және әрбір қозғалтқышының қуаты 3 кВт. ҚозғалтқыштыңПӘК- і 92%  болса, ток күші неге тең? (7ұпай)

ІІІ деңгей

1.ПӘК- і  80% болған жағдайда 10 мин. ішінде 2л. суды 20 0 C -ден қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы 0,84 мм2  никелин сымның ұзындығы қандай етіп алу керек? (7ұпай)

Қорытындылау:деңгейлік тапсырмаларды тексеру нәтижесін шығарып, бағалау.

Үйге тапсырма: Электр энргиясын өндіретін аймақтар туралы не білесің?