Физика пәні бойынша «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі» тарауына орта мерзімді жоспарлау
Физика пәні бойынша «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі» тарауына орта мерзімді жоспарлау
№ | Өтілу мерзімі | Сағат саны | Тарау\сабақ тақырыбы | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы | Үйрену барысын бағалау | Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
4 | ІІ тарау. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Мақсаты: заттың агрегаттық күйлерінің өзгеру себебін ұғыну, ішкі энергияның өзгеру шамасын анықтау, ауа ылғалдылығын анықтау алу | Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеру себебін анықтай алады, өмірде бақылап, түсіндіре алады, қолдана алады, процестерді салыстыра алады, ауа ылғалдылығын анықтай алады. | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістері, ақпараттық коммуникативті технологияларды пайдалану, дарынды балалармен жұмыс, диалогтік оқыту тәсілдері, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық | Деңгейлік тапсырмалар, сырттай бақылау, әңгіме жүргізу, критерий жасау, | Топқа жетекшілік ету, нұсқау беру, топқа, жеке кеңес беру, мақсаты мен жоспармен таныстыру, оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау | Интерактивті тақта, компьютер, термометр, психрометр, балауыз, спиртшам, калориметр, таразы, есеп жинағы | ||
1 | 9.10.12 | 1 | §13,14 Қатты дененің балқу және қатаюы. Меншікті балқу жылуы. Мақсаты: заттың балқу және қатаю процестерін ұғыну, сондағы ішкі энергияның өзгеру шамасын анықтау | Балқу және қатаю процестерін түсіндіре алады, екі процесті салыстырады, отын энергиясын есептей алады, процесті техникада қолдана алады | Джигсо, алты қалпақ, маршруттық карта, топтастыру, есеп шығару, эксперимент жасау | Деңгейлік тапсырма, сырттай бақылау, әңгімелесу | Нұсқау беру, топтық жұмысқа критерий құру, жұлдыз және ұсыныс айту, өз-өздерін бағалау, | Термометр, балауыз, стакан, есеп жинағы |
2 | 10.10.12 | 1 | №2 Зертханалық жұмыс. Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау. Мақсаты: Жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті жылуын анықтау | Дененің балқу процесін қадағалап, қорытынды жасайды, басқа денелер үшін меншікті балқу жылуын анықтай алады. | Жұптық жұмыс, жоғары-төмен деңгейлі сұрақтар
| Деңгейлік сұрақтар. Жоспармен, сабақтың мақсатымен таныстыру | Нұсқау беру, кейбір топтарға жетекші болу, Қорытынды арқылы бағалау | таразы, термометр, калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз, шәйнек (сыныпқа біреу) |
3 | 16.10.12 | 1 | §15,16 Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу. Мақсаты: заттың агрегаттық күйлерінің өзгерісі булану және конденсация құбылыстарын түсіндіру | Булану және конденсация процестерін түсіндіре алады, екі процесті салыстырады, талдайды, қорытынды жасайды | Жоғары-төмен деңгейлі сұрақтар, бейнеролик көрсету, графикалық диктант, маршруттық карта | Деңгейлік тапсырмалар, дарынды оқушыға арналған тапсырма, | Жоспармен таныстыру, топқа кеңес беру, бағыт беру, критерий бойынша өздерін бағалау, бір-бірін бағалау | Интерактивті тақта, компьютер, термометр, спирт, мақта, |
4 | 17.10.12 | 1 | §17 Ауаның ылғалдылығы. Мақсаты: ауаның ылғалдылық дәрежесін анықтау, маңызын білу | Ауаның ылғалдылығы ұғымын түсіну, оны анықтай алу, психрометр, гигрометр құрылысын білу және пайдалана алу | Жоғары-төмен деңгейлі сұрақтар, инсерт, бейнетаспа көрсету, Маршруттық карта, топтық зерттеушілік әңгіме | Деңгейлік тапсырмалар, | Сырттай бақылау, әңгіме жүргізу, кейбір тапсырмаларға нұсқау беру Критерий бойынша өздерін бағалау | Психрометр, мақта, су, стакан, есеп жинағы |