Электр өрісі .Электр өрісінің кернеулігі
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары. Физика 8-сынып
- Сабақтың тақырыбы : Электр өрісі .Электр өрісінің кернеулігі
Рет/с | Оқытудың негізгі мақсаттары (Блум таксономиясы бой-ша білім деңгейі) | Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер | Оқу нәтижелері | Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау | Барлық оқушыларды сабақта жұмысқа тарту (А,В,С) | Негізгі дереккөздер, құралдар |
1 | Ұйымдастыру кезеңі: сергіту жаттығу 3 минут Топқа 1, 2, 3, 4, деп санап бөлу 1.Білу 2 минут |
Қарапайым эксперимент көрсету — электроскоптың тілшесі неге ауытқиды ? Осы эксперимент бойынша жаңа сабақтың тақырыбына шығамыз.
|
Оқушылар ауызша жауап береді | Бағалау парақтары, сұрақтар, жазылған үлестірме материалдар | ||
2.Түсіну 15 минут
| Төтр топқа да бірдей тапсырма беріледі. 1.электр өрісі дегеніміз не? 2.Электр өрісінің қасиеттері қандай? 3.Электр өрісінің қасиеттерін зерттеу үшін қандай заряд алынады(таңбасы бойынша) ? 4.Өрісті сипаттайтын физикалық шама(анықтамасы,белгіленуі , формуласы) 5. Нүктеліктің зарядтың электр өрісінің кернеулігінің формуласы 6.(+) зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтары қалай аталады және бағыты қандай? | Негізгі ұғымдарға және шамаларға түсінік беріледі Формуланы қорытып шығарады ,өлшем бірлігін жазады.
| А. Формула бойынша түрлендірулер орындайды В деңгейі: Анықтамаларға сәйкес формуланы қорытып шығарады С деңгейі: негізгі ұғымдарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді |
Тапсырмалардың жауабын дәптерге жазып отырады Негізгісін түсінеді
| ||
3. Қолдану 5 минут
4. Талдау 15 минут
| ауызша есептер: 0,3 Кл зарядқа әрекет етуші күштің шамасы 30Н . Кернеулігі қандай? 2.Кернеулігі 2000Н/Кл –қа тең нүктеде орналасқан 0,1Кл зарядқа қандай күш әрекет етеді. 2. есептер жинағы бойынша (әр топқа тапсырма жүйесін жасау) 1-топ. 2.-топ. 3-топ. 4-топ | Әр топ өз мысалдарын келтіреді, талқылайды.
әр топ өз мысалдарының шығару жолын түсіндіріп, дәлелдейді, келесі топ жазып отырады
| Өзін-өзі бағалау.
.
| А деңгейі: Әртүрлі шарттағы есептерді түрлендіріп шығарып, талдайды, дәлелдейді
В деңгейі: есептерді шығарып, түсіндіреді
С деңгейі: ұқсас есептерге қарап, шығарады |
Қалай оқу керектігін түсіну
| |
5. Жинақтау 5 минут | Электр өрісіне күнделікті тұрмыстан мысалдар келтір Бүгінгі сабақта бірінші естілген физикалық шаманы сипатта
| |||||
6. Бағалау
| Бағалау парағын толтыру | |||||
7. үй жұмысы | Тақырыпты оқып келу, 15-жаттығу 2-3 |