Байлық пен ақыл
Пәні: Әдебиеттік оқу | Сыныбы: 2-сынып | Уақыты: 14.10.2014ж |
Сабақтың тақырыбы | Байлық пен ақыл (Ертегі) | |
Сілтеме | «Әдебиеттік оқулық» оқулығы, «Атамұра»2013ж Авторы:Б.Т.Қабатай.С.Р.Рахметова. Әдебиеттік оқулық 2-сынып,ИТ. | |
Сабақтың мақсаты | «Байлық пен ақыл» мәтінінің мазмұнын ұғыну,түсіну,жан-жақты толық мағлұмат алу. | |
Күтілетін нәтиже | Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады,тақырыптың мазмұнын жетік түсінеді.логикалық ой-өрісі дамиды.Топтағы өзара оқытуды ұйымдастыру арқылы диалогтік әдісті ендіру.Оқушылар өз пікірін толық жеткізіп,өз ойларын жүйелі айтуды үйрету. | |
Түйінді идеялар | Байлықтың негізі-денсаулық.
| |
Ресурстар | Интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырмалар, түрлі түсті стикерлер, А3 пішімдегі парақтар, маркерлер, смайликтер | |
Қолданылатын модульдері | 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс) ,4- модуль АКТ пайдалану (электрондық оқулық), 2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(миға шабуыл), 3-модуль.Бағалау(рефлексия),постер дайындату,кластер әдісі. | |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
І.Ұйымдастыру кезеңі
| Мұғалім сабаққа жақсы қатысу керектігі жайлы балаларға ой тастайды. | Қиылған сөздерді құрастыру арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді, 1-топ:Жан –жануарлар ертегісі. 2-топ:Қиял-ғажайып ертегісі. 3-топ:Шыншыл ертегісі. |
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау | «Мозайка» әдісі бойынша сыныпты топқа бөлу .Үй тапсырмасы бойынша топтарға тапсырмаларды бөліп беру Кластер әдісі. | 1-топ:Жан-жануарлар туралы ертегілер. Мәтіннің мазмұнын өз шеберліктерімен көрсету. 2-топ:Қиял-ғажайып ертегілері. Арыстан сөзін жазып постер қорғату.
3-топ:Шыншыл ертегілер. Кесте бойынша жұмыс.
|
Сергіту сәті | Интернеттеге «Қара жорға» бейнеролигін көрсету | Бейнероликтеге кірпінің іс–қимылдарын әуенге сай қайталайды |
ІІІ. Жаңа сабақ.
| Оқулықтағы материалдарды бөлімдерге бөлу Миға шабуыл
| А. 1-топқа: Жан-жануарлар туралы ертегілер.Байлық деген не ,қалай түсінесіңдер? 2-топқа: Қиял-ғажайып ертегілері. « Денсаулық-зор байлық» дегенді қалай түсінесіңдер? 3-топқа: Шыншыл ертегілер. Байлық, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту. Ә. 1-топ:Жан-жануарлар туралы ертегілер. Рольге бөліп оқып сомдау. 2-топ: Қиял-ғажайып ертегілері.Ертегіні мазмұндау 3-топ: Шыншыл ертегілер. Сахналау.
|
V.Қорытындылау | «Байлық пен ақыл»ертегісі бойынша сұрақтар беріледі. | Балалар топпен ақылдаса отырып сұрақтарға жауап береді. |
Үйге тапсырма | Мазмұндау . Аңдар туралы мағлұмат жинап келу . | |
Бағалау | Жиынтық баға . Түстер арқылы бағалау. | Топтар бір-бірлерін бағалайды.
|
Кері байланыс | Стикерлерді үйлестіру арқылы | Рефлекция. Сабақ туралы ойлары мен ұсыныстарын жазады. |