Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
Сабақтың мақсаты: Энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заң ретінде түсіндіру. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.
Міндеттері :
- Механикалық энергияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, толық механикалық энергияның сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету.
- Оқушыларға дәлелдеуді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
- Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
- Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
- Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
- Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.
- Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Қамтылатын модульдер:
1- модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы,түсіндірмелі,практикалық,тірек-сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,
3- модуль –бағалау,
4 – модуль-АКТ пайдалану (слайдтар),
7- модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
- Үй тапсырмасын тексеру
- Топпен жұмыс
- рефлексия
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
- Ұйымдастыру
- Оқушының зейінін сабаққа аудару
- Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.
- Мәтінді тарату
- Деңгейлік тапсырма
I-Білу.Үй тапсырмасын тексеру үшін сәйкестендіру кестесін толтыру.
1- тапсырма.
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
1 | Дене импульсі
| А) күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі |
2 | Импульстің сақталу заңы | Ә) дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы |
3 | Дене импульсінің бірлігі
| Б) жылдамдық бағытымен сәйкес келеді |
4 | Күш импульсі | В) дене массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең |
5 | Дене импульсінің өзгерісі
| Г) күш векторының бағытымен сәйкес келеді |
6 | Дене импульсі векторының бағыты
| Ғ) өзгермейді(сақталады) |
7 | Күш импульсі бағыты
| Д) Ғ=ma |
8 | Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы | Ж) p1+p2= p1 ‘+p2 ‘ |
9 | Реактивті қозғалыс
| З) күш импульсіне тең |
10 | Ньютонның екінші заңын өрнектейтін формула | И) кг*м/с |
II-Түсіну. Сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісі қолданылды.
- Энергия-скалярлық, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама.
- Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы.
- Потенциялық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
- Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс.
- Дененің толық механикалық энергиясы.
- Толық механикалық энергияның сақталу заңы.
- Энергияның сақталу және айналу заңына сүйеніп жұмыстың физикалық мәнін түсіну.
III-Қолдану. Деңгейлік есептер шығару.
Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық
энергиясын анықтаңыз.
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?
Қатаңдығы 104Н/м 3см сығылғанда,оның потенциалдық энергиясы қанша
Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға б
болады?
20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж
болса,оның массасы:
Кинетикалық энергиясы Ек=250Дж және импульсі p=50кг*м/с дененің
массасы неге тең?
Бірінші автомобильдің массасы екіншісінен 18 есе артық,ал жылдамдағы 6 есе
кем. Олардың кинетикалық энергияларының қатынасы?
IV-Талдау. Шаманы таны.
1.Энергия.
2.Потенциалдық энергия
3.Кинетикалық энергия
4.Жұмыс
V-Синтез. Топтарға жекелеген тапсырмалар беріледі.
I- 5 жолды тұжырым.
II- Эссе
III- Венн диаграммасы
IV- Тірек-сызба құру.
Рефлексия
«Білім ағашы» тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру.
VI-Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды.
Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылады.
Үйге тапсырма. §22,23. 19жаттығу-5.