Байлық пен ақыл (ертегі)
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
№43 бастауыш мектептің мұғалімі
Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Қазақ ертегілері, оның ерекшеліктері, түрлері жөнінде оқушы танымын кеңейту.
Білімділігі: халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, байлық, сәндіктің боямасыз екенін, ақыл, қайрат, нұрлы жүректің мұқалмас мұрат екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Ой шақыра білуге, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ертегіні қорытындылауға, тірек сызбаның маңыздылығын таныту.
Тәрбиелігі: қазақ халқының, ұлттық мұрасы әкеден шаңырақтағы кенже ұлға тиесілі екенін ұғындыру.
Көрнекілігі: топтастыру сызбалары, ребус, тірек сызбалар. Ертегілер бойынша суреттер жиынтығы.
- Мақта қыз бен мысық.
- Дәуіт пен жылан
- Бауырсақ
Техникалық құрал: магнитафон, күйтаспа
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі
Типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау.
Көрініс: Жігіттің жақсысы.
Сабақтан күтілетін нәтижелер
- Ертегі мәтінін ұғыну.
- Халық ауыз әдебиетіндегі жанр түрлерін ажырату.
- Оқушы шығармашылығын дамыту.
Сабақтағы қолданылған стратегиялар
- Ой шақыру
- Сахналау
- Мағынаны тану
- Тірек сызбалармен жұмыс
- Топтастыру
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Психологиялық дайындық
а) Оқушыларды 3 ауылға бөлу.
І топ-Төле би ауылы
ІІ топ-Қазыбек би ауылы
ІІІ топ- Әйтеке би ауылы
Ә) Мұғалімдерден әділқазы сайлау
- Ой шақыру
Мұғалім: Сендер қатар бойынша 3 ауылға бөліндіңдер. Енді әр ауылдың билері топтарының атын қорғайды.
Төле би:
Бір бала әкесінен өтіп туады,
Бір бала әкесіне жетіп туады.
Бір бала кері кетіп туады.
Қазыбек би:
Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз.
Әйтеке би:
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін.
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушы: Әйтеке бидің айтқаны
«Жігіттің жақсысы»
Мұғалім: Кане, оқушылар үйге берілген мәтін бойынша, әр ауылдан бір оқушыдан шығып сахналайық.
ІІ. Мағынаны тану.
Осы тарауда қандай халықтың шығармашылығымен таныстық?
Мұғалім халық шығармаларын былайша топтастырамыз.
Мұғалім: Енді, балалар, ерте, ерте, ертеде деп не басталушы еді?
Оқушылар: Ертегі
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ертегі бойынша буклеттегі ертегінің кейіпкерлеріе атау. (Әр ауылдан қатысуын қадағалау).
ІV. Жаңа сабақ.
А) Кіріспе әңгіме. Ертегі- халық ауыз әдебиетінің атадан балаға ауызекі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі.
Түрлері:
| |||||||||||
| |||||||||||
| |||||||||||
- V. Ребус шешу.
«Байлық пен ақыл»
а) Дәптермен жұмыс. Күннің жадын, тақырыпты жазу.
ә) Түсіндірме. Ертегі –атадан балаға мирас болып келген әдеби жанр түрі. Бүгінгі ертегіміз шыншыл ертегі түріне жатады. Сызба арқылы түсіндіру.
Б) Сөздік жұмыс.
Әшекей-өрнек, сәнді ою.
Мұрагер-орын басушы, дүниеге ие болушы.
В) Оқулықпен жұмыс
Оқушылар тізбектей оқиды.
VІ. Толғаныс стратегиясы
Магнитафоннан сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді.
- Шалдың неше ұлы бар?
- Әкесі қандай сауал берді?
- Үлкен ұлдың жауабы.
Екінші ұлдың жауабы.
Үшінші ұлдың жауабы.
Кенже ұлдың жауабы.
VІІ. Қорытынды. Сендер қайтер едіңдер?
VІІІ. Үйге тапсырма: Байлық, ақыл туралы мақал- мәтел жинайсыңдар және өздерің ертегі құрап келу.
ІХ. Әділқазылар қорытындысы. Бағалау.
Марапаттау:
- Ашық сабаққа белсене қатысқаны үшін.
- Ой ұшқырлығын байқатқаны үшін.
- Тапқырлықтары мен шапшаңдығы үшін.
Сабақты аяқтау.