«Электр өрісі» тарауына сапалық есептер шығару Жалпылау сабағы

Сабақтың тақырыбы:  «Электр өрісі» тарауына сапалық есептер шығару .Жалпылау сабағы

Сабақ мақсаттары:

  1. Білімділік:  Оқушылардың «Электр өрісі» тарауынан алған теориялық білімді қорытындылау, сапалы есептер шығару арқылы тарауды меңгеру
    2. Тәрбиелік: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға,топтық жұмыс арқылы қарым-қатынас деңгейін дамыту .Оқушылардың өз ойын ашық айтуға және өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу
    3.Дамытушылық: Оқушыларды теориялық білімді практикамын ұштастыра отырып, өз бетінше жеке жұмыстар жүргізу қабілеттілігін, дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі:   топтық оқыту, жұптық жұмыс ,білімді тексеру және бағалау сабағы

Құралдар:  бағалау парағы, оқулық , таратпалар, докумет камера, интербелсенді тақта , султан, шыны таяқша ,қағаз,штатив

Әдіс-тәсілдер:  ойшақыру, топтастыру, еркін жауап, пікірін қорғау, топпен жұмыс

Оқыту нәтижесі:

  • Ой-өрісін қозғайды

—  теориялық білім практикамен ұштасады

  • өз бетінше жұмыс жасайды
  • Қорытынды жасай алды.

Сілтеме: физика оқулығы, есептер жинағы

 

Сабақ кезеңдеріУақытМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

2 мин

 

 

Мотивация кезеңі: Қызығушылықты ояту

—          Балалар көңіл- күйлерін қалай?

—          Ендеше, мен сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Осы арқылы сыныпқа психологиялық ахуал орнату.

1-4 ке дейін сандарды қолданып оқушыларды  төрт  топқа бөлу.

 

 Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады Мұғалім сандарды ретімен айтуы бойынша

оқушылар топқа бөлінеді.

Топтың бақылаушысын ,хатшысын ,тілшісін тағайындайды.

Білім

 

3 мин Эксперименттік көрсетілім: Шыны таяқшаны қағазға үйкеп , султанның  жапырақшаларына жақындатамыз.

Ортаға сұрақ : Не байқадыңдар?

Жауап:  жапырақшалары көтерілдІ.

Не себептен?

Жауап : Қағазға үйкелгеннен кейін шыны таяқша электрленді , электр өрісі пайда болды. Бүгінгі сабақта «Электр өрісі » тарауы бойынша  білімімізді толықтырамыз, қайталаймыз.

 

Тыңдайды,қабылдайды,ойлайды,сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ өз ойларын эксперименттің қорытындысы бойынша айтады..

Сабақтың тақырыбын ашады.

 

Түсіну10 мин«Есте сақта »

1.Ауызша төмендегі сұрақтарға жауап береді

I топ

А) денелердің электрлену қасиетін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

В) аттас және әр аттас зарядтар өзара қалай әсерлеседі?

II  топ

А)Электроскоп не үшін қажет?

В) электрөткізгіштер мен электр өткізбейтін заттарды ата

III топ

А) электр өрісі дегеніміз не?

В) электр өрісінің күш сызықтары және   бағыты

IV топ

А)конденсатор дегеніміз не?

В) конденсаторларды техникалық құрылғыларда не үшін қолданады?

2. Кестені толтыр

Физикалық

шаманың атауы

Физикалық

Шаманың

белгіленуі

Физикалық

шаманың

өлшем бірлігі

Электр заряды
Диэлектрлік өтімділік
Кернеулік
Кернеу
Жұмыс
Потенциалдар айырымы
Электр сыйымдылық

 

Кестені толтыр

Заңның және формуланың  аталуы

 

           өрнегі

 

Электр зарядының сақталу заңы

 

Кулон заңы
Электр өрісінің

кернеулігі

Нүктелік зарядтың электр өрісінің

Кернеулігі

 

Зарядтың орын ауыстыруы кезінде

атқарылатын жұмыс

 

Өткізгіштің электр сыйымдылығы

 

Екі өткізгіштің электр сыйымдылығы

 

 

 

Қолдану25минЕсептер шығару

I топ

1. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 0,2 мкКл зарядқа 0,15 Н күш әрекет етеді . Осы нүктедегі өрістің кернеулігін анықта.

II топ

1. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары 20 Кл және 30 Кл . Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?

III топ

1.Сыйымдылығы 3мкФ конденсаторға 4,4 *10-4 Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек ?

IV топ

1. 0,1 м қашықтықтағы 2,7*10-6 Кл нүктелік  зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар . Судың диэлектрлік өтімділігі 81-ге тең.

Оқушылар есептерді шығарады , талдайды , дәптерге жазады
Жинақтау

(синтездеу)

 

5 мин

 

 

 

 

Физикалық диктант : көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап

1.Оң зарядталған бөлшектер … болып саналады(протондар,электрондар,

атомдар)

2.Бір таңбалы заряды бар денелер

өзара …

(тебіледі,тартылады,әрекеттеспейді)

3.Теріс зарядталған бөлшектер … болып саналады

(протондар,электрондар,атомдар)

4.Көміртегі атомының ядросында 12 бөлшек бар, ядроның айналасында 6 электрон қозғалады.Осы атомның ядросында … протон бар.(12 ;18;6)

5.Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын … ашты.(Ш.Кулон, Г.Ом , А.Ампер)

6.Электронның массасы … тең

(9,1*10-31 кг-ға ; 9,1*10-13 кг-ға;

1,6*10-27 кг-ға)

7.Атом электрондарының біразын жоғалтса, онда мұндай күйде … ион деп аталады. (оң,теріс, оң және теріс)

8.Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі…(кинетикалық, потенциалдық ,электростатикалық)

 

Әр топтан бір оқушы шығып, жауаптарын айтады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

 

 

1минОқушылардың тиісті бағаларын қою. Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.

 

 

 

 

Тарауға байланысты тест тапсырмаларын құру

Әр топ көшбасшысы өз топ мүшелеріне баға береді.

 

 

 

 

Оқушылар күнделікке жазып алады .Күнделікке бағаларын қойғызады