«Ғалымдар аты өлмейді» атты кеші
«Ғалымдар аты өлмейді» атты кеші
І-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
ІІ-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар
Өкпе емес бізде бауыр бар
І- жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс жазы.
ІІ-жүргізуші: Көренмендер аманба?
Отырған анау ойланып.
Екеуі бірігіп; Бәріңізге бір сәлем.
І-жүргізуші: Онда кешті бастайық.
ІІ-жүргізуші: Екеуміз асып саспайық
І-жүргізуші: Сөз кезегін келесі
ІІ-жүргізуші: Жұмбақтарға тастайық
І-жүргізуші: Кеште өздеріне арналған ғалымдар шықсын қасқайып.
ІІ-жүргізуші: 1. Итальян ғалымы,
Инерцияны ашыпты
Оны білген балалар
Залдан жүруден қашыпты
Кім олды екен бұл ғалым? Г.Галелей.
І-жүргізуші: Құрағанын бөлшектеп,
Заттарды ерте ұққанды.
Болжамын тәжірибе арқылы
Тек дәлелдеп шықпады.
Қай ғалым еді балалар,
Кім бар ойлап таба алар? (Архимед)
ІІ-жүргізуші: Формуласы күрделі
Есептен жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген өлшем бірлігін. Д.Джоуль
І-жүргізуші: Тоқ күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманың
Ғалым атына теңеді. (Герог Ом.)
Жүргізушілер: Сонымен кешіміздің тақырыбы
Бірігіп«Ғалымдар аты өлмейді»
І-жүргізуші: Кешіміздің бағдарламасында:
І-тур. Мақал – мәтелдердің нақты физикалық мағынасын ашу.
ІІ-тур.Ақындар шықсын айтысқа…
Механика мен электр айтысын тамашалайсыздар.
ІІІ-тур. Викториналық сұрақтар.
І-тур.Мақал – мәтелдердің нақты физикалық мағынасын ашу.
І-жүргізуші: Түйені жел қозғаса,
Ешкіні аспанан ізде. (қозғалыс, тербеліс)
ІІ-жүргізуші: Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. (күш)
І-жүргізуші: Ай мен күн ауыысты
Тәулікті тауысты. (Жердің өз өсімен айналуы)
ІІ-жүргізуші: Ай жарығы әлемге
Күн жарығы төменге (жарық сәулесі.)
І-жүргізуші: От жанды жылытады
Жылы сөз тәнді жылытады. (Энергия)
ІІ-жүргізуші: Мақал – мәтелдер сайысының жеңімпазын ортаға шақырамыз.
Сізге деген сыйлығымыз әзіралдыңа келер кәзір. Музыкалық үзіліс.
Халық әні «Маусымжан»
І-тур.Ақындар шықсын айтысқа…
Айтысып тер төкпесе,қазақ, қазақ болама.
Механика мен Электр мырзаларын ортаға шақырамыз.
Механика: Ассалаумағалейкум, электрім,
Немене болып кеткен сенің түрің
Төленбей дер кезінде еңбек ақың,
Бейшара халге түсті – ау, әрбір күнің.
Электр: Механикам аман ба?
Тап болған мына заманға,
Өзіңе ешкім көз салмай,
Көңілің сенің алаң ба?
Механика: Неменеге алаңдайын бала батыр
Өзендер арасында ағып жатыр.
Қадірімді сен менің білмей кетсең,
Сөзсіз – ау болатыны заман ақыр.
Электр: Қорқытпағын сен мені,
Заман ақыр сөзімен.
Энергия халық алуда,
Электрдің көзінен.
Механика: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр,
Электрмен жарықтанып дала жатыр.
Кей кезде ашуланып долданумен,
Шығарасың тіпті от сатыр – сатыр.
Электр: Физикада басқалар,
Өзіңменен теңбеді?
Салыстырып өзгемен
Мойындағын сен мені.
Мақсатымыз емес ғой,
Механикамен электрдің
Бірін – бірін женгені.
Осымен доғарайық!
І-жүргізуші:
Кәне қазылар алқасы ақындардың бағасын беріңіз.
ІІІ-тур. Викториналық сұрақтар.
Келесі кезекті векториналық сұрақтарға берейік.
- Дүниедегі ең жүйрік не? (ой – қиял)
- Көзіңмен көресің,бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)
3.Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады. (Аспалы сағат)
4.Егер түггі сағат 12 – де даңбыр жауса 72 сағаттан соң күн ашылып
шуақ түсе ме? (Жоқ.Түнгі мезгіл)
5.Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
6.Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады.
(Шеңбер тәрізді траектория)
Кешті қорытындылау:
Кешке қатысқан жақсы нәтежие көрсеткен , қатысқан оқушыларды
марапаттау.