Кембридж тәсілімен оқыту тәжірибие және ізденіс

Кембридж тәсілімен оқыту тәжірибие және ізденіс

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. Қазіргі кезде білім алу барысында жоғарғы білім сапасын қамтамасыз ету үшін өмірге көптеген жаңа оқыту технологиялары келуде.

Білім беру технологиясы – бұл: Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу, (И.П. Волков), өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М. Шепель). Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени — әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр.Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген  және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.
Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағы өзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе.
Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі.            Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс – әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірбиемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру.
Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде. Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр. Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.

Соңғы уақытта пайдаланылып жүрген технологиялардың бірі: Кембридж тәсілімен  оқыту. Егер дәстүрлі оқытуда оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, осы әдісте белсенді қызыметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе репродуктивті әдістер қолданылған  (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, т.б)

Кембридж тәсілімен оқытуда оқытудың жеті модульін (Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, ақпаратты компьютерлік технология, көшбасшылық және басқару, диалогтік оқыту және оқу, жас ерекшеліктері, формативті бағалау) қолдана отырып оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. САбақта проблемалық оқыту іске асырылады. Мысалы: жағдайатты шешу, балаға ой тастау, «миға шабуыл», дебаттар, т.б. Мұғалім сабақта бағыттаушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-юағдар беріп тұрады. Негізгі көңіл әр оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөлінеді. Осы әдісті қолдануда топтық жұмыс негізгі ролді атқарады. Бұл оқыту әдістемесінде индивидуалды және топтық оқыту

түрлері негіз болып табылады. Топтық оқытудың негізгі мқсаты – оқушыларды шағын бірлескен топтағы жұмысқа тарту. Қажетті жағдайды оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т.б бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.

Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады. Әр оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіншілік беріледі.  Оқытудың бұл түрінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс өзін-өзі сыйлау қасиеттеріне ынталандыру.

Өз іс — тәжірибемде кембридж тәсілімен оқытуды қолданып жүрмін. Осы әдіс бойынша 11-сыныпта өткізілен сабақтардың физикадан орта және қысқа мерзімді жоспар үлгілерін ұсынамын.

 

1.Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары2. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер3. Физика пәнін үйренудегі кедергілерді жеңу4.Оқып-үйренудің нәтижесі5. Үйрену мақсатындағы бағаны қоса, бағалауБәрін қоса есептегендеНегізгі дереккөздер
 Тараудың тақырыбы:

Айнымалы тоқ. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну

      
1Сабақтың тақырыбы: Айнымалы тоқ тізбегіндегі сыйымдылық және индуктивтілік кедергіТоптық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлау

Акт

Өзін-өзі реттеу тәсілі

 Топпен тиімді жұмыс жасау Топтық қарым-қатынасты бақылау

Оқушылардың белсенділігін анықтау

Сыныпта болып жатқан өзгерісті анықтау

 

Формативті бағалау(оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, қолдау көрсету) жиынтық бағалау.Топтық жұмыста ұйымшылдықтарын көрсетті

Кері байланыс парағы арқылы оқушылардың осы сабаққа қызығушылықтарының артқаны көрінді.

Физика пәнінен әдістемелік құрал

11-сынып оқулығы

 

2Сабақтың тақырыбы:Айнымалы тоқ тізбегіндегі қуатДиалогтық тәсіл

Өзін-өзі реттеу тәсілі Бірлескен оқу

Сыни тұрғыдан ойлау

Акт

 Мәселелік жағдай туғызуСыныпта не болып жатқанын анықтау

Ұжымдық қарым қатынасты бақылау

Оқушы белсенділігін анықтау

Формативті бағалау(оқушылардың критерийлер бойынша. өзін-өзі, өзара бағалау, топ басшысының бағалауы, мадақтау)  Жиынтық бағалау.Бірінші топта, кейін жеке-жеке орындау барысында да сол критериді сақтады және бірін бірі бағалаулары да нақты бола бастады. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін топпен «Кім жылдам» ойыны арқылы тексерілдіФизика пәнінен әдістемелік құрал, интернет ресурстары,

11-сынып оқулығы

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Айнымалы тоқ генераторы. ТрансформаторДиалогтық тәсіл

Жұптық жұмыс

Өзін-өзі реттеу тәсілі Сыни тұрғыдан ойлау

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

 Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қоюТоппен жұмыс жасай  білу

Берілген есепке формуланың  қажеттісін қолдана білу, өз ойын еркін айта білу

Формативті бағалау(критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ басшысының, мұғалімнің бағалауы)  Жиынтық бағалауТоптық, жұптық жұмыста оқушылар өз білімдерін көрсете алды. Ментальды карта жасауда, деңгейлік тапсырмаларды орындауда өздерінің шығармашылықпен жұмыс жасағаны білініп тұрды.Физика пәнінен әдіст. құрал,

11-сынып оқулығы, Физика және астрономия журналы

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясын өндіру және жеткізуПікір талас

Өзін-өзі реттеу тәсілі

Сыни тұрғыдан ойлау

Акт

Ақылдың алты қалпағы

 Тапсырмаларда жүйелі түрде, деңгейлеп құрастыруӨз ойын еркін айта білу, Ойлау қабілеті артып, ойларын дәлелдеуге  үйренді Қойылған сұрақ бойынша өз бетінше іздене алу, шығармашылыққа, өзіндік үлгісін жасай алуФормативті бағалау(критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ басшысының бағалауы)  Жиынтық бағалау

 

Олар алдыңғы сабақтарға қарағанда біршама төселіп қалғандары байқалды. «Білімге жету парағы» арқылы оқушылар өзін-өзі бағалады, пікір талас және ақылдың алты қалпағы кезеңдерінде оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді,  одан қаншалықты тақырыпты меңгергендері көрініп тұрды.Физика пәнінен әдістемелік құрал, интернет ресурстары,

11-сынып оқулығы