Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары.
Сабақтың тақырыбы: Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары.
Сабақтың мақсаты: 1. Күннің жылдық қозғалысы, зодиак шоқжұлдыздары, эклиптика және күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері туралы, күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Танымдық қызметтерін және қызығушылығын дамыту.
- Алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге,
қойылған сұрақтарға ізденімпаздықпен жауап бере білуге,
шығармашылықпен жұмыстана білуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі. Сұрақ-жауап. Ойын элементтері ассоциациялық
карта «Еркін баяндау» стратегиясы.
Көрнекілігі: Сызбалар, конферт, шоқжұлдыздар атаулары, 39-сурет СТО
технологиялары
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
- Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қорғау» немесе «Қызығушылықты
ояту» кезеңі
Үй тапсырмасын тексеруде «Еркін баяндау» стратегиясын қолдана
отырып, таңдаған планеталары туралы әңгімелеу.
Сонымен бірге «Топтастыру стратегиясы» негізінде ассоциациялық карта толтырады.
Күнді эллипстік орбиталар бойымен қозғалады |
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатури, Уран, Нептун |
«қыдырма», шырақ |
ПЛАНЕТА |
Күнді жүйесін құрайды |
8 |
- Жаңа сабақ түсіндіру. «Ойды іске асыру» немесе «Мағынаны ажырату» кезеңі.
- Эклиптика туралы түсінік.
Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы.
- Зодиак шоқжұлдыздары . 12-шоқжұлдыз. (38 сурет және шоқжұлдыздың фотосуреттері
арқылы түсіндіру)
- Зодиак белдеуі – осы шоқжұлдыздардың жиыны.
- Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері (21 –наурыз-Балықтар
шоқжұлдызында, 23-қыркүйек – Таразы шоқжұлдызында өтеді.)
- Жазғы және қысқы Күн тоқырау күні.
22-шілде-ең ұзақ күн – жазғы Күн тоқырау.
22-желтоқсан-ең қысқа күн-қысқы Күн тоқырау.
- Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары геоцентрлік жүйе.
(грекше – жер ) 39 – сурет.
- Күн жүйесінің құрылысы. (Күн және планеталар, серіктері)
- Төменгі және жоғарғы планеталар
ПЛАНЕТА
ТӨМЕНГІ ЖОҒАРҒЫ
Меркурий, Шолпан Марс, Юпитер, Сатурн,
Уран, Нептун
Жер орбитасының ішкі Жер орбитасының сыртқы
жағында орналасқан жағында орналасқан
- Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
Ай |
Күн маңындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.
- Қорытындылау немесе «Ой толғаныс» кезеңі
- Сабақты бекіту мақсатында «Мәреге жет» ойыны ойналады.
Қандай планеталар алып планеталар болып саналады? |
Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады? |
Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай күн? |
Төменгі планеталарға қандай планеталар жатады? |
Жоғарғы планеталарға қандай планеталар жатады? Олардың бұлай аталуы себебі не? |
Шын мәнінде Күн Эклиптика бойымен қозғала ма? |
Зодиак шоқжұлдыздар нешеу және олар қалай аталады? |
Жер |
Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді? Ол қандай жүйе д.а. |
Эклиптика деп нені айтады? |
- Шығармашылық кезең.
- Жұмбақтар шешу. Физикалық пошта арқылы «Шешілмеген құпия» атты хат келіп тұр. Соны ашып орындап көрейік. Ең көп жұмбақ шешкен оқушыға «Күн» өзінің сәлемдемесін жолдапты.
а) Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
б) Шетін көргенмен,
Қусаң жете алмайсың. (көкжиек)
в) Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды (Ай мен жұлдыз)
г) Тақиям толған сөк
Таңертең тұрсам жоқ (жұлдыз)
д) Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербеледі,
Кейде бүркер алма жүзін
Ұлпа мақта перделер (Күн)
д) Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде орта, кейде толы сар тегене.
Тұнық пенен майдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты құсқа төре (Алты қаз – Үркер, жеті қарақшы,
бір бөдене – Шолпан, аққу — Күн)
ж) Жабық астында жарты көлше (Жарты ай)
- Оқушылар өздерінің шоқжұлдыздары туралы әңгімелеу.
- Үйге тапсырма: § 19,20. Ертегі құрастыру.
- Бағалау.