Бағасы. Саны. Құны

Математика   3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Саны. Құны

Сабақтың мақсаты:

Жаңа есеп түрін шығару дағдысын ,бағасы,саны,құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру;

Пәндік нәтиже:

8-бен 9-ға көбейту және бөлу кестесі туралы білімдері бекиді; есептеу

дағдылары жетіледі;

Сабақтың көрнекілігі: слайд,суреттер,оқулық,заттар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже: бағасы,саны,құнын табуға берілген есептерді шығара білу;

Тұлғалық нәтижеСалмақтау және саралау, өзіндік пікір қалыптастыру, өзінің пікірін қабылдай білу мәдениетіне баулу;

Жүйелі ісрекет нәтижесіПроблемалық сұрақтардың шешімін табу мақсатындағы шығармашылық жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу;

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қонақтар келгенде                                             Күшімізді саламыз.

Ізетпен қарсы аламыз.                                       Маңыз беріп оқимыз

Терең білім аламыз.                                      Математика сабағын!

II.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 4тапсырма

5
4
6
7
8
9
3
2

6 ∙      < 42        5∙      < 40        4 ∙      < 32            ∙   3 > 25

 

 

 

III.Қызығушылықты ояту  

 Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.

 «Оқы да біл,ойна да күл!»  ойын : «Ғажайып сәт»

5∙2        7∙4       90-45     80:2      50+25     8*4         150-60     67+15     36+32    9:3      4∙3     

100-44   5*6       21:3      66+30    100-23    35+35      5*5        24:4            9*2      5:5     6*6    

1030407580
328456890
1236567896

«Ғажайып 5-тік», «Ғажайып ондық»,  «Ғажайып сәт»

«Ғажайып сәт» ойынының жеңімпазын құттықтау.(марапаттау қағазын ұсыну)

-Балалар , бүгінгі сабағымызда ғажайып сәттерге толы.Себебі сабағымыздың өзі үш тақырыптан құралған. Яғни , «Ғажайып үштік» деп те атауға болады. (слайд)

-Оқулықтың 113-ші бетін ашып бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен таныс болайық. Бағасы. Саны. Құны. Мұғалім оқушылардың «баға, «саны», «құн» деген тұрмыстық ұғымдарын анықтайды. Осы ұғымдарға есептер құрастырылады.

-Бұл тақырып сөздері сіздердің естеріңізге нені түсіреді? Бұл сөздерді қай кездерде қолданамыз.

-Дүкенге барған кезде.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. «Қақпаға доп соқ» ойыны арқылы ұпай жинайды.

 

IV .Мағынаны тану «Тез ойла!»  «Дүкенде» ойыны.  Дүкенші тағайындау.

№1 тапсырма.

50 теңгеге не сатып ала аласың? (50 теңгелеріне ұйымдастырылған дүкеннен зат сатып алады.)

  1. «Ізденген жетер мұратқа» Бағасы. Құны. Саны. кестесі үлестіріледі. Сол кесте арқылы әр топ тұжырым жасап ереже құрастырады.

№2 тапсырма.

1-топ  «Алғырлар»

Әрқайсысы 5 теңге тұратын 4 кәмпит (6,7,8 кәмпит) сатып алсаң,қанша ақша төлеу керек?

Кестені қара және оны дәптеріңе толтыр.

Сатып алынған заттың құнын білу үшін ,заттың бағасын оның санына көбейту керек. Қ=БхС

№3 тапсырма.

2-топ  «Білімділер»

Егер сатып алынған затқа 24,32,40,48 теңге төленген болса,бағасы 8 теңгеден неше кәмпит сатып алынған?

Дәптеріңе кестені толтыр.

Сатып алынған заттың санын білу үшін,оның құнын заттың бағасына бөлу керек.С=Қ:Б

№4 тапсырма.

3 – топ   «Тапқырлар»

Егер 4 кәмпитке 20,28,36,32 теңге төленсе,1 кәмпиттің бағасы қанша?

Заттың бағасын білу үшін,оның құнын санына бөлу керек.Б=Қ:С

V.Бекіту. Практикалық жұмыс ұйымдастыру.

Мысалы,әрқайсысында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса сатып алынды.Бірдей  бірнеше затты сатып алған жағдайда бағасы сонша рет қайталанады.

Бір заттың бағасы қанша?

Сен нешеу сатып алдың?

Барлық сатып алынған затқа неше теңге төледің?

Сен оны қандай амалмен білдің?

Неге көбейтумен орындадың?

№5 тапсырма.Кесте бойынша есептер құрастыр және шығар.

БағасыСаныҚұны
9 теңге3 дана? теңге
5 теңге? дана30 теңге
? теңге6 дана48 теңге

 

VI.Өткен материалмен жұмыс.»Кім жылдам»

№6 Баған түрінде есепте. Есептеулеріңді тексер.

№7 Тіктөртбұрыш сызу.Перимерін табу.

VII. Жаңа сабақты бекіту

1 — топ Құн белгісіз болған жағдайда қалай табамыз. (баға мен санды көбейтеміз)

2 — топ. Баға белгісіз болған жағдайда қалай табамыз (Құнды санға бөлеміз)

3 — топ. Сан белгісіз болғанда ше? (Құнды бағаға бөлеміз)

— Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

— Не қызықты болды?

VIII.Үйге тапсырма.

№6,

(2,3 баған),8 тапсырма.

  1. Бағалау. Топты бағалау, қай топ жеңгенін анықтау. Жеңген топты мадақтау. Оқушыларды өз деңгейлеріне қарай бағалау.

 

 

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Асан ауылы

Асан жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш  сынып мұғалімі Оспанова Салтанат Хайрушқызы